Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Тақырыбы: Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық,қамқорлық , ізеттілік
Мұғалiмі: Мирманова Толғанай Серікқалиқызы
Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы
Сабақтың мақсаты:
Үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет жасауға баулу.
Міндеттері:
Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай
бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер
істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі
ой келеді.
Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туықандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 9 сабақ. 35 бет М.Төренжановтың «Үш дос» әңгімесін оқып,
талдау.
1. Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
2. Бір- бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер
болуы керек ?
3. Дәйексөз.
Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің.
Халық даналығы
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін
үш рет қайталаймыз? Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.
4. Әңгiмелеу.
Шалва Амонашивили «Күлкім менің, қайдасың» кітабынан үзінді.
Отбасы жағажайға демалысқа шықты. Балалар теңізге суға түсіп,
құмға сурет салып ойнап отырады. Бір кезде алыста кішкентай кемпір
көрінді. Оның ақ шаштары желбіреп, үстіндегі киімі лас еді . Өз -өзімен
сөйлеп құмнан бір нәрселерді теріп сөмкесіне салып келе жатты. Ата- аналар
балаларын қасына шақырып, кемпірден аулақ болуды тапсырды, кемпір отбасының
қасынан өтіп бара жатып, жерден бір нәрсені алмақшы болып еңкейіп оларға
қарап жымыйды. Бірақ ешкім оған жауап қатпады. Бірнеше аптадан өткен соң,
олар бұл кішкене кемпірдің балалардың аяғына кірмесін және жарақаттанып
қалмасын деген оймен, ол жерден әйнектер теріп жүргенін білді.
1.Балалардың ата- анасы неліктен үлкен кісіден аулақ болыңдар деді?
2.Кәрі әженің ниетін қалай түсіндіре аласыздар?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөліп, аяқталмаған жағдаяттарды бере отырып, өз
ойларымен толықтырып, әр топтан бір оқушыдан жауап алынады.
6. Топпен ән айту.
«Ізеттілік әліппесі»
Сөзін жазған: А.Асылбеков
Әнін жазған М.Әубәкіров
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
7. Үй тапсырмасы.
10 сабақ 38 беттегі Рахмет, ата әңгімесін оқып, талдау.Дәптердегі 9
сабақтағы тапсырма берілді
8.Соңғы тыныштық сәтi. Жай музыка қойылады. Құрметті оқушылар жайланып
отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін
жүрегіңізге түйіп алаңыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz