Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік

Сабақтың тақырыбы: <<Ұлт мақтанышы - Президент>>
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға еліміздің тұңғыш Президенті, халықтың қалаулысы, ұлт мақтанышы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы толық мағлұматтар беру. Өмірбаяны мен еңбек жолдары, жеткен жетістіктері мен ұлағаттылығын оқушылардың ойына ұғындыру.
Сабақтың түрі: баяндама, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
<< Біз тәуелсіздікке аңсап,зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек>>

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы туралы баяндама.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.
1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған <<Қазақстан - 2030>> даму стратегиясы, елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.
Елбасының еңбектері
Абай туралы сөз.1995 жыл.
Әділеттің ақ жолы: Өмірбаян өткелдері,ой-толғау,бағыт-бағдар...1991 жыл.
Бейбітшілік кіндігі.2001 жыл.
Ғасырлар тоғысында.1996 жыл,2003 жыл.
Жүз жылға татитын он жыл.2001 жыл.
Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы: ел Президентінің Қазақстан халқына жолдау.1997 жыл.
Қазақстан-Ресей қатынастары.1999 жыл.
Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде.1993 жыл.
Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.1997 жыл.
Қалың елім,қазағым.1998 жыл.
Реформаларды түбегейлендіру,жалпыұлттық келісім арқылы жаңарған Қазақстанға.1994 жыл.
Сындарлы он жыл.2003 жыл.
Тарих толқынында.1999 жыл,2003 жыл.
Бейбітшілік кіндігі.2001 жыл.
Өзекжарды ойлар.2000 жыл,2003 жыл.
Еуразия жүрегінде.2005 жыл.
Нық сеніммен болашаққа.2000 жыл.
Тәуелсіздік белестері.2003 жыл.Туған елім тірегім.2001 жыл.

Қорытынды. Сонымен оқушылар біз бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен, балалық шағымен таныстық. Тек қана Қазақстан үшін емес әлем үшінде өз атынан біршама еңбектер жасағанын көрдік. Бір сөзбен айтқанда Елбасымыз - ұлы тұлға. Ұлт мақтанышы екенін білдік.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ел тарихы ертеңге керек
Тәуелсіз Қазақстан Қазақ тіліне тән дыбыстар
Рәміз - елдікті, тәуелсіздікті білдіретін белгі
Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік
Отан анам-Отаным
Ұлты ұлықтаған Елбасы
Ауған үкіметі
Ер есімі- ел есінде
Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні
В в дыбысы мен әрпі
Пәндер