Олимпиада есептері

Үйірме жұмысы
1 сыныпқа арналған авторлық бағдарлама
Бағдарламаны құрастырған:
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
«Парасат» мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанар Тұрсынқызы Жанабекова
«Жас қаламгер»
үйірмесінің бағдарламасы
Түсінік хат
«Жас қаламгер» үйірмесі «Парасат» мектеп-лицейінің 1 сынып оқушыларына арналған . Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттырады.
Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады.
Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т. б. ) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.
Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Үйірменің міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.
Тақырыптық жоспар
Сағат
саны
Пайдаланған
әдебиеттер
Суреттер
Ана тілі хрест
Балалар әдебиеті.
Ана тілі хрестоматиясы
Суреттер
Ана тілі хрест
Суреттер
Ана тілі хрест
Диалог құрастыру
«Оқымысты бала
Колданған әдебиеттер:
- Ана тілі хрестоматиясы 1 сынып Атамұра, Алматыкітап.
- Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы №1, №2
- Қ. Қ. Жамантаева «Сөйлесейік те жазайық, өз тілімізге үйренбей қалмайық»
- Қазақ ертегілері
- Мақал-мәтелдер кітабы
- «Балдырған», «Айгөлек» журналдары
«Бастау» математикалық клубы
үйірмесінің бағдарламасы
Түсінік хат
Бүгінгі күні бастауыш сатыда берілетін білімге қойылатын талап жоғары болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір көлемдегі білімнің біліктілігін, дағдыларын меңгеруімен бірге танымдарын қалыптастырып, жеке бастың қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады.
«Бастау» математикалық курс бағдарламасы 1 сынып оқушыларына арналады. Аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа бөлінген. Бағдарламада математикалық олимпиадаларға дайындық жұмыстары ретінде арифметикалық ребустар, логикалық және комбинаторикалық есептер, фигураларды бөлуге немесе басқа да тапқырлықты қажет ететін жаттығулар беріледі.
Бұл курс оқушылардың ақыл-ойын математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамытады. Оқушылардың танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады. Өздігінен іздену дағдылары қалыптасып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта танымдық белсенділіктерін, шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынастарын қалыптастырып, математикалық білім, білік-дағдыларды жетілдіреді. Оқушыларды қорытынды жасауға логикалық желісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады.
Міндеті:
- Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейту;
- Арифметикалық, геометриялық мәселелердің үйлесімді байланыста болуы;
- Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау;
- Оқушылардың өмір тіршілігіне келесі буынында оқуын жалғастыру үшін білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ақыл-ойы математикалық стилі, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды. Іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады.
«Бастау» математикалық клубы
үйірмесінің бағдарламасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz