Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

Сабақ тақырыбы: § 37 Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді
қосуды үйрену. Теңәрекетті күш ұғымын ашу. Формуласын үйрету, өмірмен
байланыстыра отырып білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық
қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке
тұлға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке,
адамгершілікке, қарапайым, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, құрал-жабдықтармен және тестпен жұмыс, өз
білімдерін көрсету. ( Сын тұрғысынан ойлау әдістері )
Құрал-жабдықтар: Тест парағы, үлестірмелер, диномометр, сызғыш, гір тасы,
интерактивті тақта (слайдар), бағалау парағы..

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушылар
ұпай жинау арқылы бағаланады.Әр бөлімде өздері мұғалім берген ұпайды
бағалау парағына апарып іледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А. Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап
1. «Кім көп біледі?»
. Оқушыларға сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар жауап береді :
1) 1.Физикада күш деген сөзді қалай түсінеміз?
3. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
4. Күш немен сипатталады? Күш сызбада қалай кескінделеді?
5. Күш бірлігі ретінде не қабылданған? Қандай күш 1Н – ға тең болады?
6.Деформация деп нені айтады? Дененің деформациясы қалай пайда болады?
7. Пластикалық деформация деген не? 8. Қандай деформация серпімді деп
аталады?
9. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады? Ол қалай қарай
бағытталған?
10. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға
айналады?
11. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
12. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?
13. Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз?
14. SI жүйесінде қатаңдық қандай бірліктермен өрнектеледі?
15. Тәжірибе көмегімен серіппенің немесе резеңке таспаның қатаңдығын
қалай анықтауға болады?
16. Серпімділік күшінің пайда болуын түсіндіріңдер
Қосымша сұрақ
И.Ньютон туралы не білесің? Динамометр жайында не білесің?
2. Ә. «Дәлдеп көзде».
Тест жұмысы. 7 сұрақ түрінде беріледі. Оқушылар досыныкін тексеру арқылы
бағалайды
1. 20 Н күш әсерінен серіппе 4 см ұзарады. Серіппенің қатаңдығы қандай?
А.5 Н/м Б.80 Н/м С. 500 Н/м
2.Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады?
А.дене бірқалыпты қозғалғанда Б.Дене деформацияланғанда
С.Дене төмен құлағанда
3.Қатаңдық коэфицентінің өлшем бірлігі
А.Н/м Б. Н/кг С.Н*м
4.Гук заңының формуласын көрсет
А.F=kx Б. F=kL С. F=mX
5.k-шамасы нені білдіреді?
А. Күшті Б. Қатаңдықты С. Ұзаруды
6.Күшті өлшейтін құрал
А. Спидометр Б.Термометр С. Динамометр
7. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген?
А. Диффузия Б. Броундық қозғалыс С. Гук заңы
Тестті тексеріп бағалайды
1.С
2.Б
3.А
4.А
5.Б
6.С
7. А Дұрыс жауап саны бағалауы:
1-3- “3”
4-6- “4”
7- “5”
Б.«Есепке қалайсың?» үй есебін тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір
мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол күшті басқа күштердің тең
әрекетті күші деп атаймыз.
Тірек сызба арқылы түсіндіру

Егер денеге әрекет ететін Егер денеге
әрекет ететін
екі күш бір бағытта әрекет ететін екі күш қарма – қарсы
бағытта әрекет
болса, онда ол күштердің ететін болса, онда
ол күштердің
тең әрекетті күші төмендегідей болады: тең әрекетті күші төмендегідей
болады:
FR=F1 + F2
FR=F1 - F2

Есептер шығарып көрсетсек.
Денеге бір түзудің бойымен бірнеше күш әсер етеді.
Жаңа сабақты қорыту
А. Сұрақтар қою арқылы
1. Қандай күшті тең әрекетті күш деп атаймыз?
2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті
күші неге тең?
3. Бір түзудің бойымен қарама – қарсы бағытталған екі күштің тең әрекетті
күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай бағытталады?
4. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтір.
Б. Есептер шығару

«Кім жүйрік?»

Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айту керек.
1) А) Жол Б) жылдамдық В) уақыт С) масса Д) кұш Е) тығыздық

ІІ – топ.
Мектептен үйге жету үшін өлшем бірліктері бойынша физикалық шамаларды айту
керек.
2) А) м Б) м/с В) с С) кг Д) Н Е) кг/м³

ІV. Білімді бекіту, тиянақтау.
1. 100 кг таспен 0,1 т ағаштың қайсысы жеңіл?
2. Массасы 0,5 т құм мен 500 кг топырақты араластырғаннан кейінгі қоспаның
массасы қандай болады?
3. Болат серіппе 150 Н күш әрекетінен 500 см-ге ұзарды. Серіппенің
қатаңдығын есептеңдер.
4. F=1000 H, k=100 Н/м. х-?
5. .
V. Сабақты қорыту:
Әр топтың ұпайы есептеліп, көп оқушылар бағаланады.
Оқушылардың білімін бағалау кестесі:

| Аты-жөні | |«К |«Есепке |«Кім жүйрік?»|Қорытынд|
| |«Кім көп |«Д «Дәлдеп |қалайсың?» | |ы баға |
| |біледі?» |көзде». | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |

VI. Үйге тапсырма: §35- §36 оқып, 13-жаттығуды орындау.

Көңілімізді көтерейік
Логикалық сұрақтар
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы
ма? ( қалыны , ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? (
тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

-----------------------

Үй

Мектеп

Үй

Мектеп

Ұқсас жұмыстар
Денелердің тең әрекетті күші, тартылыс құбылысы, ауырлық күші. 7 сынып
Массалардың төменде
Оқушылардың құрал жабдығын тексеру
Үдеуі қанша
Есептер шығару. 7 сынып
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
ЭНЕРГИЯ БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Денелердің жүзу шарты
Денелердің жүзу шарттары.Есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану
Кері итеруші күш
Пәндер