Кушан патшалығы: Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және мәдени дамуы

№13. Сабақтың тақырыбы: Кушан патшалығы

Сабақтың мақсаты:

  • Кушан патшалығының Орталық Азиядағы көптеген елдер мен мемлекеттердің саяси және мәдени дамуында үлкен рөл атқарғанын баяндау.
  • Көшпелілердің саяси-экономикалық дамуы және Орта Азиядағы халықтар мәдениетінің астасуы туралытүсіндіру.
  • Көшпелілер өркениеті туралы баяндай отырып, ежелгі заманға бабалар мұрасына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, диолог.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жаздыру, оқушыларды жаңа тақырыпты түсінуге бейімдеу.

Сабақ жоспары:

  • Кушан патшалығының саяси дамуы
  • Экономикалық қатынастар
  • Мәдениеті

Ең алдымен Кушан патшалығының Азияның орталық бөлігінің ғана емес, бүкіл ежелгі дүниенің дамуындаөзіндік рөл атқарғанын, ірі мемлекет болғанын ерекше атап өтемін. Пәндік атлас бойынша орналасқан жерін көрсетіп, Рим және Қытай империяларымен салыстарамын. Кушан патшалығы алғаш ежелгі Бактрия жерінде қалыптасып, кейіннен Шығыс Түркістанды, Үндістанның солтүстік бөлігін, Хорезм жерін біріктірген ірі мемлекет құрылды. Оның алғашқы билеушілерінің бірі-Қатпыз.

Құдіретті Кушан мемлекетін құрған және дамытқан оның солтүстік-шығысынан-қазіргі қазақ жерінен келген көшпелілер болғанын баса сипаттаймын. Әсіресе көшпелілер сәулетті сарайлар мен күрделі суару жүйелерін салып, құрғақ, бос жатқан жерлерді жасыл бақ, егістік алқаптарына айналдырғанына ерекше тоқталып, Ұлы Жібек жолының Кушан жері арқылы өтетін тармағы туралы да баяндаймын. Кушандықтардың қалалары мен бекіністері туралы айтқанда архелогтар зерттеуі негізінде алынған төмендегідей мәліметтерді айта кетуге болады. Кушан патшалығының қалалары тік бұрышты көшелері бар, бекіністі болып келді. Қолдан құйылған үлкен кірпіштерден тұрғызылған бекініс дуалдарға алғашында төрт бұрышты, кейіннен бұрышсыз мұнаралар тұрғызылды.

Кушандық кезеңдегі бекініс үлгісі ретінде Хорезмдегі топырақ-қала бекінісін атауға болады. Бұл бекініс жеті ғасыр- б. з. б. І ғасырдан б. з. VII ғ. дейін сақталған. Бекініс кірпіштен тұрғызылған дуалмен қоршалған. Қазба барысында археологтар ІІІ-ІV ғасырларға тән сарайдың орнын тапты.

Археологтар жүргізген қазба жұмыстары Орта Азия халықтарының кушандық кезеңде жергілікті дәстүрлерді дамытумен қатар, үнді, парсы, грек-македон мәдениетінің озық үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін жаңа сатыға көтергенін көрсетеді. Мәдениет мәселелері туралы айтқанда оқушылардан зороастризм жөнінде сұрай отырып, олардың жауаптарын жаңа мәліметтермен толықтырамын. Үнді мемлекеті тарихын оқығанда бұл мәселеге толығырақ тоқталатындарын да ескертемін.

Кушандықтардың мүсін және бейнелеу өнері туралы айтқан кезде баса көңіл бөлетін мәселе-кушандық шеберлер құдайларды, мифтік кейіпкерлерді емес, адамдарды- патша мен оның туыстарын бейнелегіні. Жеңімпаз Қанышке храмы сарайы туралы айтқанда оқулық авторының жас ұрпақ бойында өз ата-бабаларының сонау ерте замандағы тамаша жетістіктеріне деген мақтаныш, әрі патриоттық сезім отын тұтатуға тырысқандығы байқалады. Бұл идеяның сабақты қорытуға да арқау етемін.

Үйге тапсырма:§16

Бұл мәселеде тарихи байланыстылық пен сабақтастық ұғымын тиянақтау, бекіту мақсатында біраз шаралар жасаймын. Яғни Бактрия мен Кушан мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы сұрақтар, тест т. б.

http://history. ucoz. co. uk/ сайтынан алынған


Ұқсас жұмыстар
Орталық Азиядағы жаратылыстану ғылымдарының дамуы және ертедегі халық астрономиясы (7-сынып, ашық сабақ)
Эфталиттер: Ортағасырлық Орталық Азиядағы феодалдық қатынастар мен ыдырау себептері
Соғыстан кейінгі Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы: мәдени жетістіктер және саяси қысым
XVІ-XVІІ ғасырдың бірінші жартысы: Испания, Нидерланды және Италияның саяси-экономикалық дамуы
Ашық сабақ-конференция: Біздің Елбасы Н. Ә. Назарбаев - өмірі, саяси-экономикалық және мәдени реформалары
Бейнеу ауданының тарихи-мәдени мұрасы мен тәуелсіздік кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстанның XVIII ғасырдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуы: қайталау-жинақтау сабағы
9-сынып: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, республиканың құрылуы және партиялық-саяси дамуы
XVII-XVIII ғасырлардағы Иран және 1914-1945 жылдардағы Иран мен Ауғанстанның саяси-экономикалық дамуы
XI-XV ғғ. Испаниядағы арабтармен күрес және реконкиста; Италияның қала-мемлекеттері мен саяси-экономикалық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz