Төрттен бір бөлік (ширек) ұғымын оқыту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек) .
Сабақ мақсаты: білімділік:оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін
пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін
дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Теорияны
практикамен ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге
тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, кесте.
Сабақ барысы:
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
1. Психологиялық сәт:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сәздерге,
Құрметпенен біз!
2 «Тез ойла» ойыны. Доп арқылы 2-нің, 3-тің, 4-тің көбейту кестесін еске
түсіру.
3. Күн жады, сабақ тақырыбы.
4. Көркем жазу минуты. 4 саны мен цифрасы.
II. Операциялық-орындаушылық кезең.
1 . «Ұғып ал» . Төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы: қағазды төрке бөлу.
2. Оқулықтағы № 1 тапсырманы орындау.
3. «Қандай сан?» . Бос орындарға тиісті сандарды қою.
4. Тақтамен жұмыс. « Кестемен жұмыс»
5. Сергіту сәті.
Шаршасандар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарынды сермендер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
6. Теңдеулерді шешу.
х 4 = 28 36 : х = 9
7. Есепті шығару.
Әкесі 35 жаста.
Лиза әкесінен 23 жас кіші,
Ал оның сіңілісі 5 жаста.
Лиза сіңілісінен неше жас үлкен?
ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
1. Төрттен бірі боялған фигураларды табу.
2. Қорытынды.
- Біз бүгін ұғыммен таныстық?
- Басқаша қалай атауға болады?
- Мына алманы төртке бөл де, бір бөлігін өзін ал. Алманың неше бөлігі қалды?
- Үштен бір бөлігін Болатқа бер.
3. Бағалау.
4. Үйге тапсырма: 75бет №13