Үшбұрыштардың ұқсастығы тақырыбындағы 9-сынып геометрия сабақ жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Сәбит негізгі мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Геометрия 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштардың ұқсастығы»

Мұғалім Каленова Сапура Манапқызы

Геометрия 9 сынып

Сабақтың тақырыбы : Үшбұрыштардың ұқсастығы

Сабақтың мақсаты :

Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;

Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгеру

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, таратпа қағаздар, кесте, слайдтар

Сабақтың әдісі : салыстыру әдісін қолдана отырып жаңа білімді өздігінен меңгеру, сұрақ-жауап, өздігінен ізденіс

Сабақтың өту жоспары : 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.

Білімге жетелейтін үш жол бар :

Еліктеу жолы -ең жеңіл жол,

Ойлау жолы -ең игілікті жол,

Тәжірибе жолы-ең қиын жол .

Конфуций.

Ұранымыз: « Ойлан, ізден!»

Балалар бүгін сабағымызды біз екі топтың жарысы түрінде ұйымдастырамыз

Алдын ала екі топқа бөлінген

Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Тренинг
  • Үйге берілген тапсырманы қайталау
  • Жаңа сабақты өздігінен меңгеру/ екі топ болып постер құру, қорғау/
  • Жаңа сабақты бекіту/ сұрақтарға жауап беру/
  • Кесте толтыру
  • Сергіту сәті
  • Диктант
  • Есептер шығару
  • Сабақты бағалау
  • Қорытынды
  • Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг/ өз бойыңдағы 5 жақсы қасиетті айту/

Абай атамыздың 5 асыл ісін еске түсіру /талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз/

/ адамгершілік, мейірімділік, кешірімділік, адалдық, сыпайылық /

  • Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
  • Үйге 7 сыныпта өткен үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау берілген.

1. Оқулықты ашып үшбұрыштардың ұқсастығы деген ұғымды ажыратып алайық ; / үшбұрыштар ұқсас болса, онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал/

2. математика тіліне аударып жазайық;

∆АВС ∆А 1 В 1 С 1

∠ А=∠ А 1, ∠ В=∠ В 1 , ∠ С=∠ С 1 ,

А 1 В 1 =к А В , В 1 С 1 =к ВС, А 1 С 1 =к А С

к= , к= , к= ,

3. Теңдік белгілеріне постер құру/ екі топ /, қорғау

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту /көрнекілікте жазылған сұрақтарға жауап беру/

1. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін І белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болу керек/

2. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал, арасындағы бұрыштар тең болу керек/

3. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың үшқабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болуы қажет/

Есептер шығару : екі топқа бірдей кесте таратылады, тексеріледі/ екі топ бір-бірін тексереді/

Кесте

Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А 1 В 1 С 1
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1:
АВС үшбұрышында
А 1 В 1 С 1 үшбұрышында
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: А
В
С
а
b
c
А 1
В 1
С 1
а 1
b 1
c 1
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: 1
40 о
30 о
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: 2
5
4, 6
2, 5
?
2, 3
?
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: 3
7
5
4
?
?
1, 5
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау ∆АВС∼ А1В1С1: 4
60 о
2
1
?
?
5

Сергіту сәті: музыка әуенімен екі қолымызды тіземізге қояйық, көзімізді жұмайық, кеудемізді кере демалайық, жасыл табиғат, таза ауаны жұтып-жұтып, болашаққа бір сәт киялдайық, өзімізге, барлық адамзат баласына жақсылық, тыныштық тілейік! Тәтті қиялымыздан оянайық

Диктант бос орындарды қажетті ұғымдармен толықтыру

1. Бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың__ . . .

тең болу керек;

2. Бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына__ . . . , арасындағы__ . . . тең болу керек

3. Бір үшбұрыштың __ . . . екінші үшбұрыштың үш қабырғасына __ . . . тең болуы керек

Есептер шығару оқулықтан

Сабақты бағалау


Ұқсас жұмыстар
9-сынып геометриясы: Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қайта қарау сабағы
9-сынып геометрия: Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы - сабақ жоспары
9-сынып геометрия: центрлік және осьтік симметрия бойынша сабақ жоспары
9-сынып геометрия: Ұқсастық түрлендіру мен гомотетияның қасиеттері - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Үшбұрыштардың ауданы: сабақ жоспары мен есептер
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісі
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштардың түрлері мен қасиеттерін бекіту
Үшбұрыш және оның түрлері: 7-сынып геометрия сабақ жоспары
7-сынып геометрия: Вертикаль бұрыштар сабақ жоспары
9-сынып геометрия: Пирамида - анықтамасы, элементтері және бет аудандарын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz