Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бейорганикалық химия

Бейорганикалық химия
Дәстүрлі емес сабақ
ХХІ ғасыр білгірі
9 сынып
пән мұғалімі Жаңбырбаева Ақтөре

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық химия

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,экологияның
денсаулыққа әсері жайлы түсінік қалыптастыру,қисынды ойлау
қабілетін,шешендік сөз өнерін дамыту,ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу.

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ.Отанымыздың экономикалық,саяси,мәдени
дамуына үлес қосатын,әлемдік өркениетке көтеретін білімді де
мәдениетті,парасатты,денсаулығы мықты болып өссек,егеменді елімізді әлемге
танытарымыз анық.
Халық денсаулығы - ел байлығы.Қазақстан азаматтарының денсаулығын
жақсартуға арналған шаралар бүгінде мемлекеттік деңгейде қарастырылып отыр.

Адам-табиғаттың теңдесі жоқ ең қадірлісі, ал табиғаттың адамға сыйлаған
аса зор байлығы-денсаулық .
«Бірінші байлық – денсаулық», «Денсаулық – зор байлық», «Тазалық –
денсаулық кепілі» мақалдарының бәрі қазақ халқының ежелгі заманнан –ақ
денсаулықтың баға жетпес байлық екеніне көз жеткізгендігінің дәлелі.
Денсаулықтың валеология ғылымы ұсынған 6 аспектісі бар екені
көпшілік оқушыға мәлім. Ал бүгін біз денсаулықтың жетінші аспектісін
қарастырамыз:
ол-денсаулық және химия!
Химияның адам өмірін сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқанын Қосжан
Мүсірепов ағамыз былай жырлайды:
Аһ, ұрумен іздеп өтті қанша адам,
Ауруларға арман болған қашаннан.
Аптекада алуан-алуан дәрі бар,
Химияның құдіретімен жасалған.
Бүгінгі интеллектуалдық оын барысында химиялық элементтердің және олардың
қосылыстарының адам ағзасы және тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенімен
қатар,химия өнеркәсібінің қазіргі таңда адам денсаулығына кері әсері жайлы
да әңгіме өрбітеміз.Ойыншылардан химия,биология,валеология,т.б.пәндерден
терең де жан-жақты біліммен қатар тапқырлық пен шешендік өнер талап
етіледі.
Сонымен ХХІ ғасыр білгілерін –құрметті ойыншыларымызды ортаға
шақырып,қарсы алайық!
ХХІ ғасыр лидерінің әні хормен орындалады.

Бірінші кезекте- сараптау ойыны.
Назарларымызды бүгінгі ойын эмблемасына аударыңыздар.Мұнда адам ағзасының
құрамына кіретін кейбір химиялық элементтер жасырылған.Осы элементтерді 1
минут ішінде неғұрлым толық жауап берген 4 ойыншыны әрі қарай сайысқа
қатысады. (Эмблеманың жиегіндегі бір түрлі геометриялық фигуралардағы
әріптер жиынтығы бір элементтің атын береді)
Жауабы: оттек , кальций , сутек ,темір , фтор.

Екінші кезекте – оқушылармен танысу рәсімі.
Ойыншы өзінің аты-жөнін ,сыныбы туралы қысқаша мәлімет және өзінің атының
бас әрпінен басталатын бір немесе бірнеше қасиетін айтады.Мысалы: Азамат
–аққөңілдік, Болат-биязылық. Индира-инабаттылық. Саягүл-сабырлық.
Қазылар алқасы сайланып ,білім додасы басталады.

І тур –«Бәйге»
Берілген сұрақтарға кім бірінші жауап берсе,ол ойыншы 10 ұпай алады.
1. Бұл заттарды медицинада ,атап айтсақ пластикалық хирургияда сынған
сүйектерді
бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға
қолданады.Бұл қандай
заттар? / Титан , тантал /
2. Теңіз орамжапырағы - ламинарияның құрамына кіретін , адам өмірі
үшін маңызды
элемент. / Йод /

3. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп
соғады? / Фтор /

4. Бұл заттың 0,9% -дық ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады
да,адам ағзасы
көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады.Ол затты адамдар
тұрмыста
тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай ?
/Натрий хлориді /

5. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданылады.
Оны қайыңды
ауасыз жерде қыздыру арқылы алып,одан әрі өңдейді.
Бұл қандай дәрі?/Активтелген көмір/

ІІ тур - «Полиглот»

Полиглот- көп тілді меңгерген ғалым ұғымын береді.Бұл турда ойыншылар
плакатта көрсетілген химиялық элементтердің қазақша,орысша,латынша, айтып
шығуы тиіс. Әр тілде айтылған атауларға 10 ұпайдан беріледі.Мысалы,Fe-
темір,железо,феррум.

ІІІ тур- «Жеті ғажайып»

Бұл турда ойыншылар ойын тақтасында берілген ұпай санын таңдап,оған сәйкес
сұраққа жауап береді. (Ойын тақтасы айналмалы тоғыз шаршыдан тұрады;оның
бір бетіне ұпай саны ,екінші бетіне пәннің аты жазылады)

Сол жақтағы 20.(Ата-аналар ұйымының немесе мектепшілік қордан 1 сый)

Оң жақтағы 20-физика.
Медицинада сүйек сынығын анықтау үшін диагностикалық мақсатта қолданылатын
сәулелер./Рентген сәулелері/

Ортадағы 20-география.
Бұл зат мөлшеріне ғаламшардың климаты тәуелді деуге де болады.Ол жылуды
сіңіріп және бөліп, климат ауысуларын реттеп отырады.Оның газ түріндегі
молекулалары жерді ғарыштық суықтан сақтайды.Бұл қандай зат? / Су /

Сол жақтағы 30- биология.
Қан құрамында гемоглобин азайса,адам ауруға ұшырайтыны белгілі.Бұл
дерт,әсіресе біздің Қарқалы өңірінде кең таралған.Гемоглобин молекуласының
құрамына қай элемент кіреді? / Темір /
Оң жақтағы 30-тарих.
Қазақстан жерінде өте ертеде тіршілік еткен «чудь» тайпасы Иманта кен
орнында өндірілген металл. / Қорғасын /

Сол жақтағы 40- қазақ тілі.
Лидер сөзінің синонимін білесіз бе? Мына сөздердің қайсысы жақынырақ
келеді:1.Көшбасшы. 2.Жетекші. 3.Білгір?

Оң жақтағы 40 – химия.
«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың
атақты химик-ғалымы? / Д.И.Менделеев /

Бұл турдан кейін 4 ойыншының ұпайы төмен екеуі ойыннан шығады да екеу»
қалады.

ІҮ тур-«Шешендік сайысы»

ақын Құнанбаев Көпішев:
Химия ырыс бұлағы
Шалқыған байлық,мол дәулет
Құдіретті біздің ой
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз – нұр дәулет.
Сенде байлық,сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой,-деп жырлайды.
Бұл сайыста әрбір ойыншы берілген тақырып бойынша дәйекті әңгіме құрып,өз
пікірін дәлелдеуі қажет.
1. Химия өнеркәсібінің денсаулық сақтауға оң ықпалы.
2. Химия өнеркәсібінің денсаулығына кері әсері.

V тур – «Жорға».
Әрбір ойыншы 1 минут ішінде неғұрлым көбірек жауап берсе,соғұрлым ұпай
санын көбейте түседі.

Лездеме сұрақтар.
1.Дәрігерлер беретін анттың авторы? / Гиппократ /
2.Барлық организмдердің тіршілігіне қажетті өте маңызды биогенді элемент.
/ Фосфор /
3.Қарағанды фитохимия институтында алынған қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі.
/ Арглабин /.
4.Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым. / Экология /
5. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна /Радон /
6.Қарқаралы өңірінде балшықпен емдеу –сауықтыру санаториясы. / Жосалы /
7.Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі / Аспирин /
8. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент. /
Калий /
9.Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент. /Бром /
10.Қан қысымын өлшейтін аспап /Тонометр/
11.Әр заттың жылы,салқын,ыстық қалпын не дейді? /Температура/

12.Адамның денсаулығын сақтау туралы ғылым. /Валеология/
13.Адам организімінің жобамен 60-65 %–ын құрайтын сұйық зат /Су/
14.Сүйекті қаптайтын элемент. /Кальций /
15.Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы /Ас содасы /
16.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл. / Тұз қышқылы /
17.Темекі құрамына кіретін улы зат. / Никотин /
18.Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат. / Күкірт /
19.5%-дық спирттік ерітіндісі қан тоқтауға қолданылады. /Йод /
20.Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент. / Мырыш /

Бұл турдан соң сөз қазылар алқасына беріліп,жеңімпаз анықталып,диплом
тапсырылады.
Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары
оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырып,химияның күнделікті
тұрмыстағы қолданыс өрісінен хабардар етеді. Сайысқа дайындалу барысында
оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап,білім қорларын кеңейте
түседі.

Ұқсас жұмыстар
Химия және экология
Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы изомерия
Бейорганикалық жай және күрделі заттар. 8 сынып
Органикалық заттардың ерекшеліктері
Органикалық заттар
Білімділер мен білгірлер
Периодтық жүйе
Химиялық реакциялар
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы
Пәндер