Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларға сұрақ

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлттық ойындар тақырыбына байланысты мағлұмат беру.
Дамытушылық: қатысымдық тұрғысындағы әр түрлі тапсырмаларды орындау
барысында оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру , ойлау,
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген
қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: топтастыру әдісі, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмаға байланысты
флипчарттар, көрнекі құралдар асықтар, ұлттық ойындар суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Топтағы оқушылар өздерін таныстырып өтеді.
І топ Абай ауылы
ІІ топ Ыбырай ауылы
Әр ауылдың тұрғындары ақындардың өмір жолына тоқталып, бір шығармаларын
оқып шығады.
ІІ. Ой қозғау.
Төрт түлікке нелер жатады?
1. Интерактивті тақтада оқушылар төрт түлікті жазып шығады?
2. Малдың төлдерін тақта мүмкіндігін пайдалана отырып тиісті жерге
апарады.

ІІІ. Мақал- мәтелдер қонақ туралы
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Сыйлап берсе, суын іш.
Той тамағы- тәтті.
Қонақ келсе- құт
Тату үйдің тамағы тәтті
Қонақ аз отырып,
Көп сынайды.
Қонақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
Шульгина Каринаның орындауында «Тойбастар» күйі.
- Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын өте жақсы орындапсыңдар. Қазақ
халқы өте қонақжай халық қонақтарға кең дастархан жайып, сый құрмет
жасап қана қоймай, көңілдерін көтеру үшін ойын- сауық құрған. Олардың
бірі- ұлттық ойындар
Оқушыларға сұрақ
Қандай ұлттық ойындарды білесіндер?
Оқушылар атап шығады.
Жаңа сөздер мен танысу
IV. сөздік жұмыс
а) жаңа сөздер
тұрмыс- быт
салт –дәстүр – обычай
көбінесе – многие, в основном
сүйек – кость
құмалақ – овечьи катышки
асық – альчик
тобық – лодыжка
байланысты - связано

ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
V. Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Ұлттық ойындар

Қазақ халқының тұрмысы,салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен
байланысты болды.Олар ойынға мал сүйегін,қой құмалағын пайдаланды.

Мысалы,мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Ақсүйек», «Тобық»,
«Ханталапай», «Тоғызқұмалақ».

ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.

1.Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары немен байланысты?

2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?

3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?

- Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған
білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.
Екі ауылдың адамдарына арқан тарттырады.
VI. Ұлттық ойындарды ойнау.
1.«Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау.
Екі топқа шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі.
Абай ауылы: 1) Асан, ойнады, жазда, асық.
2) Наурыз, ұлдар, мейрамында, тартысты, арқан.
3) Ауылда, басталады, жарысы ат.
Ыбырай ауылы: 1) Асық, ойыны, ұнайды, маған.
2) Арман, «Тоғызқұмалақ», орын, бірінші,
ойнынан, алды.
3) Ақсүйек, ойналады, кешке, ойыны.

1.«Орамал тастау» ойыны. Бұл ойынның шарты: Мұғалім І – топқа Дауысты
дыбыстан басталатын зат есімнен сөз айтады, ал оқушылар іліп әкетіп,
бірінен соң бірі дауысты дыбыстан басталатын сөз айтып шығады. ІІ- топқа
дауыссыз дыбыстан басталатын зат есім сөздер айтады, қай топ мүдірмей
жылдам айтып шықса, сол топ жеңімпаз атанады.
Добродомов Даниланың орындауында «Тұлпарым » әні.
Ребус шешу.

Бес жолды өлең стратегиясы.
«Ұлттық ойындар»
VIІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?
VIІІ. Үйге тапсырма:Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.
ІХ. Бағалау
Оқушылардың орындауында «Ана тілі» әні.

Тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық № 23 орта мектеп

«Ұлттық ойындар»
5-сынып

Өткізген:Тәрбие және дамыту мәселелері

жөніндегі базалық № 23 орта
мектептің қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі А.О. Сыздыкова

Петропавл қаласы, 2013 ж
-----------------------
Төрт түлік

Ұқсас жұмыстар
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлт азаттық көтерілісі. 8 сынып
Электронды оқулық
Тиімді сұрақ қою
Деңгейі орташа оқушылар
Егемендік жағдайындағы саясат
Бейорганикалық жай және күрделі заттар. 8 сынып
Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар, оқылық Мақал
Елдің жаңа орталығы-Астана
Семей қаласының көріністерімен таныстыру
Пәндер