Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отан үшін күрес - ерге тиген үлес
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,Көк туың
қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына
20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан
құт-береке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған
елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды
ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би
Ә)Мағынаны тану.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би
болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы
отыр.
16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.
7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу жылы.
8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.
11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық
бағдарламасы жарияланды.
13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
1-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия
көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
2-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық
өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы
жоғарғы қарқында дами бастады.
Ой-толғаныс.
Оқушылар өз шығармашылықтарынан өз өлең-жырларын оқиды
Бекнұрдың шығармашылығынан:
Отаным-жүрегім сен,
Күш алам өзіңнен мен.
Жаралғам топырағыңнан
Нәр алғам бұлағыңнан
Сен үшін күресемін,
Аялап құшақтасып
Өтермін өзіңменен
Еркебұлан шығармашылығынан:Әнұраным-айбыным,
Қымбатсың маған
Бар шыным.
Естігенде жүрегім
Тебіренер бұлқынып.
Шырқалшы әнім
Мәңгілік !
Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.
«Отанды сүю от басынан басталады» «Туған жер тұғырың» «Отан оттан да
ыстық»т.б.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында
Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа
экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің
тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз
жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге
сендер де ат салысады деп сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Тәуелсіздік тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған
шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-
ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи
шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің
ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел
Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-
жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық
құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық
халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда
еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің
сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту
авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек
Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның
мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев,
Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев,
Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай
саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша
біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен
тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем
саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар
туралы» Президент жарлығы шықты.
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына
көшіруге шешім қабылдады.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-
кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —
қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы
ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін
2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы
ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық
мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік
ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке
кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997
жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі
кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі
кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық
шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болып
өтті.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен
марапатталды.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық
магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі
жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен
Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру
мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы
құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан
картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды.
Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай
дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы,
Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен
дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы
қалаларының макеттері қойылған.
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек»
монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті
халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы –
ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік
символы тәрізді.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында
аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал
2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі
ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың
жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке
заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
туралы Қаулыға қол қойды.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және
келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын
«Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы
Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2010 жыл.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті.
Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана
140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске
қосылады.
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің
басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде
КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің
жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның
Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін
де биылғы жылдың басты оқиғасы.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz