Ашық сұрақ

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Ф. А. Бахтибаева Оқу ісінің орынбасары: С. О. Абдраимова

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

№84 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектеп

Тақырыбы: Сындарлы оқытуда дарынды және талантты балалармен жұмыс.

Орындаған: Тарих пәнінің мұғалімі Айдарқұлова А. Р

Жаңаталап- 2013 жыл

Сабақтың эпиграфы: Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында айтқандай:

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажетҚазақстанды дамыған

50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім»

Тақырыбы
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.
Тақырыбы: Сілтеме
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырыбы: Жалпы мақсаттар
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.: Оқушылардың дарындылық және таланттылық көзін ашу, табиғи саласын анықтау, оқыту арқылы олардың дарындылық қабілеттерін дамыту, көшбасшы дайындау. Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу.
Тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.:
  • талантты және дарынды оқушылардың бір бағытқа ғана бағытталмағандығын ескеру;
  • неге қызығатындығына көңіл бөлу;
  • дарынды оқушыларды орта буынға келгенде таңдап алып, бағдарламаға ғана тоқталмай, жан - жақты қалыптастыру
Тақырыбы: Міндеттері
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.:

есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

ойлау қабілеттінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

мәселені шешу : олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.

шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды

Тақырыбы: Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.:

- Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау

- Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

- Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру

-Дарынды оқушыларға берілетін тапсырмаларды күрделендіру \

Тақырыбы: Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.: Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық музыкалық және басқа таланаттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Тақырыбы: Талантты немесе дарынды оқушылардың қасиеттері
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.:

Дарынды әншінің қасиеттері: әнге құштар, зейінді, белсенді, икемді, қиялшыл, ізденімпаз, сезімтал, ортаға бейімді, арқалы.

Дарынды спортшының бойындағы қасиеттері: денсаулығы мықты, қызығушылығы жоғары, ынта жігерлі, жеңіске жетуде төзімді, сабырлы, өзін ерекше ұстайды, ашушаң, қызу қанды, оқуға ынтасы аз.

Гуманитарлық саладағы ерекшеліктері: есте сақтау қабілеті жоғары, қызуғышылығы жоғары ұзаққа созылады, олар ақпаратты біліп қана қоймай өз тәжірбиесінде пайдаланады, ойы ұшқыр, сөзі өткір, саяси, мәдени оқиға ойлайды және талқылауда мұқият орындайды, пікірін еркін жеткізе алады, өлең шығарады, әңгіме, ой толғау, мақалалар жазуда ерекшеленеді.

Дарынды суретшінің қасиеттері: әсершіл, сезімтал, жан дүниесі нәзік, тұйық, төзімді, табанды еңбекқор, байқампаз, қиялы жүйрік, шығармашылық шаттығы кең.

Тақырыбы: Тапсырмалар
Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.:

1) Экрандағы суретке қарап сұрақтар қоя білу. Ол сұрақтар ашық сұрақ, жабық сұрақ болуы керек .

Мысалы: Қашан? Кім? Қайда? Не? Не ойлайсың?

- жабық сұрақтар

Неге? Қалай? Не үшін? Неліктен? Неге олай ойлайсың? Қалай білесің? Оған себебің бар ма? Сенімді бола аласың ба? Мұның басқа жолы бар ма? - ашық


Ұқсас жұмыстар
НАТУРАЛ САНДАР ЖӘНЕ НӨЛ САНЫ
Постер маркер мин
Шаңырағым - шаттығым жайлы ақпарат
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Диалогтік оқыту туралы іс-әрекетті зерттеу
Оқушыларға ашық сұрақтарды қою арқылы олардың ауыз екі сөйдеуін дамыту
Күнтізбелік жоспар 8 сынып дүние жүзі тарихы
Қазақстан Респубилкасының Мемлекеттік рәміздері
Ашық тұқымды өсімдіктер
Менің отбасым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz