Мұхатай Марта: Иманды елге нұр жауар өлеңі және түйінді биографиялық мәліметтер

«Иманды елге нұр жауар»

Өлең арнап, жыр жазам,

Абайдай әсем қалама.

Бой көтерді мешіті,

Дастандай дархан далаңда.

Дін өмірдің мәні деп,

Ұғынса екен балаң да,

Ұрпақ үшін тер төккен,

Ағалар бар араңда.

Бет бұрсаң имандылыққа,

Алланың берері мол екен.

Ұлы мен қызы қазақтың,

Жүрер жолы сол екен.

Өмір әсем керемет,

Бағаласын балғындар.

Естен кетпес кеудемде,

Сызы қалған бір мұң бар.

Тіл менен дінді, тарихты,

Ұлықта ұлтқа жамағат.

Ар, ұятты сақтайық!

Келмесін елге жаман ат.

Иманды елдің ұрпағы,

Өскелең болып келеді.

Мешіті тұрса қазақтың,

Жүрекке жылу береді.

Тәрбиесіз білім жоқ,

Мұны да халқым біледі.

Азандап тұрса таң сәріде,

Жасыменен кәрі де,

Айғайлап салып әуенді.

Тербетеді бесікті,

Иманды елдің әулеті.

Берекесі кетпейді,

Жиналмаса дәулеті!.

Дін ислам баласы,

Аллаһқа бет бұрыңдар!.

Жүрекке иман беретін.

Мешітке келіп тұрыңдар!.

Аты -жөні. Мухатай Марта

Қызмет орны. Абай ауданы Қарабас кенті №15 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Мекен-жайы. Абай ауданы 3 мкр р/н 11 үй,

Бос уақытында шығармашылық жұмыстармен көп айналысады. Мысалы, газет, журнал, кітабтарда «Абай ақиқат», «Орталық Қазақстан», «Туған жер тынысы» кітабы, «Жерді өртен қорғаймыз» кітабы, «Жас алаш» газеттерінде ғылыми жұмыстарда көптеген жетістіктері бар жазған мақала, өлең, шығармалары жарық көрді. Отбасы 4 адамнан құралады жолдасы, қызы, ұлы бар. Мейірімді ана, үлгілі отбасы, қарапайым қазақ қызы. Жақсы көретін қызығып ойнайтын ойыны «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» аудандық, облыстық сайыстарда жүлделі орын иегері.


Ұқсас жұмыстар
Талаптыға нұр жауар - информатика пәнінен қорытынды сайыс сабағының жоспары
4-сынып Өзін-өзі тану пәні: Талаптыға нұр жауар - талаптану мен дұрыс әрекет, 17-сабақ жоспары
Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда өткен Талаптыға нұр жауар ән мен сән шеруі - Қызылорда, 25 сәуір 2013
Иманды ұл мен инабатты қыз: адамгершілікке тәрбиелеу сабақ жоспары
Иманды ұл, инабатты қыз: исламдық және ұлттық тәрбие негіздері
Жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыру: диффузды, бағаналы, түйінді және түтікті
Ибалы адам және иманды қоғам: дін, дәстүр және жат діни ағымдардың ықпалы
9-сынып: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, айнымалылар және өрнектер
Ибалы адам, иманды қоғам: исламның қоғамдағы рөлі және жат діни ағымдарға қарсы тәрбие
3-сыныпқа арналған Иманды ұл және инабатты қыз: исламдық және ұлттық тәрбие сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz