9-сынып (қыздар) үшін 100 м жүгіру техникасы мен жаттығулары: әдістемелік сабақ жоспары

Пәні: дене тәрбиесі Сыныбы: 9 Ә (қыздар) Күні: 11. 04. 2014ж.

Сабақ тақырыбы: 100 м жүгіру. Жеңіл атлетика жаттығулары

Сабақ мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту арқылы денсаулығын

сақтау және 100 м жүгіру тәсілдерін үйрету және жетілдіру, шапшаңдық,

төзімділік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ міндеттері: 1. Дененің дұрыс дамуымен денсаулықтың нығаюына қолғабысын тигізу;

2. Қимылдық, икемділік дағдыларды қалыптастыру;

3. Дене мәдениетті бойынша білімін күнделікті өмірде қолдану.

Сабаққа қажетті құралдар: ысқырық, секундомер, проектор, сөре қалыбы

Сабақтың өтілетін орны: спортзал және спорт алаңы

Бөлімдер
Сабақ барысы
Уақыты

Әдістемелік

нұсқау

Бөлімдер:

Дайындық

бөлімі

12

минут

Сабақ барысы:

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу.

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

-Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

-Екі қол белде өкшемен жүру.

-Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

-Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

-Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

-Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

-Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

-Екі қол тізеде толық отырып жүгіру.

-Отырып секіре жүру.

-Дем алу, дем шығару.

Саптағы бой жазу жаттығуларын көрсету

-Саппен келіп бірнеше қатарға тұру

-Қолды белге қойып, басты оңға және солға айналдыру.

-Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

-Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

-Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

-Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

-Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

-Қолды белге ұстап, белді онға және солға айналдырамыз.

-Қолды алға созып отырып, тұру.

-Екі қолды тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа

айналдыру.

-Дем алу, дем шығару

Уақыты:

2

минут

10

минут

Әдістемелікнұсқау:

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Тізенің толық жоғары көтерілуін қадағалау

Денені түзу ұстау керек.

Еркін демалу.

Қауіпсіздік ережесін қадағалау.

Бөлімдер:

Негізгі

бөлімі

30

минут

Сабақ барысы:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Проектордан қысқа қашықтық 100 м-ге қалай жүгіру керектігін слайдтар арқылы түсіндіру.

1. Жеңіл атлетика түрлері;

2. Жеңіл атлетиканың шығу тарихы;

3. Қазақстандағы жеңіл атлетика;

4. Жеңіл атлетиканың жаттығулары;

5. Қысқа, орташа, ұзақ қашықтыққа жүгіру;

6. Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері;

7. 100 м жүгіру нормативтері.

100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады:
1. Төменгі сөреде тұру.
2. Төменгі сөреден шығу.
3. Ара қашықтық бойы жүгіру.

4. Мәреден өту.

Саппен далаға жүгіру алаңына шығарып, 100 м қысқа қашықтыққа уақытқа жүгірту.

Сөре қалыбынан шығу кезеңін көрсету.

Президенттік деңгей көрсеткіші - 9 сынып (қыздар) 15, 2 секунд.

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/35/34034/34034_html_7bdaeba.jpg

Уақыты:

30

минут

Әдістемелікнұсқау:

Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау.

Сөреден шыққанды қадағалау.

Денені, қолды қалай ұстау керектігін қадағалау.

Бөлімдер:

Қорытынды

бөлім

3

минут

Сабақ барысы:

-Сабақты қорытындылау.

-Демалдыру жаттығуларын жасау.

-Оқушыларды бағалау.

- Үй тапсырмасын беру.

-Қоштасу.

-Бір қатармен спорт алаңынан немесе залдан шығару.

Уақыты:

3

минут

Әдістемелікнұсқау:

Оқушылардың еңбегін бағалау.

Кемшіліктерін түсіндіру.


Ұқсас жұмыстар
4×100 м эстафеталық жүгіру бойынша сабақ жоспары
Дене тәрбиесі: орта қашықтыққа 100 м жүгіру - оқу сабағының жоспары
1500 метрге жүгіру: жүгіру техникасы мен шыдамдылықты дамытуға арналған сабақ жоспары
1500 м қашықтыққа жүгіру: сабақ жоспары және әдістемелік нұсқаулық
Дене шынықтыру сабақтарының әдістемелік жоспары: 60 м және 1500 м жүгіру, жаттығу әдістері мен жарыстық іс-шаралар
7-сыныпқа арналған жеңіл атлетика сабағы: 30-60 м жүгіру және старт техникасы
Жүгіру техникасы мен жеңіл атлетикадағы дайындық әдістері
Көпір жасау техникасы мен жаттығулары
Төменгі сөреден шығу техникасы және жүз метрге жүгіру әдістері - дене шынықтыру сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы: қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz