Бір қабатты тас үйлер

«Бекітемін»

Мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы:Ұжымдық қорғану құралдары-жасырынатын орын және радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы және бөлменің ішін жабдықтау, жасырынатын орынға орналасу және ондағы тәртіп.
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру, және ұжымдық қорғаныс орнының құрылымын сараптау.
  3. Уақыты:45 мин.
  4. Өткізілетін орны:11 сынып, БӘД бөлмесі.
  5. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, плакаттар.
  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 мин.

  • Ядролық жарылыстың радиациясы дегеніміз не?
  • Сәуле ауруының қанша дәрежесін білесіңдер?
  • Өткір радиацияны қалай әлсіретуге болады?

б) Негізгі бөлім - 20 мин.

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараты-адамдарды, күштердің жеке құрамын, сондай ақ олардың техникасы мен мүлкін қарсыластың шабуыл құралдарының әсерінен қорғауға арналған арнаулы ғимарат. Орналасқан жеріне қарай паналар қоса салынған және жеке тұрған паналар болып бөлінеді. Қоса салынған паналарға ғимараттың жертөле қабаттарында орналасқан паналар, ал жеке тұрғандарына ғимараттардан бөлек паналар жатады. Паналар тасалануға тиіс адамдар барынша қысқа мерзімде келіп жетуі үшін адамдардың негізгі тобының тұрғылықты жеріне неғұрлым жақын салынады. Паналар негізгі жайлардан(бөлімдер мен тамбур-шлюздер), сондай-ақ қосалқы жайлардан-сүзгілі-желдеткішті камералардан, санитариялық тораптардан, дизельді электр станциялардан, қорғанышты кірер және шығар тұстардан тұрады. Паналар жарық беру жүйесімен, байланыс және хабарлау аппаратурасымен жабдықталады. Резервтегі байланыс құралы радиостанция болуы мүмкін. Барлық паналарда шығар есіктің біреуі авариялық болып жабдықталады. Сумен жабдықтау сыртқы су құбыры желісінен жүзеге асырылады. Су құбыры зақымдалған немесе ол болмағандай жағдайда панада болу мерзіміне лайықталған ыдыстарда ауызсудың авариялық қоры жасалады. Пананы сыртқы ауамен жабдықтау әдетте екі режімде:таза желдету және сүзгілі желдету режімдерінде қамтамасыз етіледі. Бірінші режімде ауа радиоактивті шаңнан, екіншісінде улағыш заттар мен биологиялық құралдардан тазартылады. Халықты паналарға тасалау Азаматтық қорғаныстың тиісті хабарлау сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Паналар белгіленген режім мен күн тәртібі сақталады.

Қарапайым тасалар: ашық және жабық шұңқырлар тәп-тәуір қорғаныш бола алады. Егер адамдар қарапайым, ашық шұңқырларға тасаланса соққы толқынынан, жарық сәулеленуден зақымдану ықтималдығы ашық жердегі зақымдалумен салыстырғанда1, 5-2 есе азаяды. Ал егер шұңқырлардың үсті жабылған болса, жарық сәулеленуден қорғаныш толық болады., соққы толқынынан қорғаныш 2, 5- 3 есе артады.

Тасалар: Тасалар
Бәсеңдету күші: Бәсеңдету күші
Тасалар: Дезактивизацияланған ашық саңылаулар, орлар, оқпаналар
Бәсеңдету күші: 20
Тасалар: Бүркемеленген саңылаулар
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Паналар
Бәсеңдету күші: 1000
Тасалар: Бір қабатты ағаш үйлер
Бәсеңдету күші: 3
Тасалар: Бір қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 10
Тасалар: Екі қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 20
Тасалар: Үш қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Көп қабатты тас үйлер
Бәсеңдету күші: 70
Тасалар: Бір қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 40
Тасалар: Екі қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 100
Тасалар: Көп қабатты үйдегі подвалдар
Бәсеңдету күші: 400
Тасалар: Автомобильдер
Бәсеңдету күші: 2
Тасалар: Бронетранспортерлер
Бәсеңдету күші: 4
Тасалар: Танкілер
Бәсеңдету күші: 10

в) Қорытынды бөлім - 12 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздерін атаңдар.
  • Радиоактивті зақымдану қалай пайда болады?
  • Жер үстіндегі ядролық жарылыстан радиоактивтік іздің түзілуі туралы айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы
Тәуелдік жалғауларының жекеше түрін тексеру
Қазақстан қонақ үйі
Астана және Президент
Геометриялық пішіндер туралы ертегі
Әлемнің жеті кереметі. дүниетану, 4 сынып
Өгіз қайда
Астана қаласы өте әсем қала
Ақтөбе қаласы. 4 сынып
Өскемен қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz