Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұрагер тобының ережесі
Жеке тұлға әр түрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет –
адамның айнала қоршаған ртаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең
маңызды форма.
Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына
әсер етеді.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті – бұл нағыз өмір мектебі. Ұжымдық іс-
әрекет арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы
қалыптасады.
Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі
соншалықты болады. әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор
болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған
мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады.
Жастардың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін, шығармашылық
қабілеттерін дамытатын қоғамдық ұйымдардың бірі- «Жауқазын» балалар ерікті
ұйымы.
«Жауқазын» атты балалар-қоғамдық ұйымы – мекеп оқушыларын жастайынан
қлғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі өсиетті, жан-
жақты жетілген, іскр азамат етіп тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым.
Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік,
іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына
сіңіруде аянбай еңбек етеді.
Ұйымның мақсаты– баланың ойлау қабілеті мен жас ерекшеліктерін ескере
отырып, жжан –жақты дамыған, мәдениетті адам тәрбиелеу; балалар мен
жасөспірімдерді жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына қарай топтастыру;
отансүйгіштікке тәрбиелеу; белсенділік, өзіндік жұмыс пен жауапкершілікті
дамыту; дарынды балаларды іріктеу, шығармашылық және гармониялық
қабілеттерін дамыту; қоршаған ортамен тығыз байланыста болу.
«Жауқазын» балалар-қоғамдық ұйымы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары.
• ұйымның әр сұрағына өз ұсынысын беруге ;
• шешім қабылдауда дауыс беруге;
• ұйымның әр жұмысына қатысуға;
• өз мүддесін қорғауға;
• өз ойын айтуға, тыңдауға және қабылдауға.
Ұйым мүшелерінің міндеттері.
• ұйымның ережелерін орындауға;
• берілген істі жауапкершілікпен орындауға және шығармашылық шешім
қабылдауға;
• өзгенің ой-пікірін сыйлауға, үлгілі тәртіп көрсетуге;
• өз ұйымының және мүшелерінің мүдделерін қорғауға;
• заман талабына сай өмір сүруге.
«Жауқазын» атты ерікті ұйымның құрылымы 3 сатыдан тұрады.
1 – саты: 1-4 сынып ооқушылары «Балапан» атты саты. Оған 5-9 жас
аралығындағы оқушылар;
2 – саты: 5-9 сынып оқушыларын қамтитын «Ұлан» атты саты. Оған 10-15 жас
аралығындағы оқушылар;
3 - саты : 10-11 сынып оқушыларын қамтитын «Мұрагер» атты саты. Оған
16-17 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
«Жауқазын» оқушылар ұйымының арнайы ұраны, әнұраны бар.
«Жауқазын» оқушылар ұйымының ұраны:
«Жауқазын» шыңдарға баста
Жас ,құлпыр да жайна!
«Жауқазын» оқушылар ұйымының әнұраны:
1. Жаңа өмірге қанат қақтық
Бәрімізге бүгін шаттық
Жас Жауқазын, жайна
әрқашан да күліп ойна.
Қайырмасы:
Біз Жауқазын жайнап тұрған
Жаңа өмірге жоспар құрған
Жаса біздің жас талаптар
Жауқазындай жңа шыққан
2. Алға ұмтылып біз барамыз
Қол ұчтасып бәріміз.
Жастық шақта жалындайтын
Жауқазын деп саламыз.
«Жауқазын» оқушылар ұйымының «Балапан», «Ұлан», «Мұрагер» атты сатыларын
әр сыныптың белсенді , іскер оқушыларынан сайланған 5-10 адамнан тұратын
комитет басқарады. Әр топтың басшысы болады. олар ұйым президентіне
бағынады.
«Балапан» тобының ережесі.
Балапан тобы – бастауыш сынып оқушыларының басын біріктіретін қоғамдық
ұйым. Ұымдағы тәрбие жұмысы отбасымен, шығармашылық бірлестіктермен, дене
тәрбиесі, өнер үйірмелерімен және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып іске
асырылады.
«Балапан» тобының мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының басын біріктіріп, жүйелі және үздіксіз тәлім –
тәрбие жұмысын жүргізу. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қоршаған
ортаға , ата-анасына, туған – туыстарына , достарына, ұстаздарына және
басқа ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, ұлттық салт
– дәстүр, әдет – ғұрыптарымыздан нәр алған саналы оқушыны тәрбиелеу.
«Балапан» тобының міндеттері:
- Отанға , туған елге, тілге, ұлттық рәміздерімізге деген құрметті
қалыптастыру,
- Ата-ананы құрметтейді, көмектеседі, сыйлайды.
- Қоршаған ортаны аялайды, күтеді, гүлдендіреді.
- Алдыңғы қатарлы оқушы болуға ұмтылады.
- Жасына сай білімді тиянақты меңгереді.
- Жас және дене ерекшеліктеріне сай еңбекпен айналысады, денесін
шынықтары, дамытады.
Аталған міндеттерді және 1-4 сынып оқушыларына арналған ережелерді
оындауға тырысатын оқушылар «Балапан» тобына мүше бола алады.
«Балапан» топ мүшелерінің ұраны:
Тәй-тәй басқан балапан
Алға ұмтылып қалыспа
Тыңдап сізді, болып ізгі
Нық басамыз ізіңізді.
«Ұлан» тобының ережесі.
Ұлн тобы – 5-9 сынып оқушыларының іс-әрекетін біріктіретін оқушылар ұйымы.
«Ұлан» тобының мақсаты: ұлттық салт – дәстүр, әдет-ғұрыпты оқушы санасына
сіңіре отырып, шығармашылық іс - әрекеттерін дамыту арқылы білімді,
тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Ұлан» тобы мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын құрметтейді, Әнұранын жатқа
айтады.
- Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
- Туған тілін дамытуға өз үлесін қосады, басқа тілдерді құрметтейді.
- Халықтар достығын, ұлтаралық қатынасты дамытады.
- Алдыңғы қатарлы ғылым мен техника элементтерін, экономикалық
қатынастарға байланысты білім мен еңбек негіздерін меңгереді.
- Дене тәрбиесімен үздіксіз айналысады.
«Ұлан» тобы мүшелерінің ұраны:
Елді қорғайтын ер болайық
Ерді қорғайтын ел болайық
«Мұрагер» тобының ережесі.
«Мұрагер» тобы – 10-11 сынып оқушыларының басын біріктіретін дербес тобы.
«Мұрагер» - Егемен еліміздің белсенді көмекшісі. «Мұрагер» тобының жұмысы
мектептегі шығармашылық бірлестіктермен, отбасымен және мектептен тыс
қоғамдық ұйымдармен, әскери бөлімшелермен бірлесе отырып жүзеге асады.
«Мұрагер» тобының негізгі мақсаты:
оқушылардың Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып,
ұйым мүшелерінің білімге, ғылымға, дүниетанымын, жеке басылық адамгершілік
қасиетін дамытуға және оның қоғам өмірінің ағымына сай пайдалануға
көмектесу.
«Мұрагер» тобына кіретін мұрагерлердің міндеттері:
- Қазақстан Республикасы ұлттық рәміздерін құрметтеу және оны қорғауды
өз міндеті деп санау;
- Ұлттық тарих, мәдениетті, білімді жан-жақты меңгеру және оны өмірде
қолдану арқылы кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу;
- Бүкіл адамзат мәдениеті құндылығын бағалай білу;
- Отанның, туған жердің байлығын сақтауға және оны көбейтуге әрқашан
дайын болу;
- Жеке бас мәдениеттілігін, әдептілігін қалыптастыра отырып, қоғамдағы
ізгілендіру үрдісіне өз ұлесін қосу;
- Спортпен жүйелі түрде шұғылданып, тән және жан сұлулығын қатар
жетілдіру;
- Болашақ мамандық таңдауға байланысты білім негіздерін меңгеру.
«Мұрагерлердің» ұраны:
Жол басы даналыққа
Жетелейсің ақыл менен саналыққа
Санамызды алатын табындырып
Имандыққа жүресің талпындырып.
«Мұрагер» тобы әр сыныпта құрылады (ол 10-15 оқушыдан кем болмауы керек).
«Жауқазын» оқушылар ұйымына аудандық, облыстық, республикалық басқару
органдары басшылық етеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz