Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"Компьютерлік ойындардың зияны"






Мектепшілік ата-аналар жиналысы,
баяндама
<<Компьютерлік ойындардың зияны>>










Әлеуметтік педагог
Таукенов Ринат
<<Зырян қаласының № 9 орта
мектебі>> КММ.














Зырян қаласы, 2012-2013 оқу жылы

Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне <<Витязь>> журналистік тергеу мен құқықтық ақпарат агенттігінің редакторы А.Н.Боковтан өтініш келіп түсті. Өтініш беруші жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық пен балалардың өз-өздеріне қол жұмсауының бір себебі қатігез компьютерлік ойындардың әсерінен екендігінен айта отырып, оқушылармен өткізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша дайындалған есепті және облыстық психоневрологиялық диспансердің жауабын жолдаған. Департамент өз тарапынан компьютерлік ойындардың балалардың жүйкесіне тигізетін оң және теріс әсерлері жайлы әрқашан мәселе көтеріп келеді. Бұл мәселе бірнеше рет кәмелетке толмағандардың істері бойынша ведомоствааралық коммисия жұмысында талқыланып, аудандық, қалалық әкімдіктерге, білім басқармасына, санитарлық-эпидемалогиялық қадағалау департаментіне ұсыныстар берілген. Егер 2009 жылы облыста 58 компьютерлік клуб болса, биыл оның саны біршама азайып 50-52 болып отыр. Компьютерлік клубтар әсіресе, Өскемен, Семей қалаларында шоғырланған. Ал, біздің қаламыз бойынша компьютерік клубтар тіркелмеген.
Қазіргі өмір аясында жасы кәмелетке толмағандар компьютерлік ойындар мен автомат-ойындар ойнайтын орындарға жиі барады.
Ғалым-зерттеуші А.Сидорованың 12-14 жастағы жасөспірімдерден тұратын 2 топқа компьютерлік ойынның әсерін білу үшін жүргізілген эксперимент нәтижесін талдау оған келесі шешімді жасауға мүмкіндік береді:
1. Компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясына әсері барысында тітіркену, сезіктену, ойыншы тарапынан жағымсыз көріну секілді сезім артады.
2. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдер балаларға тән кішігірім бұзақылықта немесе жеңіліске ұшырауда өздерін айыпты санайды.
3. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдерде айнала қоршаған өмірге теріс қарау пайда болады (жақындармен ұрысу, айқайлау, басқаларды кемсіту)
4. Мұндай жасөспірімдер тек үстем-үстем сөйлеп қана қоймай, денеге зақым келтіру әрекетін де қолданады. Мұндай әрекеттерді ойын барысында ұтқандар мен ұтылғандарды бақылай отырып аңғаруға болады. Жасөспірімдер айқайлайды, қасындағы заттарды лақтырады, сындырады, дүлейді айналасындағыларға шығарады.
Компьютерлік ойындармен ұзақ ойнаған сәтте жасөспірімдер ойын әсерінен ұзақ мерзімге дейін айыға алмай, тұрып қалады, яғни ойынды аяқтаса да жасөспірімдер біршама уақыт қиялдан айыға алмайды (психологиясына орай ойынның қиялы шеңберінен шығу мерзімі әртүрлі). Сонымен ғылым-зерттеуші А.Сидорова компьютерлік ойынның жасөспірімдер қияңқылығын қалыптастыруға тікелей әсер етеді деген тұжырымға келеді. Ол зерттеу барысында Бассе-Доркенің психологиялық әдісін, П.Ковалевтік "Қияңқы тәртіп" және "Жеке қияңқылық" әдістемелерін басшылыққа алып отыр.
Компьютерлік ойындар мазмұнын талдау барысында оның 50%-ң зорлық-зомбылық актілерінен тұратыны анықталады:
* Компьютер залына келушілерге (негізінен олар жасөспірімдер, жасы18-ге дейінгі жастар) жеткілікті компьютерлік ойындардың барлығы дерлік қылмысқа, қияли жағдайға және спортқа бағытталған интерактивті әрекетке арналған;
* Компьютерлік ойындар тақырыбының 17,24%-ы (87-нің 15-і) ешқандай зорлықты дәріптемейді. Бұл ойындар денінен спорт тақырыбына арналған;
* Компьютерлік ойындардың 55,17%-ы (87-нің 48-і) интерактивті көрініс әртүрлі адам өлтіруді енгізген("Doom", "Young Blood", "Final doom" т.б,);
* Компьютерлік ойындардың 39,08 % - ы (87-нің 31-і) интерактивті төбелес көрінісіне негізделген: <> <> және т.б.
* Компьютерлік ойындардың 35,63%-ы (87-нің 31-і) интерактивті алапат көрінісін суреттейді(<> , <> және т.б.).
* Компьютерлік ойындардың 82,75% -ы күш көрсетудің ең болмағанда 1 түрін қамтиды. Көптеген ойындарда күш көрсету бірнеше түрде, яғни төбелес, кісі өлімі, зорлау, алапат және т.б., көрініс береді.
Зорлық-зомбылыққа негізделген компьютерлік ойындардың жасөспірімдер түйсігіне әсері проблемасын біржақты қарастыруға болмайды. Зорлық-зомбылық элементі бар компьютерлік ойындарды ойнау және өмірде күш көрсету - әртүрлі жайт. Бірақ зорлық-зомбылыққа ойын арқылы интерактивті қосылу оны әдетке айналдырады, аяныш білдіру, толғану, мүсіркеу және т.б. сезімдері ысырылады. Өмірде олар үшін адамды тапаншамен немесе автоматпен атып тастау, электроарамен кесіп жіберу, бомбамен бірнеше бөлікке бөліп тастау түк емес болып көрінеді.
Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ол біздің ақылды, сүйкімді, қайырымды досымыз бола алады. Компьютер- бұл бірнеше түрлі денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екенін дәлелдеді.
Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады. Ол монитор экранынан зарядталған ағымдағы сәулелер бөлшектерін тарату кезінде пайда болады. Электромагниттік аумақ әсерінен шаң және аэрозолдық бөлшектері бетке, мойынға, қолға қонуын туғызады, сондықтан бұнын әсерінен сезімтал адамдарда аллергия, терінің құрғаушылығы пайда болады. Электромагниттік аумақ ауаның ион қабатына әсер етеді. Монитордың кинескоп бетінде жағымды заряд пайда болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады.
Баяндамаға дайындалмас бұрын 4 - 9 cынып оқушыларынан әртүрлі тақырыпта сауалнамалар алдым. Мысалы:
Мектеп оқушыларына қойылған сұрақтар:
1. Қандай компьютер ойындарын ойнайсың?
2.Сүйіп ойнайтың ойындарын қандай?
3.Ол ойындардың сенінше жетістігі неде?
4.Ойындарда жеңген немесе жеңілген кезде қандай көңіл күйде боласың?
5.Ойын авторлары туралы не білесің?
6.Осы ойындар саған қалай әсер етеді?
7.Осы ойындар арқылы қару-жарақтың қандай түрлері бар екенін білдің?
8.Сенінше ойындағы қаталдық сенін мінезіне әсер етпей ме?
9.Бойындағы ашу-ызаң ойын арқылы сыртқа шыға ма?
10.Қай ойынның кейіпкеріне еліктегің келеді?
11.Ойындағы адам азаптау, кісі өлімін, кісіні өлтіргенде өзіңді қалай сезінесің?
12.Ойындарды қай жердең аласың?
13. Компьютердің алдында қауіпсіздік ережелерін сақтайсын ба?
14. Компьютермен жұмыс істегенде көзге, денеге жаттығу жасайсын ба?
15. оқушылардың қаншасының үйінде компьютермен жабдықталған?
Мен оқушыларға қойған сұрақтар ішіндегі ең маңыздыларына ғана тоқтала кетейін. Мысалы: Компьютерлік ойындарды ойнайсыз ба? Деген сұрақта, Мұнда біздің мектептің 4-9 сынып аралығындағы оқушылардан (187 оқушы - 59 %), сонымен қатар мұғалімдер мен басқа мамандық өкілдері (13 адам) сұралды.
Кесте № 1.

Осы диаграммадан сұрағандардың (40 %) көбі үйде компьютерлік ойындарды ойнайтыны анықталды. Бұл жерде ұлдарда, қыздарда компьютерлік ойындарға тәуелді болып барады.
Осы сұрақтан кейін, мен біздің мектеп медбикесіне келесі сұрақты қойдым: оқушылардың қаншасының көру қабілеттілігі нашарлады? (1 кестені қара) Компьютерлендірудің бірінші жылынан бастап ақ, компьютерлік ойындарға құмарлықтарға артқан сайын, компьютер дисплейімен жұмыс істеген пайдаланушыда спецификалық көз талу пайда болды, басқалай оны <<Көздің компьютерлік синдромы>> деп атайды. Оның пайда болуының себебі бірнеше және эволюцияның милиондаған жыл бұрын адамның көру жүйесі қалыптасқан, яғни жарық әсерінен (табиғат, сурет, баспа мәтіндері және т.б) объектілерді қабылдау үшін бейімделген. Дисплейдегі көздің үйреншікті бақылау объектісінен арнайы жекеленген нүктелердің пикселінен тұрады, (нүктелер белгілі бір тазалықпен жанып өшеді) бұлдырайды, табиғи түстерге сәйкес келмейді.
Компьютермен ұзақ үздіксіз жұмыс істеу кезінде, бір ойынды қайта-қайта ойнаудан, ойнау барысында ызаланып, ренжіп, ашулануда адам психикасына зақым келтіріп отырды және көздің қажетті демалу фазасы болмайды, олар шаршайды және жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Көру мүшесіне үлкен күш ақпаратты енгізу кезінде, сондай-ақ пайдаланушы экраннан мәтінге, клавиатураға үнемі қарау қажеттілігінен, әр түрлі ара қашықтықта және жарықта болғанда өткізеді. Ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып, майда әріптерді, сандарды оқуға, ойлануға тура келеді. Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербілестері де оған әсер етеді. Компьютерлік көру синдром белгісі көрудің төмендеуі, жақын заттардың алыстауы фоксировкасының ақырындауы және керісінше заттардың екеу болып көрінуі, оқу кезіндегі тез шаршау, көздің қышу сезімі, қабаққа құм тығылғындай сезіну, көздің қызаруы, көздің қозғалуы кезінде көз алмасы мен шекенің ауырсынуы байқалады. Компьютерлік көру синдромы қолданушыларда экран алдында үздіксіз екі сағаттан кейін, көпшілігі төрт сағаттан кейін және барлығында алты сағаттан кейін алғашқы белгілері байқалады. Экраннан ақпаратты оқу оны енгізуге қарағанда қиынырақ болады.

1.1 кесте
Оқу жылы
Оқушы саны
2010-2011
20
2011-2012
40

Бұл кестеде жыл сайын көру қабілеті төмен балалардың саны көбеюде.
Сонымен компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан - оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ, өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.
Және де... Тағы бір фактор- нервтік-эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. 4-9 cынып оқушыларынан компьютерлік ойындармен ойнау диаграммасына тоқталсам:
Тестілеуге қатысқан сыныптар: 2011-2012 оқу жылы
4 А-4 Б сыныбы:
Барлығы 37 оқушы. Тестілеуге 34 оқушы қатысты.
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 78 %
Ойын ойнамайтындар саны- 22 %
5 А-5 Б сыныбы: Барлығы 46 оқушы. Тестілеуге 45 оқушы қатысты.
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 69 %
Ойын ойнамайтындар саны-41%
6 а-6 б сыныбы: Барлығы 34 оқушы. Тестілеуге 33 оқушы қатысты
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 91 %
Ойын ойнамайтындар саны-9 %
7 А сыныбы: Барлығы 25 оқушы. Тестілеуге 23 оқушы қатысты.
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 93 %
Ойын ойнамайтындар саны-7 %
8 А сыныбы: Барлығы 23 оқушы. Тестілеуге 23 оқушы қатысты.
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 80 %
Ойын ойнамайтындар саны- 20 %
9 А сыныбы: Барлығы 15 оқушы. Тестілеуге 13 оқушы қатысты.
Тестілеу қорытындысы: Ойын ойнайтындар саны- 75%
Ойын ойнамайтындар саны- 25 %


Компьютерлік ойындардың әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Оның ішіндегі ең сорақысы қадағалаусыз қалған балалардың компьютерлік ойындар арқылы атыс шабыс, ойындарын үйреніп ертеңгі күні өзімізге қолданып, қиындық туғызатын оқушылардың қатарын толықтырғанда ғана ата-аналарымыз санын соғып қалады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады, нерв жүйелеріне әсер етіп ойын барысындағы жеңілген кездерін сыртқа шығару мақсатында, сол ойынның жетегінде жүріп эмоцияларына ерік беріп, күш көрсетеуі мүмкін
Ойын барысында ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанантын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтадың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілеттін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.
Сондықтан келесі сұрақты қойдым: Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба? Диаграмма бойынша келесі нәтижелер жақсы көрінеді.
Кесте 2

Сонымен қатар жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек. Кеңселерде тек қана жылыту құрылғылары ғана емес, сонымен қатар ауаны алмастыратын жүйелер немесе тиімді жел айдағыш жабдықтармен қамтылады. Қабырға мен төбе жылтыр және беті жылтырамайтын шынылар болуы керек-бұл көздің шаршамауын және жұмыстан көңілін аударады. Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.
Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6 м2, ал көлемі 20 м3 құрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.
Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады. Басты тура иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.

Өкінішті, мен келесі сұрақ қойып мынадай нәтиже алдым: көпшілігінде арнайы столдар мен орындықтары жоқ, яғни адамның бұлшық еті мен арқасының әр түрлі қисайуына әкелуі мүмкін.
Қанша уақыт оқушы, мұғалім және басқалар компьютерде өткізеді? Мамандармен белгіленген уақыты сақтала ма? Келесі нәтиже мені көңілдендіреді, негізгі (57%) компьютермен бір сағаттан аз (тек қана сабақта) айналысады және компьтермен жұмыс нормасын жақсы біледі (65%).


Сонымен қатар, балалар бір оқу жылы мерзімінде қанша уақыт компьютерде отыратындығын көруге тырыстым. Яғни қазіргі қоғамды дамыту маңызды роль, ақпараттандыру екені анық. Білімді ақпараттандыру және жүріп жатыр, мүнда әр мұғалім өзінің сабағында ақпарттық технологияларды ауыстырып, компьютерлерді қолданады.
Біздің мектепте оқу бөлмелерінің жақсы компьютеризациясы болып жатыр:

р/с
Атауы
2010 жылы
2011 жылы
1
Компьютер
69
70
2
Интерактивті тақта
7
8
3
Видеопроекторлар
10
11

Сөзсіз, әр мұғалім сабақта ақпараттық технологияны, сабақты түрлендіріп компьютерді, экранды, видеопроекторды қолдануға тырысады. Бұл әрине, жақсы! Бірақ мен бір күнде оқушылардың 2-3 сабақ бірінен кейін бірі компьютерде отыруынан, яғни мектеп оқушыларының денсаулығына көп әсер ететінін таптым.
Менің зерттеулерімнен, бақылауымнан кейін келесі шешімге келдім:
1.Көптеген оқушылардың көру қабілеті төмендейді.
2.ЭЕМ-да жұмыс нормасын түгелдей дерлік қолданушылар біле бермейді.
3.Көзге және қол үшін арналған жаттығуларды ДК-де жұмыс жасағанда, үзіліс жасауды сирек орындайды.
4. Оқушылардың көбінің үйінде арнайы компьютерлік үстел мен орындықтары жоқ
5.Сабақта компьютерді қолданудың, көбеюінде дәлелі (оқушылар қатарынан 2-3 сабақ жұмыс істей алмайды).

Мен оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет деп санаймын:
1. компьютерлік ойындарды ойнауды, азайтып, шаршауды болдырмау үшін көзге арналған жаттығулар (офтальмотренаж) жасау қажет.
2. Жұмыс орны ыңғайлы,оқушы жасына сай реттелген сапалы бағдарламаларды қолдану қажет.
3. Қамтамасыз ету бағдарламасында арнайы бағдарлама болуын, сергіту сәтін, динамикалық үзіліс жасау кестесін құру керек.
4. Компьютермен жұмыс нормасын міндетті түрде сақталуын оқушыларға қажеттендіру.
Осы жұмыс нәтижелері зерттелген проблемаларды толық ашуға бәсекелеспейді. Сондықтан осы бағытта ары қарай оқу мен зерттеу өткізу қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мектептегі оқушылардың компьютерлік ойындарды ойнау дәрежесін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Осы сауалнама нәтижесінде оқушылардың сана-сезімінің қаншалықты шетелдік ойндармен уланып жатқанын аңғаруға болады. Қойылған сұрақтар нәтижесінде мектеп оқушылары 40 % компьютерлік ойындарды ойнайды. Сонда қай уақытта сабақ оқиды? Балалар ата-аналарының бақылауында бола ма? Сондықтан да қазақстанның болашақ ұрпағы, компьютерді мұндай ойындарға емес, білім жағынан қолдана білу керек. Зорлық-зомбылықты және мейірімсіздікті насихаттауда <>, << Pastal >> және осы секілді компьютерлік ойындар ерекше алаңдаушылық тудыруда, олардың әркелкі сюжеті өрт құшағындағы адамды, соққыға жығылған жүргіншіні сүреттейді және басқа да жантүршігерлік сюжетті алға тартады. <<Генералдар>> - бүгінгі күнгі танымал компьютерлік ойын, ол АҚШ, Қытай және ГАО - ның террористік құрылымдарын сипаттайды. Оқиға Қазақстанға ауысып, шетелдік армия Байқоңырға шабуыл жасайды, су қоймасын қопарады, нысанаға Қазақстанның астанасы түседі.
Бейнеойындар рыногын реттеуде Орал, Алматы, Астана қалаларында оң тәжірибе қалыптасқан, мысалы, балаларға арналған компьютерлік ойын ойнаудың тәртібі жасалған, онда балалар аса қатыгез ойындарға жіберілмейді. Көптеген елдерде компьютерлік ойындарға жас мөлшеріне қарай шектеу қойылған. Қытайда Сети оиындарына шектеу бар, Ресейде тұтынушы пайдаланатын ойында ескерту көрсетілген. Атап айтқанда, ойын барысында психикалық аурумен ауыратындар ойынға еліктеп, ауруын қоздырып алатыны ескертілген. АҚШ-та ойынды сату барысында рейтинг қарастырылған , мысалы, << М >> тобының өнімі, тек үлкендерге арналған ойындар жасы кәмелетке толмағандарға сатылмайды. Сол сияқты осындай шараларды қолданып, осы тақырыптарға сынып сағаттарын өткізіп, теледидарға жарнамалар беріп және компьютерлік ойындарды қолдана білуді қамтамасыз етеміз.
Сондықтан да балалар ата-аналарының бақылауында болып, ұстаздар тарапынан жаңа технологиялардың пайдасы қанша көп болса да, зияны да соншалықты көп екенін әрқашан түсіндіре отыру керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен мейірімсіздікті насихаттайтын өнімдерді таратуды мониторингілеу мен бақылау жасау, ондай фактілерді болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар

Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары.

Қазақстан Республикасы бала құқықтары саласының заңнамалық базасы .

<<Бала құқықтары және Қазақстан Республикасының заңнамалары

Ұқсас жұмыстар
Сабақты ұйымдастыру
Компьютер тобының мүшесі Альбина сөз кезегі сізде
Ақпараттық мәдениет дегеніміз не
Компьютер ойындарының бала психикасына әсері
Компьютерлік вирустардың зияны
Көзге зиян
Компьютердің пайдасы мен зияны
Векторлық графика
Оқушылар компьютерлік желі
Интернеттің пайдасы мен зияны тақырыбында пікірталастыруды ұсыну
Пәндер