Ғалым туралы

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектеп.
Физика пәнінен сыныптан тыс шара.
Физика және математика пәнінің мұғалімі Казыканова Алия Калиардамовна.
Тақырыбы : «Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Мақсаты : 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана
біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән
ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Қажетті құралдар : Қорап, доп, сурет, аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка, барометр, амперметр, вольтметр.
Өткізілу этаптары:
1- тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2-тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5, 3, 2, 1 ұпай )
3-тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 2 ұпай )
4-тур Аспапты білесің бе? (әр сұрақ 1 ұпай)
5-тур логикалық сұрақтар (әр сұрақ 1 ұпай )
6- тур ойлан, тап (сұрақ 2 ұпай )
Қатысатын сыныптар 7-8-9
Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын айтады.
7- сыныпқа сұрақтар
1 тур Ойға шабуыл
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма?
(бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)
6 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер) )
7) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
8) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім?
(Архимед)
10) Темір не? (зат )
8 -сыныпқа сұрақтар
- Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
- Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
- массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
- Ең кішкентай заряд? (электрон)
- электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
- Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр) )
- Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
- Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол . . . ? (инерция)
- Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
- Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама . . . (энергия)
9- сыныпқа сұрақтар
- Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
- Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
- импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)
- Дене импульсінің формуласы? ( Р=mv, )
- Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)
- Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі - бұл . . . (диффузия)
- Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
9. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)
10. Физиктер : « . . . - заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)
2 тур . Көмекке келетін жұмбақ
Шарты: 1 көмек 5 ұпай, 2 көмек 3 ұпай, 3 көмек 2 ұпай
4 көмек 1 ұпай
1 Ғалым туралы . . .
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б) 3 ұпай
в) Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым 2 ұпай
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған 1 ұпай
( Шарль Огюстен Кулон )
2 Жанды нәрсе туралы . . .
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай
( адам)
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
( Су )
- Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай
( доп )
3-тур Физикалық тілде сөйлейік (2 ұпай )
Қай тілде, сөз мағынасын ашу
- Метр (грек сөзі « өлшеймін» )
- Диффузия (латын сөзі «жайылу, таралу»)
- Электр (грек сөзі « электрон, эбонит»)
- Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)
- Конвекция(латын сөзі « тасымалдау»)
- Электроскоп(грек сөзі « электрді бақылау»)
- Гипотеза (грек сөзі «болжам»)
4-тур Аспаптар ( 1 ұпай )
1) Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Амперметр
Вольтметр
Барометр
5-тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz