Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өнерлінің өрісі ұзақ

Ана тілі
Тақырыбы: Сөйлем. Ән сабағы. Мақалдар. 153 – 154 жаттығу.
Мақсаты:
а) Сөйлем және оның соңынан қойылатын тыныс белгілер туралы мағлұмат беру.
Әншілер өмірі мен шығармасымен таныстыру. (Қазақтың бұлбұлы атанған Күләш
Байсейітова мен халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған биші Шара
Жиенқұлованың өмірімен таныстыру.
ә) Сауаттылыққа, өнер адамдарын құрметтеуге, эстетикалық тәрбие беру.
б) Өлеңді оқыта отырып, оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл
байлықтарын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: мазмұнды сурет, табиғат көріністері Күләш Байсейітова мен
Ш.Жиенқұлованың суреті.
Түрі: Жарыс сабақ.
Әдісі: Коммуникативті сұрақ-жауап, СТО –ды дамыту, ұжымдық, топтық әдістер,
оқулықпен, суретпен жұмыс, баяндау.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, музыка, дүниетану, әдеп.
Типі: Жаңа сабақ (дағдысын қалыптастыру)
Стратегиясы: «Ойқозғау», «Өзің үшін жазу»
Барысы:
І. Ұйымдастыру:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Сізге сәлем береміз.
Құрметпенен біз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (жарыс түрінде)
Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Жаңа сөйлем қалай жазылады?
3. Сөйлем нелерден құралады?
4. Сұраулы сөйлемнен соң не қойылады.
5. Лепті сөйлемнен соң не қойылады?
6. Хабарлы сөйлемнен соң не қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ: (қызығушылығын ояту)
а) Кіріспе.
Мұғалім: - Балалар,
« Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңіліме түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй» - деп Абай атамыз жырлағандай, ән көңілдің
ажары, әр адамның жан-дүниесі осы ән арқылы жеткізіледі. Нәресте дүниеге
келгенде, алғашқы әні – анасының бесік жыры. Анасының аяулы үнімен ол
тербеліп тәтті ұйқығ,а кететін. Әннің құдіреті күшті. Қай кезде болса да
адам ән салғанды ұнатады. Әсіресе көктем келгенде бүкіл әлем әнге бөленеді.
Жайнаған дала, жарқыраған күн, сызылтып салған құстар әні қандай тамаша!
ә) Жаңа сабақты хабарлау:
Мұғалім:
Сәуір міне, келді жайнап,
Көктемнің бұл айы,
Құс біткеннен төгілген ән
Бейне көктем жырлары – дегендей, бүгінгі сабағымызда қазақтың бұлбұлы
атанған К.Байсейтова мен бишілік өнердің негізін қалаушы Шара Жиенқұлова
мен танысамыз.
- Күләш (шын аты – Гүлбахрам) Жасанқызы.
- Қазақтың атақты әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушының бірі.
Әкесі Жасан Жап – жақсы әнші болған Күләштің бойындағы өнер әкесінен
дарыған. «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек» рольдерін мықты орындаған.
Ш.Жиенқұлова Гүлшара – қазақтың атақты билеуге, педагог, халық әртісі.
Ол қазақ би өнерінің дамуына мол үлес қосты. (Билері: «Балбырауын»,
«Маусымжан»;)
- Балалар, бәрің де ән сабағын жақсы көресіңдер. Бүгін О.Әубәкіров сатирик
ақын ағаларыңның «Ән сабағы» деп аталатын өлеңін өтеміз. (Балаларға
арналған «Қағаз қалпақ» деген кітабы бар)
б) Мұғалім оқуы: «Ән сабағы» (О.Әубәкіров)
в) Оқушылардың оқуы қатар бойынша
г) Дәптермен жұмыс, 153-жаттығу сурет бойынша
- Ал, балалар мына суретке қарап, сөйлем құрап көрелік.
І қатар – жер ІІ қатар – бәйшешек ІІІ қатар – құстар
ғ) Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Жел алдымнан есебі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
д) Өзіндік жұмыс: 154-жаттығу.
ж) О.Асқар. Өлең.
е) Мақал-мәтел сайысы: (топпен жұмыс)
І қатар. Өнерлі өрге жүзеді
Өнерлі жігіт өрге озар.
Өнерсіз жігіт жер соғар.
ІІ қатар. Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Өнерлі бала – сүйкімді.
ІІІ қатар. Өнерлінің өрісі ұзақ
Өнерлінің сөзі алтын
IV. Үйге тапсырма: эссе «Көктем» өлеңді жаттау.
V. Қорытынды: пысықтау, мадақтау, бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Басты байлық-денсаулық. 5 сынып
Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгі
Қазақ тілі - қащынам
Тақырып - Жігіт сұлтаны
Биіктерге қол созған мақсатыңа
Президент болып халыққа хат жазу
Өнердің тағы бір құдіреті Ботасыз қалған нарды жұбатқан күй
Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра Сілтеме
Сайысымыздың жоспарымен таныстыру
"тапқыр болсаң, талас жоқ" танымдық сайыс
Пәндер