Сөйлем құрауға бағытталған Сурет сабағы: Қастеев өнері мен 155-157 жаттығулар

Тақырыбы: Сөйлем. Сурет сабағы. Суретші ата Қастеев.

155 - 157 жаттығулар.

Мақсаты:

а) О. Әубәкіровтің «Сурет сабағы» өлеңімен таныстыру.

Қастеев өнеріне баулу. Сөйлем құрай білуге дағдыландыру.

ә) Өнерге, еңбекке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) Логикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: автор суреттері, фото, мазмұнды, бояумен салынған суреттер, поезд макеті.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, дәптер, суретпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: ән, бейнелеу, әдеп.

Түрі: саяхат сабақ. (ойын)

Типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Стратегиясы: «Ойқозғау», «Өзің үшін жазу»

Барысы:

І. Ұйымдастыру: (психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (өтілген ережелер мен өлеңді пысықтау)

ІІІ. Жаңа сабақ: Балалар, сабағымыздың 1-ші жартысында адам өмірінде әннің орнын бақыладық. Әннің құдіреті күшті екеніне көзіміз жетті. Ән адамның көңіл-күйін көтереді. Жан дүниесін ашады. Әннің ажырамайтын серігі бар. Ол да өнерге жатады. Серігінің аты кім деп ойлайсыздар? Иә - сурет.

Сурет арқылы біз қоршаған ортаны, табиғатымыздың сұлулығын жеткізе аламыз. Кез келген оқиғаны баяндап береміз. Әрине, оған адамның қабілеті болса, ән сабағы мен қатар сендердің сүйікті пәндерің сурет сабағы деп ойлаймын. Мысалы: сабақ кестесін қарап отырып, ертең сурет сабағы екенін білесіңдер. Соныменен не саламыз, сурет салуға не керек?

Қағаз

Түрлі түсті қалам сурет өшіргіш

Түрлі-түсті бояу фломастер

  • Дұрыс балалар! Бүгін біз Сурет әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа сүйікті ойыншықтарымызда барады.

Табиғатты ақын-жыраулар жырлап өткен. Ұлы ақын Абай атамыз табиғаттың 4 мезгілін суреттегені соншалық, көз алдымызға қазақтың кең даласы, көкорай шалғын бәйшешегі, үсті-басын қырау басқан, аязды, бұлт қаптаған аспаны елестейді.

І аялдама: «Абай және табиғат» аялдамасы.

Мұнда оқушылардың Абай өлеңдерінен түсініп салған суреттермен танысамыз.

ІІ аялдама: Жыл мезгілдерін фото суретпен байқаймыз.

ІІІ аялдама: Оқушылардың салған суретіне мән беріп, сөйлем құрап көрейік.

IV аялдама: «Жұмбақтар» аялдамасы

  1. 6 қырлы, алтын сырлы(қалам)
  2. Өшірді, сүртті, өзгені құртты,

Өзін де құртты. (өшіргіш)

  1. Қыл басымды тықты,

Кемпірқосақ шықты. (түрлі-түсті бояу)

Ал, міне балалар сурет сабағыма да жеттік. Ең соңғы аялдамамыз «Сурет сабағы»

б) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы:

в) Ән. Сергіту сәті: «Сурет сабағы»

г) Дәптермен жұмыс: 155 жаттығу

д) Мәнерлеп оқу. Суретші ата - Қастеев.

IV. Үйге тапсырма: Өлең, 157 жаттығу.

V. Қорытынды: пысықтау, мадақтау, баға


Ұқсас жұмыстар
1-сынып бейнелеу өнері сабағы: Қазақстан суретшілері және Әбілхан Қастеев
Бейнелеу өнері: шығармашылықпен оқытудың қорытынды сабағы (Сурет-дизайн үйірмесі)
7-сынып қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары: Бейнелеу өнері және Ә. Қастеев
4-сынып бейнелеу өнері сабағы: Сүйікті ертегі және иллюстрациялық сурет
6-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Сурет салуды меңгеру және сурет салу кезеңдері
Сурет - бейнелеу өнері шығармашылығының негізі: теориясы мен оқу-әдістемелік жаттығулары
9-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем және Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Хабарлы сөйлем: сабақ жоспары, ереже мен практикалық жаттығулар
Ана тілі интерактивті сабағы: Сөйлем және Жамбыл Жабаевтың Балаларға өлеңін талдау (150-152 жаттығулар)
2-б сыныпқа арналған Хабарлы сөйлем: ашық сабақ жоспары мен жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz