5-сынып қазақ тілі сабағы: Тарихи сөздер - анықтамасы, түрлері және жаттығулар

Сыныбы 5 "г"

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Тарихи сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: тарихи сөздер, олардың тіліміздегі қолданыстан шығып қалуы туралы теориялық түсінік беру.
  2. Дамутышылық: оқушылардың сөздік қорларын дамыту. Жаттығулар мәтін арқылы, дағды машықтарын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: оқушыларды өз халқының салт дәстүрін, тарихтың тілін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жеке оқушылармен жүмыс, оқушылардың өздеріне берілген жұмыс.

Көрнекілігі: Хандардың суреті, атауларға

байланысты жазулар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу. Мақсатын айту. Топ

бойынша отырады.

Үй жұмысын тексеру: Оқушыларға сұрақ қою. Бұрынғы өтіп кеткен тақырыптар жайлы еске түсіру.

Үлестірме қағаздар арқылы тапсырма беру.

Ең алдымен оқушыларға үн таспаны-тыңдату.

Мінеки, балалар осы үн таспадан естіген мәтіннің ішінен қандай көнерген сөз естідіңдер. Кәне, айта қойыңыз!

Оқушылар өткен сабақта көнерген сөздер жайлы өттік. Олар үлкен екі топқа бөлінеді дедік. Біз соның Архаизмдермен таныстық. Енді бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырбы: Тарихи сөздер - қоғам, заманның өзгеруіне қарай қолданыстан шыққан, өз дәуірімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздер - аты айтып тұрғандай, тарихи жағдайларға қатысты айтылған тарихи - қоғамдық атаулар Олар бірнеше атаулар түрлеріне бөлінеді.

1. Ел билеу, басқаруға қатысты атаулар: Хан, би, тақсыр, уәзір, құл, күң.

2. Қару - жарақ аттары: айбалта, сауын, кіреуке, қалқан, оқшантай, жақ.

3. Кеңес өкіметі кезінде қолданыған сөздер: отарба, қызыл отау, қосшы, уәкіл, совдеп.

Тақтада ханның суреті ілінеді. Бір оқүшы тұрып хандар жайында айту.

Келесі граматикалық тапсырма. 4 - Топқа 4 тапсырма.

1. Фонетикалық талдау. «Садақ».

2. Синонимді табу «Әдемі».

3. Антонимді табу. Батыр

4. Сөйлем мүшесіне талдау. Оқушылар мектепке ата - аналармен келді.

Қорытынды бағалау, сұрақ - жауап арқылы білімдерін тексеру.

Қазақ тарихында қандай көнерген сөздермен таныстық, олардың түрлері қандай?

Оқушыларды бағалау.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасын беру.

160 - жаттығу. Өз қалауларын бойынша шешендік сөздер мен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен (ертегілерден, мақал -мәтелдерден, жұмбақтардан, жаңылтпаштардан) көнерген Сөздерді тауып жазу. Олардың қай түріне жататынын ажырата білу.

162-жаттығу.

Наурыз, айы мерекелеріне қатысты қолданылатын тілек мәтіндегі сөздерді тауып жазамыз.

Жазғандарында көнерген сөз кездесті ме? Кездессе, мағынасын аңықтандар. Тарихи сөздер туралы анықтаманы білу.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып қазақ тілі сабағы: Біріккен сөздер - анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
5-сынып қазақ тілі сабағы: Көнерген сөздер - түрлері мен қолданылуы
5-сынып қазақ тілі сабағы: Жаңа сөздер, неологизмдер және архаизмдер
5-сынып қазақ тілі сабағы: Антонимдерді қайталау және жаттығулар
4а сыныптың қазақ тілі ашық сабағы: Қос сөздер (54-59 жаттығулар)
Антонимдер: анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
8-сынып қазақ тілі: Баяндауыштың анықтамасы және түрлері
Біріккен сөздер: анықтамасы, түрлері және сабақ жоспары
Қос сөздер: анықтамасы, түрлері және жазылу ерекшеліктері
8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сын есім - анықтамасы, шырайлары және жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz