5 А сыныпқа арналған ашық сабақ: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары


Ашық сабақ

Пәні: Информатика

Күні: 19. 12. 2014 ж.

Сыныбы: 5 “А”

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы : Графикалық редакторының сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторының сурет салу құралдарымен және олардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, компьютерде Paint редакторының құрал - саймандарымен сурет салуды үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, суретті кестелер, бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма беру

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Графикалық редактор дегеніміз не?
  • “Paint ” сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
  • Графикалық редактор бізге не үшін қажет?
  • Расторлық бейнелер неден тұрады?
  • Paint редакторын қалай іске қосамыз?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылар екі топқа бөлініп түстер бойынша тақырыптар таңдайды.

Тапсырма1-2.jpg Тапсырма1-1.jpg

Таңдалған түстер бойынша сәйкестендіру кестесін толтырып, оны қорғайды (7 минутта аяқтаулары қажет) .

Әр топқа техникалық диктант таратылады, оны орындап, талдайды.

Сергіту сәті: Бауырсақ

Тапсырмалармен жұмыс

1 - тапсырма

Оқушылар өз қалауы бойынша суреттердін біреуін, Paint редакторында салады және салынған сурет ішіне текст енгізеді.

2 - тапсырма

Шыршаның суретін салып, оның бірнеше көшірмесін шығарады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

Үйге тапсырма: Paint графиктік редакторының құралдарын жаттау.

Рефлексия (Флешка, диск, дискета суреттерін қолдану арқылы өз ойларын білдіреді) .


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz