ІІІ топ

Изображение Алматы облысы

Панфилов ауданы

Жаркент қаласы

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

математика пәнінің мұғалімі

Абылханова Құндыз Амангелдіқызы

Кембридж тәсілі бойынша өткен іс- тәжірибемнен.

Мен осы курста оқытудың жаңа тәсілімен танысып, тәжірибемде қолдандым. Тәжірибе барысында осы жеті модуль бойынша бұрынғы дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттім. Осы мақсатты алға қойып, мектептегі өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Осы сабақтар арқылы оқушылар неге үйренді? Пікірлесуді, есептерді талдауды, нәтижені салыстыруды, өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыруды үйренді. Өзін-өзі, бірін-бірі, топтық бағалауды меңгерді. Тапсырмаларды жұптасып, топтасып орындау дағдысы жетілді. Ой қабілеттері дамыды. Өзара достықта, ынтымақтастықта болды. Қызығушылықтары артты. Оқушыларды дамытуға арналған тапсырмалар арқылы мынадай жетістіктерге жетті. Белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етті, шығармашыл болды. Осы өзгерістерді өз оқушыларымның бойынан таптым деп айта аламын.

« Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын», - деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн. Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.

19. 10. 2012
Геометрия
8-сынып
4-сабақ 10 35 -11 20
19. 10. 2012:

Сабақтың

тақырыбы:

Геометрия: Төртбұрыштар тарауын қайталау
19. 10. 2012: Жалпы мақсаттары:
Геометрия: Оқушылардың төртбұрыштар туралы білімдерін кеңейту. Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру
19. 10. 2012: Сілтеме:
Геометрия:
  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
  2. «Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә. Н. Шыныбеков/
  3. 8-сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы

/ авторлары Ә. Н. Шыныбеков/

19. 10. 2012: Оқу нәтижесі:
Геометрия: Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді.
19. 10. 2012: Негізгі идеялар:
Геометрия: Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру. Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.
19. 10. 2012: Сабақта қолданылатын материалдар:
Геометрия:
  1. 8-сыныптарға арналған төртбұрыштар жиынтығы.
  2. Төртбұрыштар /плакат/
  3. Проектор
19. 10. 2012: Оқыту әдістері:
Геометрия:

Интерактивті оқыту әдістері

СТО, ОүБ, Блум таксономиясы

8-сынып:
  1. Топтық жұмыс
  2. Жеке жұмыс
  3. Жұптық жұмыс.
  4. Сыныппен жұмыс.
19. 10. 2012: Дерек көздері:
Геометрия: Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар.
19. 10. 2012: Тапсырмалар:
Геометрия:

«Геометрия» оқулығы бойынша берілген 42-47 есептер

Логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, сөзжұмбақ шешу.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Психологиялық ахуал /2 мин/

- Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар.

Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріндер: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.

Блум таксономиясы бойынша:

Ойлау деңгейі
Мұғалім тапсырмалары
Оқушы іс-әрекеті
Ойлау деңгейі:

Білу

/7 мин/

Мұғалім тапсырмалары:
  1. Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу

(, , , )

2) Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау

Оқушы іс-әрекеті:

Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды

Топ мүшелері тапсырманы қорғайды

Ойлау деңгейі:

Түсіну

/5 мин/

Мұғалім тапсырмалары:

Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі

1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады.
2) Параллелограмның қарама-қарсы…тең болады.
3) Тік төртбұрыштың …тең.
4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5) Барлық қабырғалары тең…квадрат деп аталады.
6) Трапецияның …табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.

Оқушы іс-әрекеті: Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді.
Ойлау деңгейі:

Қолдану

/5 мин/

Мұғалім тапсырмалары:

Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.

№1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см.

№2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабы: 62 см
№3. Ромбының бір бұрышы 50 0 -қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап. Жауабы: 50 0 , 130 0 , 130 0
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең? Жауабы: 10 см

Оқушы іс-әрекеті: Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді
Ойлау деңгейі:

Сергіту сәті

/3 мин/

Мұғалім тапсырмалары:

Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.

Оқушы іс-әрекеті: Үшбұрыштардан өз топтарына қатысты фигура шығарады. Барлық топ мүшелері бірігіп орындайды
Ойлау деңгейі:

Талдау

/5 мин/

Мұғалім тапсырмалары:

№1. Квадраттың периметрі 3, 2 см. Қабырғасын тап
№2. Трапецияның орта сызығы 7 см. Табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табанын табыңдар.
№3. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15 м. Екінші қабырғасы 2, 5 м қысқа. Қабырғаларын тап.

№4 Трапецияның табандарының қатынасы 2:3, орта сызығы 24 дм. Табандарын табыңдар.

Оқушы іс-әрекеті: Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді.
Ойлау деңгейі:

Жинақтау

/7 мин/

Мұғалім тапсырмалары:

І топ. «Параллелограмм»
Төртбұрыштар туралы өлең шығару
ІІ топ. «Ромб»
Төртбұрышты фигураларды пайдаланып сурет салу.
ІІІ топ. «Трапеция»
Сөзжұмбақ құрастыру.

IV топ «Квадрат»

«Сиқырлы шаршы» Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты 3 см неше квадратқа бөлуге болады.

Оқушы іс-әрекеті: Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді.
Ойлау деңгейі:

Бағалау

/5 мин/

Мұғалім тапсырмалары: 1. + (иә) және - (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек.
Оқушы іс-әрекеті: Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын үй тапсырмасы, тест, топтық, зерттеушілік жұмыстары бойынша өзі бағалайды.
Ойлау

Ұқсас жұмыстар
Сын есім 417 -421 жаттығу
..+4: ....-4 і есептері
Алтын орда
Химиялық элементтің периодтық
Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы
Аталық гүлдің вегетативті мүшесі
Ұлттық киімдер. 7 сынып
Мәдіхат төрежанов «қолғабыс» әңгімесі
Нағыз адам. әдебиеттік оқу, 3-сынып
Сандарды жуықтау және арифметикалық ортасын табу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz