Үшбұрыштың ішкі бұрыштары

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар!

Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән ғой математика , - дей келе, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер .

Сайыстың шарттарымен таныстырып кетейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады: «Өзім туралы», «Бәйге», «Үш тұғыр», «Төрт таған», «Шешендік өнер» және «Жорға».

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз , - дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі - «Өзім туралы». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Әр оқушы өздерін таныстырады. Барлық оқушылар таныстырып болған соң әділқазы алқасы өзінің әділ бағасын береді. 10 ұпай мен 50 ұпай аралығында бағаланады.

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,

Екінші кезең - Бәйге !

Бұл бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.

«Бәйге»

1. 9 + 9 * 9 - 9 : 9 = ? (89)

2. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең . Олар қандай сандар. (5және3)

3. Трапеция табандары 4см және 6 см. Орта сызығы неге тең? (5)

4. y = ax 2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)

5. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6кг)

6. Үшбұрыштың ішкі бұрыштары 45 0 , 104 0 . Үшінші бұрышын табыңыз? (31 0 )

7. Параллелограмның бір бұрышы 50˚-қа тең. Екінші бұрышы неге тең? 130 0 )

8. Үшбұрыштың қабырғалары 17, 4м, 11, 9м, 10, 5м. Периметрі неге тең? (39, 8)

9. 23 санының квадраты неге тең? (529)

10. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы не деп аталады? (гипотенуза)

«Үш тұғыр»

Келді кезек Үш тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

ІІІ кезеңіміз - «Үш тұғыр » . Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Экранда 9 ұяшық берілген. Ұпайы аз ойыншы бірінші болып таңдайды. Шешімдерін дұрыс тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Әр жауапқа 10 ұпай алынады. Ойын соңында ұпайы аз 4 оқушы ойыннан шығады.

1. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)

2. Арман ойлаған санын 5 есе арттырып, нәтижесіне 7, 6 санын қосқанда, қосынды 27, 6-ға тең болды. Ержан қандай сан ойлады? (4)

3. 5 2 + 3 3 - 7 2 = ? (3)

4. Үшбұрыштың қабырғалары 18, 5 м, 14, 2 м және 13, 3 м. Периметрін табыңыз. (46)

5. 4х + 7у - 3х + 9х - 7у өрнегінің х = 5 және у = 9 болғандағы мәнін табыңыз. (50)

6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)

7. Аулада 7 қоян және 6 қаз жайылып жур. Барлығы неше аяқ? (40)

8. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштары 150 0 және 140 0 . Үшінші сыртқы бұрышын тап. (70 0 )

9. Диагональдары 6 және 8 болатын ромбтың қабырғасы неше тең? (5)

«Төрт таған»

Ойынымыздың келесі кезеңі «Төрт таған». Бірінші болып өткен екі турда аз ұпай жинаған оқушы бастайды. Ойын соңында ұпайы аз 4 оқушы ойыннан шығады.

Алгебра - 10

\[x^{2}\,-\,14x+13=0\]
(1; 13)

Алгебра - 20

\[\sqrt{256\times0.25\cdot9}\]
(24)

Алгебра - 30

\[x_{1}=4\qquad x_{2}=3\]
2 - 7х + 12=0)

Алгебра - 40

\[S\sqrt{3}+\sqrt{27}-2\sqrt{12}\]
(
\[4{\sqrt{3}}\]
)

Алгебра - 50

\[\frac{8}{\sqrt{7}+\sqrt{3}}\]
( )

Геометрия - 10

Параллелограмның бір бұрышы 104 0 . Екіншісін тап. (76 0 )

Геометрия - 20

Бұрыштың тангенсі (Сол бұрыштың синусының косинусына қатынасы)

Геометрия - 30

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан 7 есе артық. Периметрі 45см. қабырғаларын тап. (21см, 21см, 3 см)

Геометрия - 40

Тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 14см. Катеттерін тап. (

\[7{\sqrt{2}}\]
)

Геометрия - 50

Жазыңқы бұрыштың

\[\frac{11}{18}\]
бөлігі неге тең? (110 0 )

Әзіл сұрақтар - 10

Алфавиттің ең соңғы әріпі? (Т)

Әзіл сұрақтар - 20

Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

Әзіл сұрақтар - 30

Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды)

Әзіл сұрақтар - 40

Үйдің ең суық жері? (Сырты)

Әзіл сұрақтар - 50

Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ)

Логика - 10

Кубик жасау үшін неше шаршы керек? (6)

Логика - 20

Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше есе өседі?

Логика - 30

Бір аптада неше минут бар? (10080 мин)

Логика - 40

Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

Логика - 50

Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «Менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72)

Білімнің ұшқырлығын татып сен,

Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шешендік бұл кезеңде қажет екен, - дей келе сайысымыздың келесі кезеңі - «Шешендік өнер» . Бұл кезеңде ұпайы аз оқушы экранда көрсетілген ұяшықты таңдайды. 10 - 100 ұпай аралығында бағаланады.

“Жорға”

Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.


Ұқсас жұмыстар
Үшбұрыш 7 сынып
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыштарды шешу
Сұрақтар топтамасы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы
«математика алғыры» сыныптан тыс жұмыс
Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш
40 миллион теңге интеллектуалдық ойыны
Геометрия, "хан тәңіріне саяхат", 8-сынып
Үшбұрыштар туралы теоремалар, олардың қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz