Мотоатқыш бөлімше

«Бекітемін»
Мектеп директоры
- Сабақтың тақырыбы:Шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және оқпадан шығып қозғалу тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаталарымен, қарумен ату және қоян-қолтық ұрыс кезінде) .
- Сабақтың мақсаты:Оқушыларды жауынгерлердің шабуыл кезіндегі іс- әрекеттерімен таныстыру.
- Уақыты:45 минут.
- Өткізілетін орны:
- Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, АК макеті.
- Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
б) Негізгі бөлім - 20 минут. Шабуылдағы жауынгер.
Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.
Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.
Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да, сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.
«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.
Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.
Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.
Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндауы керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.
Мотоатқыштар бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бөлімше взвод командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында бөлімшенің жеке құрамы үшін, әдетте саңылау, ал ЖҰМ ( БМП) үшін таса қазылады. Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында шабуылдау кезінде бөлімше бастапқы жағдайға ие болады. Бұл кезде жеке құрам жергілікті жер сипатына байланысты оқпанада ал ЖҰМ ( БМП) өрдің кең еңісінде орналасып, бөлімше қимылын қорғауға дайын болады. Мотоатқыш бөлімше ең төменгі(бастауыш) тактикалық бөлімше, ұйымдық жағынан ол ЖҰМ (БТР) дағы мотоатқыш взводттың құрамына кіреді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мотоатқыш бөлімше жаяу әскер ұрыс машинасымен (ЖҰМ) немесе бронетранспортермен қарулануы мүмкін.
ЖҰМ дағы мотоатқыш бөлімшенің құрамында бөлімше командирі(К) , көздеуші оператор (КО) , механик-жүргізуші( МЖ) , пулеметші (П) , атқыш-гранатаатқыш (ГА) гранатаатқыштың атқыш-көмекшісі (ГК), аға атқыш (АА) , мерген (М) және атқыш болады.
Бөлімшенің қаруында ЖҰМ, Калашниковтың қол пулеметі (КҚП), танкіге қарсы кол гранатаатқыш (ТҚГ-7) , Калашников автоматтары (КА), жарықшақты қол гранаттары (ҚГ), және танкіге қарсы кумулятивтік қол гранаттары(КҚГ-3) болады.
ЖҰМ-бөлімшенің жеке құрамының жүруі мен ұрыс жүргізуіне арналған сауытты шынжыр табанды машина
Мотожаяу (жаяу) бөлімше 100 метрге дейінгі маңдайшепте шабуылдайды және белгілі бір объектіні( атыс нүктесін, оқпананы, траншея учаскесін және т. б. ) алу міндетін орындайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz