Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мәскеу үшін шайқаста

Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласы. Қазақ мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сералина Маржан Ерболқызы.
Сынып: 5 сынып
Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімдік – оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру,
қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда
қосқан үлесі жайлы білім алуға көмектесу.
2. Дамытушылық – тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін
одан әрі дамытуға жағдай жасау. Оқушылардың есте сақтау, бірлесіп және
өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,
оқушының ізденушілік қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік – жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік
сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: электрондық оқулық, карта, слайд,
интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тапқыр болсаң, тауып көр.

1. Түсіндірмесіне қарап ұғымды анықта.

|И |Н |Д |
|2. «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізді. |2-4 |2. Рұсқылов |
|3. Атақты «Сталинге хатты» жазды. |3-2 |3. Сәдуақасов |
|4. «Бесеудің хаты» арналып жазылды |4-1 |4. Голощекин |

4. Ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.
1. Көшпелі өмір салтын сақтаған қазақ ауылдарын отырықшыландыру.
2. Бай және орта тап өкілдерінің мал-мүлкін мемлекетке өткізу ( бай мен
орташа қатарына шатырлы үйі мен бір-екі аты бар кедей адамдар да
енгізілді).
3. Мал санының кемуі. Ұжымдастыру қарсаңында мал басы 40,5 млн болса, 1933
жылы 4,5 млн-ға дейін азайған.
4. 1930-1932 аштық жылдары.
5. Қазақстан халқы санының кемуі. Республикада 6,2 млн адам болса, соның
2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Ал 1 млн 700 мың адам Қазақстаннан тыс
аймақтарға көшіп кетті.
Мұғалімнің сөзі: Осы жағдайға байланысты Т.Рысқұлов 1939 ж. наурызда
Сталинге хат жазған еді. Бірақ бәрі кеш еді.Кеңес Үкіметінің осындай сұрқия
саясатына қарамастан қазақ халқы өмір үшін күресті.
Міне балалар, берілген тапсырмаларға толықтай жауап бере отырып
, үй тапсырмасын жан-жақты талқыладық.
Ал балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын осы тақырып бойынша не
білетінімізді ортаға салсақ.
- Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
- Ұлы Жеңіске қанша жыл толады?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті де, оның
жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал фашистік тәртіп орнатты. Сталин, Иосиф
Виссарионович - кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922
ж. бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас
хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы. 1939 жылы 1 қыркүйек Германияның
Польшаға басып кіруімен екінші дүние жүзілік соғыс басталды. 1941ж. 22
маусым таңғы сағат 4 шамасында Германия КСРО-ның батыс аумағына басып
кіруімен Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп
аталды. Ол сол бойынша КСРО-ны қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) жаулап
алмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде
«Ұлы Отан соғысы» деп аталды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!»
деген үндеумен Қазақстан еңбекшілері тылда тер төкті.
Электрондық оқулықты пайдалана отырып екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуын оқушыларға көрсету. Соғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Соғыс - мемлекеттер арасындағы қарулы күрес, саяси мақсаттардың табысы
болып табылған ұйымдастырылған қарулы зорлық. Соғыстың басты құралы әскер,

Балалар сендер қазақ батырларын білесіңдер ме? (Слайд)

1. Мәлік Ғабдуллин

2. Төлеген Тоқтаров

3. Мәншүк Маметова

4. Әлия Молдағұлова

5. Бауыржан Момышұлы

6. Талғат Бигелдинов

7. Рақымжан Қошқарбаев.

Біздің өлкемізден де Ұлы Отан соғысына қатысушылар бар. Осыған тоқталып
өтсек (Слайд).

1-оқушы

Ұлы Отан соғысы жылдарында 92 мыңнан астам солтүстік қазақстандық әскерге
алынды. 34 мың адам еңбек әскеріне жіберілді. Облыстың Жадынама Кітабы
мәліметтері бойынша соғыс барысында 45 364 адам қаза тапты, яғни майданға
кеткен әрбір екінші адам үйіне оралған жоқ.

2-оқушы

Солтүстік Қазақстан облысында Кеңестер Одағының батыры атағын 56 адам
алған. Олардың 11-нің есімі көшелерге берілген. Ж. Қизатов Ұлы Отан
соғысының майдандарында 1941 жылдың тамызынан бастап қатысып, барлауда
болып, Қырымдағы әскери операцияларға қатысып, Днепрді шабуылдаған. Оған
Кеңестер Одағының батыры атағы 1944 жылы берілді.

3-оқушы

А. Карушин майданда 1943-ші жылдан бастап болып, Бірінші Украин майданында
167-ші гвардиялық авиациялық шабуыл полкінің эскадрилия командирі болған,
Днепрді шабуылдап, Киевті азат етуге қатысқан, 104 рет соғысқа ұшып шыққан.
Кеңестер Одағының батыры атағын 1944 жылы қазанда алды.

4-оқушы

Әбу Досмұхамбетов – 1942 жылдан Ұлы отан соғысының майдандарында ұрысқа
қатысқан. Днепр және Припяти өзендерінің арнасын каналдар арқылы басқа
жаққа бұру жұмыстарына қатысқан. Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен
марапатталған.

Сыныпты үш топқа бөліп, алдын-ала тапсырмалар беріледі. Жоспар бойынша әр
топ өз тапсырмаларын орындайды.

Мәтінмен жұмыс.

І топ – Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

ІІ топ – Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста.

ІІІ топ - Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста.

5-оқушы

Соғыстың алғашқы жылында қала Батыстан көшірілген 20 зауыттың ұжымы мен
қондырғыларын қабылдады. Тері илеу, хром зауыттарының, байпақаяқ киім,
өнеркәсіп артелдерінің қуаты екі-үш есе өсті. Мыңдаған қалалықтар -
қарттар, әйелдер, жасөспірімдер бұл кәсіпорындардың ұжымын құрады.
Петропавл теміржол бөлімшесінің теміржолшылары жанқиярлықпен еңбек етті.

6-оқушы. Мәскеу үшін шайқаста.

Көптеген солтүстікқазақстандықтар даңқты 8-Гвардиялық дивизиясында Мәскеу
үшін шайқасты. Олар германия жерін ғана емес, сонымен қатар Польша,
Венгрия және Румыния халықтарын фашистерден азат етті.

7-оқушы. Ленинград үшін шайқаста.

1941 жылы тамызда Солтүстік-Батыс майданға Қазақстанның солтүстік
облыстарындағы әскери міндеттілерден құралған 314-атқыштар дивизиясы
жіберілді. Дивизия Ленинград түбінде, Балтық жағалауында жаумен шайқасты,
Польшада, Чехославакияда жауды талқандады. Александр Невский орденімен
наградталды.

8-оқушы

314-атқыштар дивизиясы – 1944 жылы 1 ақпанда Кингисепті азат етті. Осы үшін
оған «Кингисептік» деген құрметті атақ берілді. Мұхтар Әуезов және
Университет көшелерінің қиылысында - 314-атқыштар дивизиясының мемориалдық
ескерткіш орнатылған. Белгі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 50 жылдығына
арнап қойылған.

Кім жылдам?

2000-1000+941 =1941 (Ұлы Отан соғысының басталған жылы ......)

500х2+939 =1939 (Екінші дүниежүзілік соғыс ...... басталды)

14000-5000/10 = 900 (Ленинградтың жау қоршауында ..... күн болды)

158х2 = 316 (Генерал-майор И.В. Панфилов басшылық еткен дивизия .....)

11+11х10=220 (КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға көшіріліп әкелінген
зауыт, фабрикалардың саны .....)

453-386х0=67 (2012 жылы Ұлы Отан соғысына ..... жыл)

І топ – «Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқасқа қатысушылар»
сызбасын толтыр. Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев,
Бауыржан Момышұлы, 316-атқыштар дивизиясы, И.В. Панфилов. 314-атқыштар
дивизиясы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова.
ІІ топ – «Қатысушы елдер үшін соғыстың сипаты» кестесін толтыр.

ІІІ топ – ауыл еңбеккерлерінің аты-жөні мен оның еңбектегі ерлігі арасына
сәйкестік нұсқасын қой.

Түсіндірмесіне қарап ұғымды анықта.

Фашизм, агрессия, репрессия.
«Ұлы Отан соғысының батырларын біл».
Ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан жауынгерлерінен құралған дивизияны
басқарды. Бұл дивизия 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі шайқаста қалаға жауды
жібермеді. (Генерал Панфилов)
Отан туралы мақал-мәтелдер. Топтық сайыс.

Хронологиялық бұралаң.

Бұл жылдары қандай оқиғалар болды?

1941 ж. , 1920 ж., 1927 ж., 1946 ж.

IV. Бекіту. Ой ашар.

Тест

1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

А) 1939 ж Ә) 1941ж

Б) 1948 ж В) 1940ж

2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді

А) 220 Ә) 20

Б) 80 В) 100

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?

А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн

Б) 500 мың В)1млн 300 мың

4. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?

А) Ж. Қуанышбаев Ә) Ш. Берсиев

Б) Ы. Жақаев В) Б. Дисекбаев

5. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен
қазақстандық дивизия:

А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия

Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия

6. Б. Момышұлының өмір сүрген жылдары:

А) 1910-1982 жж Ә) 1900-1945 жж

Б) 1905-1978 жж В) 1908-1980 жж

7. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

А) 1939 ж Ә) 1942 ж

Б) 1945 ж В) 1944 ж

8. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз
денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?

А) Б. Момышұлы Ә) Ә. Молдағұлова Б) М. Мәметова В) С.
Баймағамбетов

Жауабы:

1- ә 2-а 3-а 4-б 5-а 6-а 7-б 8-в
VII. Қорытындылау: «Біз неге соғысты ұмытпау керекпіз» тақырыбына шағын 3-4
сөйлемдік эссе жазу.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен
ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп,
әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.
VIII. Үйге тапсырма:
Параграф 49, 50 оқу.
І топ – "Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды" тақырыбында презинтация жасау.
ІІ топ – «Ер – есімі ел есінде» тақырыбында реферат жазу.
ІІІ топ – "Жерлестеріміздің өшпес ерлігі" туралы буклеттер жасау.

Бағалау.

-----------------------
Соғыс

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстандықтар ленинград және мәскеу үшін шайқастарда
Суяб қаласы
Қазақстандықтар ұлы отан соғысы майданында
Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы
Күт мені
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде
Қазақ батырларын жаттау
Бауыржан Момышұлы еңбектері
Пәндер