Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шет тілін оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып оқыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылы
Әлшеров Ержан Әбдіхалықұлы
Баяндаманың тақырыбы: <<Шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту>>.
Мектебі: << Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп>>
Қазіргі әлемдік ауқымда қайта құрулар, жедел ақпараттану, жаңа стратегиялық бағдарлану, экономикалық саладағы түбегейлі өзгерістер заманы адамзат қоғамы алдына аса күрделі міндеттер қойып отыр. Өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда ұлттық білім беру жүйесінің де жаңа талаптарға сай бейімделуі, жаңа реформалық қайта құруларға ашық болуы табиғи құбылыс. Бүгінгі күні қалың жұртшылық назарына ұсынылып, бүкілхалықтық талқылау жүріп жатқан <<Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы>> - осындай заман талабынан, обьективті себептерден туындаған дүние.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдында 12 - жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін білім берудің сапасын көтеру міндеті қойылып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай білім берудің сапасын арттыру жолдары тиімді қарастырылуда. Қазақстандық жас ұрпақтың білуі тиіс үшінші тілі - ағылшын тілі. Мұғалімнің мақсаты - дербес мемлекетіміздің жаңа адамын, қоғамның белсенді, білімді мүшесін, әлемдік стандартқа сай білім ала алатын ұрпақты тәрбиелеу.
Қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуде жаңа технологияларды меңгере отырып оқыту - заман талабы. Оқушыларды оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқытуда біз үлкен жетістікке жетеміз. Ол үшін біз алдымен оқушылармен жұмыс жасауда әр оқушының неге қабілетті, қай нәрсені тиімді пайдалана алады, нендей нәрсеге сүйене алады, қай нәрсеге қызығушылығы басым екенін анықтап, саралап алуымыз қажет. Анықтап, саралап алғаннан кейін оқушылардың жақсы жақтарын, өзіндік қабілеттеріне қарай жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушының мүмкіндіктерін онан ары қарай дамуына күш салар болсақ, онда біз оқушылардың дамуына өз септігімізді тигіземіз. Шет тілін оқытуда оқушылардың назарын, қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, интернет, тыңдап түсіну, визуалды т.б. қолдана отырып оқытудың оқушылар үшін маңызы зор және оқушылардың сабаққа, оқуға, білімге деген қызығушылықтары оянады, интернеттен өздеріне қажетті көп мағлұматтарды ала отырып өз білімдерін жетілдіреді. Осы орайда мен Кембридж бағдарламасы бойынша жеті модуль негізінде қалай оқу керектігін үйрету әдістемесі негізінде алған білімімді іс-тәжірибеммен ұштастыра отырып оқушыларға шет тілін оқытуда сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып оқушылардың бойындағы білімділік, біліктілік қабілеттерін қалыптастыруда оқушылармен бірлесіп жұмыстар жасадық. Шет тіліп оқытуда оқушыларды мейлінше ашық сұрақтар қоюға тырыстым, оқушылардың сын тұрғысынан ойлан ойлау дағдысын қалыптастыруда БЛУМ таксономиясы бойынша сұрақтарды қою - оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруда өз септігін тигізеді.
Дәстүрлі сабақ бойынша біз <<Айзбергтің>> бетін ғана яғни, тақырып бойынша 30 % -н ғана меңгертетін болсақ жаңа технологияны қолдана отырып өтуде біз <<Айзбергті>> толық ала аламыз, яғни кең көлемде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Кембридж әдіс-тәсілдерін қолдана отырып блум таксонимиясы бойынша ашық сұрақтар қою, тірек сызбаларды қолдану, кестелерді толтыру, <<екі жұлдыз, бір үміт>> бойынша оқушылардың тақырып бойынша екі білетін нәрсесі және бір білгісі келетін нәрсесі туралы ойын айта алуы, әңгіме-дебат, диалог, монолог, <<джигсо>> стратегиясын қолдана отырып рольдік ойындар ұйымдастыру арқылы талантты және дарынды балаларды анықтау, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту және дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәтін бойынша тесттік сауалнамалар пайдалану және өз бетінше білім алуын қалыптастыруда біздің міндетіміз дұрыс бағыт бағдар беру. Сабақты бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын құру - оқушылардың жұмысқа бірлесе араласуына кепілдік береді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Бір-бірінің бойынан ұқсастықтар табу және ол туралы айту, ақ параққа алақан суретін салып оған өз есімін жазып топтағы басқа оқушылармен алмасу және бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазу, жақсы тілектер жазу да оқушылардың ынтымақтастығын арттырады, өзіне деген сенім пайда болып, білімге деген құлшынысы артады. Бірсарынды сабақ оқушыларды жалықтырады, ол үшін оқушыларды топтастырып топқа бөліп өтудің де маңызы зор. Оқушыларды топтастыруда әр-түрлі әдістерді қолданып отырса, ол да оқушының сабаққа деген белсенділігін арттырады. Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар өз бойларындағы бұрын байқала бермейтін қабілеттерін шыңдап жетілдіреді және дарындылық, көшбасшылық, сөйлеу мәнері, бірлесіп жұмыс жасау, бір-біріне кеңес беру, тыңдау, қателіктері болса оны түзеу секілді кеңестерін беріп отырады. Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап ментальді картаға өз ойларын түсіріп отырады және өз ойларына сыни көзқараспен қарауға дағдыланады.топтан кезекпен бір оқушыдан шығып әр тапсырма барысында қорғап отырады. Мұнда оқушылар өздерінің осы кезге дейін түсініп келген ой пікірлеріне басқалардың ой пікірлерін тыңдай отырып өз қателіктері болса оны түсініп, кемшіліктерін түзейді және өзгерістер жасайды. Алғашқыда кейбір оқушыларда өз ойларын ортаға салуда аздаған қиындықтар туды, дегенмен уақыт өте келе кемшіліктерін түзеп дарындылық, сөйлеу мәнерін қалыптастырып <<шынықсаң - шымыр боларсың>> демекші өз-өздерін жігерлендіріп, дағды қалыптастырып, өзіндік ой-пікірлерін айтып отырды. <<Болат қайнауда шынығады, батыр - майданда шынығады>> демекші күнделі сан қилы тапсырмалар орындау барысында оқушылар әр түрлі қырларынан көріне бастағанын байқадым. Тақырыпқа байланысты оқушыларды топтастыруда сурет қиындысы арқылы бөлу және сол сурет бойынша шағын мәтін құрау, ол туралы топ болып айту, мақал-мәтел, жыл мезгілдері арқылы бөлу және ол туралы айту, сұрақты аралау арқылы яғни, сөз қиындысы арқылы бөлу, сол арқылы топқа бөлініп сол сұраққа жауап беру, түстер арқылы, санау арқылы, етістіктің үш формасы арқылы, сын есімнің шырайлары арқылы, шартты рай т.б. қолдана отырып топтастыру - тақырыпты терең меңгеруіне ықпал жасайды, өзінің білмегенін басқалардан үйренеді, өзінің білгенін өзгелерге үйретеді, топта әр қайсысы өз үлестерін қосады. Әр сабақтың соңында қорытынды бөлімге кері байланыс жасау <<не білдім>>, <<не үйрендім>>, не білгім келеді деп сұрақ қою арқылы сабақта түсінген материалын жетілдіріп отыру, кері байланыс жасау - оқушының алған білімін тереңдете түседі. <<Қайталау - білім анасы>> дейді, ендеше, кері байланыс жасау - ол оқушының сабақты терең, жан-жақсы меңгеруіне, көкжиегін арттыруға көмектеседі. Әр баланың өзінің даму аймағы болады. Тақырыпты ұсынып бағыт-бағдар берген соң ментальді карта толтыру, яғни тақырып туралы не білетіндерін топ болып ортаға салып кең көлемде талқылау - оқушылардың көкжиегін арттырып білімділік-біліктілік қабілеттерін де арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. Мектептегі шет тілі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz