6-сыныпта жергілікті жердің жоспары тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық әрекетін дамыту

Таным әрекетін дамыту.

Берденова Бағдагүл

Сәкен орта мектебінің

география пәні мұғалімі

Оқуышыларға білім беруде оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдістерінің бірі - көрнекілік болып табылса, оны сарамандық жұмыс түрлеріне қарай қолдану сабақтың танымдық құндылығын арттыратыны сөзсіз. Географиялық тілі - карта, әр сабақта к артамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 6 - сыныпта «Жергілікті жердің планы» тақырыбына сәйкес өткізілген деңгейлік тапсырманың I - нұсқалық үлгісін ұсынып отырмын. Жұмысты орындауда негізгі көңіл бөлетін тұстары:

  • Абсолюттік, салыстырма биіктіктер;
  • Картадан биіктік, тереңдік шкаласын білуі;
  • Жергілікті жер планынан жер бедерінің бейнеленуі.

I деңгей:

  1. Мына ұғымдарға анықтама беріңдер:

а) Абсалют және салыстырма биіктік

ә) горизонтальдар, бергштрих

  1. Картадан ойпатта орналасқан кез келген қаланы көрсет.
  2. 430с. е арқылы Еуразияның батыстан шығысқа қарай ойша саяхат жүргізсең, жер бедерінің қандай түрлерін кездестірер едің?

II деңгей:

  1. Абсолют биіктігін анықтаңдар: Амазонка ойпаты, Тибет, Альпі, Лабрадор түбегі, Жаңа Квинея аралы.
  2. Абсолют тереңдігін анықтаңдар: Балтық, Жапон, Каспий теңіздері.
  3. Қара және Беринг теңіздеріне салыстырмалы сипаттама бер.
  4. Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Американың ең биік нүктелерін анықта.
  5. Осы биік нүктелердің координаттарын табыңдар.

III деңгей:

  1. Қай қала теңіз деңгейінен биікте орналасқан: Бразилиа және Буэнос - Айрес, Вашингтон және Мехико, Тегеран және Дели, Париж және Лондон.
  2. Көлдер орналасқан территориялардың абсолюттік биіктігін салыстыр: Чад және Эри, Виктория және жоғарғы көл, Титикака және Эйр, Ниагра және Виктория сарқырамасы.
  3. Қай теңізде су мөлшерінің көптігін анықта: Қара және Балтық, Охот және Беринг, Баренц және Шығыс Сібір.
  4. Қай өзеннің ағыс жыдамдығы көбірек? Кубань, Индигирка, Сырдария, Инд. Неліктен?
  5. Егер дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 м көтерілсе, онда Коммунизм шыңы, Ключи шоқысы, Эльбрус тауының биіктігінде қандай өзгеріс болар еді?

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды қолдана отырып оқушылардың оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекетін дамыту
Зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту: коучинг сессиясының жоспары
География сабағында оқушылардың танымдық әрекетін дамыту: әдістемелік қағидалар мен тәжірибелік тәсілдер
6-сынып қазақ тілі: Етістік тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
9-сынып биологиясында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру: Үшөлшемді әдістемелік жүйені қолдану (Органогенез тақырыбы)
Информатика пәнінде дарынды оқушылардың зерттеушілік әрекетін дамыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
5-сынып географиясы: жергілікті жердің түсірілім тәсілдері мен жоспарларын құрастыру
Бастауыш сыныпта шығармашылық арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту тәсілдері
6-сынып Қазақ әдебиеті: Ә.Тәжібаев Толағайы бойынша деңгейлік тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz