Таза табиғат пен адамның денсаулығы: бастауыш сыныпқа арналған сабақ

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Қыдырқожақызы.

Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және

«табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
  • табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

  • Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат - анамыз. Олай болса сабақты Табиғат - анаға тілек айтудан бастайықшы.

Балалар кезекпен тілек айтып шығады:

  • Табиғат - анамыз таза болсын
  • Табиғат - анамыз көркем де сұлу болсын
  • Табиғатымыз ұзақ жасасын және т. б.

Жер - ана:

- Балалар, адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарың -

ды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.

Күн:

Нұр - сәуле шуағым,

Беретін қуатым.

Ұлы емші боламыз,

Бізден күш аласыз.

Жылытып, қыздырып,

Нұрыма жүзіңдер.

Алтындай шуағым,

Сырқатты қуамын.

Ауа:

Жер шары - ұлы әлем,

Қоршаған біздерді.

Ауадан тыныс ап

Өседі ырыс - бақ.

Денсаулық дауада,

Демге күш ауада.

Су:

Сусында әрі дем,

Біз емші бәрінен.

Жуынсаң сергітер

Су - өмір жүрегі,

Денсаулық тірегі.

Оқушы:

Уа, Жер - ана, Мөлдір су, Таза ауа, Алтын күн!

Дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?

Жер - ана:

  • Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу, демалу, ақыл - ойды дұрыс қалыптастыру, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың көрініс бойынша түсініктерін кеңейте түсу үшін әңгімелеу ұйымдастырылады.

Алтын балық

Ертегі

Оқушылардың түсініктерге сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады:

  • Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?
  • Сендер адамның орнында болсаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?
  • Ертегідегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар ұқсайды?
  • Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

  • Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін білмейді. Әдемілікке толы табиғатын, тап-таза суын, тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын ойламады. Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы да, көңіл-күйлері де бұзылары анық. Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.

Дәйексөз

  • Балалар, табиғаттың көркеюі мен таза болуына біздің қосар үлесіміздің бірі - өсімдіктер отырғызу, оны күтіп- баптау, өсіру.

Тапсырма

Дәптермен жұмыс

Қорытындылау

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.

Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

4 «А»

Бекова Айсұлу

2013 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Денсаулығы ғаламның - денсаулығы адамның: 6-сыныпқа арналған сайыс сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Адамның досы тақырыбындағы дамытушылық сабақ жоспары
Табиғат - денсаулық мекені: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ауа, су, күн - адамның досы: бастауыш сыныпқа арналған аралас сабақ жоспары
Адамның сезім мүшелері - көз және тері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Адам денсаулығы тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Таза ауа тапшы болмасын: табиғат, адам және қоғам туралы дебат сабақ жоспары
4-сынып ана тілі сабағы: Өтебай Тұрманжановтың Қарлығаш өлеңі арқылы табиғат пен адамның байланысы және экологиялық тәрбие
Таза заттар және қоспалар: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақтарының әдістемелік жоспарлары: Зат есім, Денсаулық пен табиғат, Етістік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz