Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бағдарлама бөлімдері
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін
«Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің
дамуына бағытталған.
3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын
ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
4. Оқыту мақсаты:
1) қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру;
2) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
3) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
5. Оқыту міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
2) базалық спорт түрлерінің техника-тактикалық іс-қимыл әдістерін
жетілдіру;
3) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
4) дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және
салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
5) тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
6. Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік
компонент).
7. Мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың
негізгі түрі:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
4) спорттық үйірмелерде шұғылдану;
5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып
табылады.
8. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды
гендерлік қағида (ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту
қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.
9. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен
пәнаралық байланыс орнатылады:
1) «Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын
терминдер бойынша сөз қорын толықтыру;
2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің
массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы
түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;
3) «Алгебра, Геометрия»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және
уақытты өлшеу; ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;
4) «Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу
жүйесі, бұлшықет жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;
- жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;
- шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін
теріс әсері туралы материалдарды қолдану;
5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың
пайда болу тарихы;
- қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;
6) «География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі
белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;
7) «Алғашқы әскери дайындық»: саптық жаттығуларды қолдану;
кедергілерден өту; отансүйгіштікті және өз Отанына деген сүйіспеншілікті
тәрбилеу;
8) «Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу
қабілетін тәрбиелеу.
10. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
11- сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).
11. Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
бөлімімен аяқталады, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, білім беру курсын
аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын
көрсетеді.
12. Бағдарламалық талаптар үш түрлі аспектімен бағаланады: пәндік,
тұлғалық, жүйелік-әрекеттер нәтижелерімен.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Төмендегі бөлімнен тұрады:
1) тақырыптық жоспар:
|Бағдар-лам| | |
|а түрлері |Бағдарлама бөлімдері |Оқу тоқсандары |
| | |1 |2 |3 |4 |Σ |
| |Вариа| | | | |
| |тивті|6 |3 |6 |- |
| |компо| | | | |
| |нент | | | | |
| |бойын| | | | |
| |ша | | | | |
| |сағат| | | | |
| |тар | | | | |
| |саны:| | | | |
кесте 1
14. Білім негіздері:
1) дене жаттығуларымен шұғылданудың жұмыс істеу қабілетіне тигізетін
әсері, дене шынықтырудың заманауи сауықтыру жүйелері және олардың түрлері.
15. Жеңіл атлетика:
1) жоғары және төмен қалыпта орындалатын сөре (старт), төменгі сөре
қалыптан үдей жүгіру. 30-40 м қашықтықты жүгіріп өту, мәрелік қимыл, 100 м
жүгіру, 4×100 м эстафеталық жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, 800 м жүгіру,
3000 м (жігіттер) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру;
2) секіру: жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, жүгіріп келіп биіктікке
секіру (жүгірудің дербес тәсілін таңдау);
3) 18-20 м (жігіттер) және 12-14 м (қыз балалар) қашықтықтан нысанаға
түрлі снарядтарды лақтыру, жүгіріп келіп 700 г (жігіттер) және 500 г (қыз
балалар) гранатаны алысқа лақтыру.
16. Спорт ойындары:
1) баскетбол, қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан
құрылған комбинациялар, допты қағып алу мен беруді қорғаушының
қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде орындау нұсқалары, қорғаушының
қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу;
2) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу,
соғып жіберу, қақшып кету, жабу), шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық
және командалық тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;
3) волейбол: қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан
құрылған комбинациялар, допты беру және қабылдау техникаларының нұсқалары,
допты жоғарыдан тік қолмен ойынға қосу, ойынға қосылған допты қабылдау,
тігінен шабуылдау соққысын тордан асыра орындау, шабуыл соққысына тосқауыл
қою нұсқалары (жалғыз және жұптасып);
4) сақтандыру, шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және
командалық тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;
5) футбол: қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан
құрылған комбинациялар, баспен соққы жасау және пас беру нұсқалары, допты
аяқпен, кеудемен тоқтатудың түрлері, қорғаушының қарсылығынсыз және
қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу, допты игеру техникасының қимыл-
қозғалыстарынан құрылған комбинациялар;
6) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет, допты қағып
жіберу және қақшып кету, шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және

7) гандбол: ойын техникасының тәсілдерін жетілдіру, ойыншының алаңда
қозғалуы, доппен қозғалуы және допты беруі секілді тұрақты дағдыларды
шыңдауға бағытталған арнайы дене жаттығулары, қорғаушының қарсылығынсыз
және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу, қорғаушының қарсылығынсыз
және қарсылық көрсету кезінде пас беру нұсқалары, допты қақпаға лақтыру
нұсқалары;
8) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу,
соғып жіберу, қақшып кету), аумақтық қорғаныс, оқу-үйрену ойыны.
17. Гимнастика:
1) саптық жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген жаттығуларды
қайталау: қозғалыстағы бұрылу тәсілдері, бір колоннадан екі, төрт және
сегіз колоннаға қайта сап құру, жалпы дамыту жаттығулары, дененің негізгі
бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар;
2) тепе-теңдік жаттығулары: төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан
құрылған комбинация;
3) таянып секіру (жігіттер): жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ұзынынан
қойылған гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру (шеткі бұрышынан қолмен
итеріліп), ағаш аттың биіктігі 130 см., қыздар: секіру: гимнастикалық кіші
аттан аяқты ашып секіру (кіші аттың биіктігі 120 см);
4) кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер): асылып тұрған қалыптан
күшпен көтеріліп таяну, аяқты сермеп орындалатын жаттығулар, асылып тұрып
аяқты сермеп шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрып артқа құлау – кермеге
жанаса айналу, таянып тұрған қалыптан аяқты доға бойынша сермеп, аяқты
артқа сермеген сәтте секіріп түсу;
5) қоссырықта орындалатын жаттығулар (жігіттер): қолмен таянып тұрып
тербелу, қолмен таянып тұрып тербеліп, қолды бүге көтерілу, аяқты ашып
отыру, аяқты ашып отырған қалыптан алға аунап, аяқты ашып отыру, таянып
тұрып тербеліп, артқа сермелген сәтте шалқая секіріп түсу;
6) бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): жүрелей
таянып отыру, сол аяқпен жүрелеп отыру – оң аяқ қапталда, бөрене бағытымен
жүрелей таянып отыру, көлденең жүрелей таянып отыру – қол қапталда, жүру
түрлері: аяқ ұшымен, тізені биік көтеріп, алға ұмтыла, секірулер мен
бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу, шалқая секіріп
түсу;
7) түрлі биіктіктегі сырықта орындалатын жаттығулар (қыз балалар):
асылып тұрып тербелу; төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір
аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну,
жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып
асылу, төменгі сырықта асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан
ұстап, оң жамбаспен төменгі сырықта отыру, сол қолмен төменгі сырыққа
тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды
сырықтан босатып, бұрылу (сол қолдың бойымен) және секіріп түсу.
18. Акробатика:
1) (жігіттер) биіктігі 80-90 см кедергіден алға аунап секіріп өту, қолды
тіреп артқа аунау;
2) өрмелеу: биіктігі 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу (жігіттер);
3) қыз балалар: қазіргі заманғы би және ұлттық би элементтері.
19. Шаңғы:
1) төменгі сыныптарда үйретілген шаңғы жүрістерін жергілікті жер бедері
және қардың жағдайына қарай қолданып шаңғымен жүру, шаңғы жолындағы табиғи
кедергілерден аттап, секіріп және астынан еңкейіп өту;
2) шаңғымен 3-5 шқ жүгіру, шаңғымен көтерілу түрлері: сырғи адымдап,
«шырша» тәсілдерімен, биік және төмен тұру қалпымен еңіске түсу, шаңғымен
бұрылу түрлері: адымдап, соқаша, тіреліп.
20. Жүзу:
1) үйретілген тәсілдермен жүзу, таңдап алған тәсілмен 2×50 м жүзу;
2) суға батушыны құтқару тәсілдері, суда өткізілетін ойындар мен
эстафеталық жарыстар.
21. 10-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын
анықтауға арналған оқу нормативтері:
кесте 2
|№ |Қорытынды жаттығулар |ұлдар |қыздар |
| | |«5» |«4» |«3» |«5» |«4» |«3» |
|1 |100 м жүгіру (с) |14,5 |14,9 |15,5 |16,5 |17,0 |17,8 |
|2 |3000м жүгіру (мин, с) |15,00 |16,00 |17,00 |- |- |- |
|3 |800 м жүгіру (мин, с) |2,37 |2,47 |3,00 |- |- |- |
|4 |2000м жүгіру (мин, с) |- |- |- |10,10 |11,40 |12,40 |
|5 |Ұзындыққа секіру (см) |440 |400 |340 |375 |340 |300 |
|6 |Биіктікке секіру (см) |135 |130 |115 |120 |115 |105 |
|7 |Граната лақтыру |32 |26 |22 |18 |13 |11 |
|8 |Биік кермеде тартылу (рет) |11 |9 |8 |- |- |- |
|9 |Арқада жатып (қол желкеде) | | | | | | |
| |денені көтеру (рет) |- |- |- |22 |17 |13 |
|10 |Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау| | | | | | |
| |(с) |5 |4 |3 |- |- |- |
|11 |Кермеде асылып тұрған | | | | | | |
| |қалыптан күшпен аунап |3 |2 |1 |- |- |- |
| |көтеріліп таяну. (рет) | | | | | | |
|12 |Бөренеде таянып тұрып қолды | | | | | | |
| |бүгіп-жазу (рет) |10 |7 |4 |- |- |- |
| | | |у/е-ме| | |у/е-ме| |
|13 |50 м жүзу (мин, с) |0,42 |йді |25 м |1,03 |йді |25м |
|14 |Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, |- |- |- |19,00 |20,00 |21,00 |
| |с) | | | | | | |
|15 |Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, |27,00 |29,00 |31,00 |- |- |- |
| |с) | | | | | | |
|16 |2000м жазық далада жүгіру | | | | | | |
| |(мин, с) қарсыз аудандарда |- |- |- |11,00 |12,20 |13,20 |
|17 |3000 м жазық далада жүгіру | | | | | | |
| |(мин, с) қарсыз аудандарда |15,30 |16,30 |17,30 |- |- |- |
|18 |Аяқтың көмегімен биіктігі 4 | | | | | | |
| |м арқанға жылдам өрмелеу (с)|12 |14 |17 |- |- |- |
ескерту: қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығы
сабақтарын кростық дайындық, жүзу немесе ұлттық спорт түрлерімен
(бағдарламаның өзгермелі бөлігіне жататын) ауыстыру ұсынылады;
22. 10-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
кесте 3
жігіттер
|Сынақ түрлері |Дене дайындығының деңгейі |
| |Х |тө-мен|орташа-дан|орташа |орташа- |жо-ғары|
| | | |төмен | |дан жоғары| |
|30 м жүгіру |4,9 |5,6 |5,5 – 5,3 |5,2 – 4,6 |4,5 -4,3 |4,2 |
|Бір орынна | | | | | | |
|ұзындыққа секіру|213 |190 |191 - 201 |202-224 |225 - 235 |236 |
|Нығыздалған | | | | | | |
|допты екі қолмен|611 |434 |435-522 |523-699 |700-785 |786 |
|бастан асыра | | | | | | |
|лақтыру | | | | | | |
|3×10 м қайталап |8,3 |9,1 |9,0 – 8,7 |8,6 –7,8 |7,7 -7,4 |7,3 |
|жүгіру | | | | | | |
|Қолдың білезік | | | | | | |
|буынының |42 |33 |34 –37 |38-46 |47-50 |51 |
|динамометриясы | | | | | | |
|(оң қолмен) | | | | | | |
23. 10-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
кесте 4
қыз балалар

|30 м жүгіру |5,4 |6,3 |6,2 – 5,9 |5,8 – 5,0 |4,9 -4,6 |4,5 |
|Бір орынна | | | | | | |
|ұзындыққа секіру |170 |146 |147 -160 |161 – 181 |182 – 194 |195 |
|Нығыздалған допты| | | | | | |
|екі қолмен бастан|497 |372 |373-434 |435-559 |560-621 |622 |
|асыра лақтыру | | | | | | |
|3×10 м қайталап | | | | | | |
|жүгіру |9,1 |10,0 |9,9 – 9,6 |9,5 –8,6 |8,5 –8,1 |8,0 |
|Қолдың білезік | | | | | | |
|буынының |26 |19,5 |20 –22,5 |23 -29 |29,5-32 |32,5 |
|динамометриясы | | | | | | |
|(оң қолмен) | | | | | | |
3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
24. Төмендегі бөлімнен тұрады:
1) тақырыптық жоспар:
кесте 5

| |Вариа|6 |4 |6 |- |
| |тивті| | | | |
| |компо| | | | |
| |нент | | | | |
| |бойын| | | | |
| |ша | | | | |
| |сағат| | | | |
| |тар | | | | |
| |саны:| | | | |
25. Білім негіздері:
1) дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық
салалары бойынша ҚР заң шығару негіздері;
2) дене жаттығуларының ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін
анықтайтын факторлар: жаттығудың сипаты (циклді және күрделі қимыл-қозғалыс
жаттығулары); дене жүктемесінің көлемі мен қарқыны, отбасына арналған дене
тәрбиесі.
26. Жеңіл атлетика:
1) жарыс жаттығуларының дербес техникаларын жетілдіру (төменгі
сыныптарда үйретілген оқу материалдарының негізінде), 100 м жылдам жүгіру,
4×100 м эстафеталық жүгіру. 3000 м (ұлдар) және 2000 м (қыз балалар)
жүгіру;
2) «Аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа және «аттап өту» тәсілімен
биіктікке секіру;
3) салмағы 700 гр (жігіттер) және 500 гр (қыз балалар) гранатаны
лақтыру.
27. Спорт ойындары:
1) баскетбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған
комбинациялар, шабуыл мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық
тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;
2) волейбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған

3) футбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған
комбинациялар, қорғаушының қарсылығымен және қарсылығынсыз допты баспен
және аяқпен соғу, допты кеудемен тоқтату, алдау айла-әрекеттері,
қарсыластан допты аяқпен сырғи құлап тартып алу, аумақтық және дербес
қорғаныс, қақпашының ойын әрекеттері, оқу-үйрену ойыны;
4) гандбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған
комбинациялар, ойын тактикасының элементтері, қарымта шабуыл, позициялық
шабуыл, шабуыл мен қорғаныстағы ойыншылардың өзара әрекеттері, ойыншылардың
дербес ойын әрекеттері: доп үшін күрес, «қақпаға бұза-жарып өту» тактикасы,
допты лақтыру әрекеттері, шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі
ойыншылардың топтық әрекеттері (жарыс ережесін сақтай отырып екі жақты ойын
өткізу кезінде), оқу-үйрену ойыны.
28. Гимнастика:
1) саптық жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын
қайталау және жетілдіру, жалпы дамыту жаттығулары: негізгі бұлшықет
топтарын дамытуға бағытталған жаттығулар (ауырлықтармен және ауырлықсыз);
2) таянып секіру (жігіттер): жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ағаш
аттың алыс бөлігінен қолмен итеріліп секіру (ағаш аттың биіктігі 130 см),
қыз балалар: кіші ағаш аттан аяқты ашып секіру (кіші ағаш аттың биіктігі
120 см);
3) кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер): күшпен көтерілу, аяқпен
«бұрыш» ұстап асылу қалпына түсу және асылып тұрған қалыптан күшпен
көтеріле аунап түсіп таяну, аяқты сермеп орындайтын жаттығулар, асылып
тұрып тербелу – шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрған қалыптан аяқты артқа
сілтеп, сырғауылға жанаса аунау, таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп
секіріп түсу;
4) қос сырықта орындалатын жаттығулар (жігіттер): сырықта таянып тұрып
алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп-жазу, аяқты алға сермеп
көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру, қолдың қарымен таяну,
алға аунап, аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте
секіріп түсу;
5) бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): төменгі
сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар, секірулер мен
бұрылулар: аяқты жартылай сермеп және толығымен сермеп бұрылу, шалқая
итеріліп секіріп түсу;
6) түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар): асылып тұрып тербелу; төменгі
сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен
итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну, жоғарғы сырықта таянып тұрған
қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу, төменгі сырықта асылып
жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап оң жамбаспен төменгі
сырықта отыру, сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы
сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды сырықтан босатып, бұрылып (сол
қолдың бойымен) секіріп түсу.
29. Акробатика:
1) төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар,
қазіргі заманғы би және ұлттық би түрлерінен құрылған жаттығулар;
2) өрмелеу, биіктігі 4 м арқанға өрмелеу (жігіттер).
30. Шаңғы:
1) шаңғымен жүру тәсілдерін өзгерте отырып шаңғы ізімен қозғалу,
шаңғымен 5000 м қашықтықты тиімді екпінмен жүріп өту.
31. Дала жарысы:
1) жылдамдықты өзгертіп жүгіру. 5000 м бірқалыпты жылдамдықпен жүгіру,
табиғи кедергілерден өтіп жүгіру. 1000 м дала жарысы.
32. Жүзу:
1) толық үйлесімде жүзу, төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдермен 3×50
м кешенді жүзу, 100 м қашықтықты жылдам жүзіп өту;
2) суға батқан адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, суда өткізілетін
ойындар мен эстафеталар.
33. 11-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын
анықтауға арналған оқу нормативтері
кесте 6
|№ |Қорытынды жаттығулар |жігіттер |қыз балалар |
| | |«5» |«4» |«3» |«5» |«4» |«3» |
|1 |100 м жүгіру (с) |14,2 |14,5 |15,0 |16,0 |16,5 |17,0 |
|2 |1000 м жүгіру (мин, с) |3,30 |3,40 |3,55 |- |- |- |
|3 |2000 м жүгіру (мин, с) |- |- |- |10,00 |11,30 |12,20 |
|4 |3000 м жүгіру (мин, с) |13,00 |15,00 |16,00 |- |- |- |
|5 |Ұзындыққа секіру (см) |460 |420 |370 |380 |340 |310 |
|6 |Биіктікке секіру (см) |135 |130 |120 |120 |115 |105 |
|7 |Граната лақтыру (м) |38 |32 |26 |23 |18 |12 |
|8 |Биік кермеде тартылу (рет) |12 |10 |8 |- |- |- |

| |денені көтеру (рет) | | | |25 |20 |15 |
|10 |Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау |8 |5 |4 |- |- |- |
| |(с) | | | | | | |

| |қалыптан күшпен аунап |4 |3 |2 |- |- |- |
| |көтеріліп таяну. (рет) | | | | | | |
|12 |Сырықта таянып тұрып қолды | | | | | | |
| |бүгіп-жазу (рет) |12 |10 |7 |- |- |- |
|13 |50 м жүзу (мин, с) |0,41 |у/е-ме|25 |1,00 |у/е-ме|25 м |
| | | |йді | | |йді | |
|14 |Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, с)|- |- |- |18,30 |19,00 |20,00 |
|15 |Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, с)|25,00 |27,00 |29,00 |уақыт есептелмейді |
|16 |Шаңғымен 10 шқ жүгіру |уақыт есептелмейді |- |- |- |
|17 |2000м жазық далада жүгіру |- |- |- |10,30 |12,10 |13,10 |
| |(мин, с) қарсыз аудандарда | | | | | | |
|18 |3000 м жазық далада жүгіру |13,30 |15,30 |16,50 |- |- |- |

|19 |Аяқтың көмегімен биіктігі 4 м|12 |14 |17 |- |- |- |
| |арқанға жылдам өрмелеу (с) | | | | | | |
ескерту: білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары
климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін
өзгертуге құқықтары бар;
34. 11-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
кесте 7
жігіттер
|Сынақ түрлері |дене дайындығының деңгейі |
| |Х |тө-ме|орташа-дан|орташа |орташа-дан|жоғары |
| | |н |төмен | |жоғары | |
|30 м жүгіру |4,7 |5,2 |5,1 – 5,0 |4,9 – 4,5 |4,4 -4,3 |4,2 |
|Бір орыннан ұзындыққа|220 |197 |198- 208 |209 – 231 |232 - 244 |245 |
|секіру | | | | | | |
|Нығыздалған допты екі| | | | | | |
|қолмен бастан асыра | | | | | | |
|лақтыру |713 |540 |541- 626 |627-799 |800– 885 |886 |
|3х10 м қайталап | | | | | | |
|жүгіру |8,0 |8,7 |8,6 – 8,4 |8,3 –7,7 |7,6 -7,3 |7,2 |
|Қолдың білезік | | | | | | |
|буынының |43,5 |35 |36-39 |40 -48 |49 – 52 |53 |
|динамометриясы | | | | | | |
|(оң қолмен) | | | | | | |
35. 11-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
кесте 8

|Бір орыннан ұзындыққа| | | | | | |
|секіру |172 |143 |144 -157 |158 – 182 |183 – 197 |198 |
|Нығыздалған допты екі| | | | | | |
|қолмен бастан асыра | | | | | | |
|лақтыру |514 |373 |374– 443 |444– 584 |585 – 654 |655 |
|3х10 м қайталап | | | | | | |
|жүгіру |9,0 |9,9 |9,8 – 9,5 |9,4 –8,6 |8,5 –8,1 |8,0 |
|Қолдың білезік | | | | | | |
|буынының |28 |20,5 |21 –24,5 |25-31 |31,5–34 |34,5 |
|динамометриясы | | | | | | |
|(оң қолмен) | | | | | | |
4. Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар
36. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік
нәтижелер бойынша бағаланады.
37. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі/түсінуі тиіс және
меңгере білуі тиіс.
38. 10-11 сыныпты бітіруші оқушылар:
1) дене жаттығуларын орындау техникаларын бақылау әдістерін, дене
жүктемелерінің тәртібін (жүректің қысқару жиілігі бойынша), сабақ кезіндегі
өзінің көңіл-күйін (сыртқы және ішкі белгілері бойынша);
2) дене шынықтырудың ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін
білуі/түсінуі тиіс.
39. 10-11 сыныпты бітіруші оқушылар:
1) денсаулықты нығайту, денелік және спорттық жетілу қажеттіліктерін
ескере отырып, дене тәрбиесінің өзіне қолайлы түрін жоспарлауды;
2) гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетика жаттығулары кешенін
және спорт ойындарының техникалық-тактикалық әрекеттерін орындауды;
3) дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды;
4) бағдарламада берілген спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарда
төрелік етуді меңгере білуі тиіс.
40. Тұлғалық нәтижелер.
10-11 сынып оқушылары:
1) патриотизмді, өз Отанына, көпұлттық Қазақстан Республикасының өткені
мен келешегіне деген құрметті тәрбиелеу;
2) жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;
3) оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау, оқушылардың үйрену мен танымға
деген қызығушылықтарын ояту арқылы дербес дамуға және өз беттерімен білім
деңгейлерін көтеруді қалыптастыру, сонымен қатар еңбекке деген құрметті
қалыптастыру арқылы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға белсенді ат салысуды
дамыту;
4) өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас
орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды
орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау
кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыру;
5) қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру;
адамдардың өміріне және денсаулығына нұқсан келтіретін төтенше жағдайларда
жеке және ұжым болып әрекет ету ережелерін, көлікке мінгенде және жолда жол
ережелерін игеруді айқындауы керек.
41. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер.
10-11 сынып оқушылары:
1) жұмыс істеу қабілетін жоғарылату, денсаулықты сақтау мен нығайтуды;
2) жеке, ұжымдық және отбасылық демалысты ұйымдастыру және өткізу,
бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуды;
3) белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және
қалыптастыруды;
4) өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтауды;
5) оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және
құра білуді;
6) өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды айқындауы керек.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz