Математика (Таным): 2-сәбилер тобына арналған Ұқсасын тап - пішіндер мен түстерді сәйкестендіру сабағы

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«Балдырған» санаториялық үлгідегі

мектепалды балабақшасы

Білім саласы: Таным

Ү. О. І. Ә: Математика

Тақырыбы: Ұқсасын тап

2 - сәбилер тобы

Тәрбиеші: Мұратова Ғ. А.

Шалқар 2013

Мақсаты: Балаларды әр түрлі пішіндерді, түстерді, ажыратуға үйрету. Көру, есту сақтау қабілеттерін, аңғарымпаздығын дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Пішіндер, құлып және кілт суреттері.

Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, көрсету, ойын, жеке жұмыс.

Билингвизм: Самолет, замок.

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері: Қосыл, қосыл шеңберге

Нағыз адал дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге

Ең сенімді дос болып.

Бүгінгі ауа - райы туралы және күз мезгілі туралы балалармен шағын әңгіме жүргізіледі. Балалар күз туралы тақпақтар айтады.

Тосын сәт: Топ бөлмеге ұшық ұшып келеді. Балалар тәрбиешімен бірге ұшықты қарап тамашалайды.

  • Бізге не ұшып келді? (Ұшақ)
  • Ұшақты біз орысша айтсақ САМОЛЕТ-деп айтамыз. Қалай айтылады? (самолет)
  • Мына ұшақ қандай пішінге ұқсайды? (үшбұрыш)

Тәрбиеші ұшақ ішінен хат тауып алады. Балалармен хатты ашып қарап: - Мына хат ішінде не бар екен балалар? Мынау не?

  • Құлыптар.
  • Дұрыс құлып, олар бізге неге керек?
  • Үйдің есігін жабуға.
  • Балалар құлыпты орысша замок дейді. Орысша қалай айтылады?
  • Замок.

Тәрбиеші балаларға - замок - сөзін бірнеше рет қайталатады.

  • Құлыпты жабу үшін не керек?
  • Кілт.
  • Кілті жоқ екен, осы топтан іздеп көрейікші.

Тәрбиеші балалармен бірге стол үстінде тұрған кілттерді тауып алады.

- Енді балалар қай кілт қай құлыптыкі екенін біздер табайық.

Тәрбиеші құлыптарды тақтаға орналастырады. Балалар бір бірден келіп құлыптағы және кілттегі пішіндер суреті арқылы құлып пен кілттің сәйкесін тауып орналастырады.

- Мына құлыптың ортасында үшбұрыштың суреті бар, мына кілттің ортасында үшбұрыш бар ол мына құлыптікі.

Балалар осы әдіспен барлық құлыптың кілтін табады.

  • Кілт нешеу? Құлып нешеу?
  • Құлыпта, кілтте үшеу, барлығы бірдей.

Сергіту сәті: Бойыңды сергек ұста,

Емін еркін тыныста.

Деміңді ішке тез алда,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қарады,

Үш бұрыш сыз ауады.

Оң қолда бос тұрмасын,

Дөңгелек сызып зырласын.

Екі қолды қосайық

Төрт бұрышты сызайық.

Тәрбиеші балаларға стол үстіндегі жатқан геометриялық пішіндерден үйшік құрастыруға тапсырма береді. Балалар үйшікті қандай пішіннен құрастырғанын айтып береді.

Дидактикалық ойын: Ұқсасын тап.

Тәрбиеші қолына геометриялық пішінді ұстап тұрып:

  • Осы бөлмеде мына пішінге ұқсас қандай заттар бар? (төртбұрыш)
  • Терезе, есік, теледидар . . .
  • Үш бұрышқа ұқсайтын үй шатыры, кубиктер, ұшақ . . .
  • Домалақ доп бар, шар, күн . . .

Қорытынды: Тәрбиеші балалардан топқа не ұшып келгенін сұрайды. Ол не алып келді? Пішіннен не құрастырдық? Белсенді қатысқан балаларды атап, мадақтайды.


Ұқсас жұмыстар
І кіші топқа арналған сенсорика сабағы: Ұқсасын тап - түстер мен пішіндерді сәйкестендіру
ІІ сәбилер тобына арналған ашық сабақ: Сиқырлы жолдар - ұзын-қысқа және үлкен-кіші ұғымдарын, пішіндер мен түстерді қалыптастыру
2-сәбилерге арналған Орман әлеміне саяхат: 1-10 сандары, геометриялық пішіндер мен түстерді меңгертуге арналған білім беру жоспары
Ортаңғы №2 тобына арналған технологиялық карта: Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат
Ғажайып математика: 10 сан көлемінде тура және кері санауды, пішіндер мен түстерді меңгертуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
2-сәбилер тобына арналған Құстарға қамқорлық: табиғаттағы еңбек пен тәрбие жоспары
Технологиялық карта: Сәбилер тобына арналған қазақ тілі сабағы - Ертегілер әлемінде
Мектепалды даярлық тобына арналған Ойлан тап интеллектуалдық ойынының сценарийі
Танымдық тәрбие: 1-5 сандар, геометриялық пішіндер және түстерді қайталау арқылы оқу-ойын тапсырмалары
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz