Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алғашқы сабақ

Жидебаева Маржан,

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласындағы

13 бастауыш мектеп мұғалімі.
Білім күні
Алғашқы сабақ

(2-сынып)

Тақырыбы: Саламатты Қазақстан:
«Дені саудың – жаны сау»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларға денсаулықтың адам өмірі үшін өте қажет екенін, оны
сақтау жолдары туралы түсінік беру, әңгімелеу.
Дамытушылық:Денсаулығы мықты адамның қоғамға қажеттігі туралы
түсініктерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дені сау, рухы мықты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, тірек сызбасы сызылған плакаттар.
Әдістер: сұрақ-жауап, ойын «Қайсысы артық?»
Сабақтың жүру барысы:
Оқытушы:
Балалар, сіздерге бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей білімділік пен ізгілікті
бойымызға дарыта берейік. Білімді адам қор болмайды. Өзінің болашағын
ойлаған мемлекет бірінші кезекте балалардың қамын ойлайды. Білімді болып
өсуіне жағдай жасайды. «Білімдіге дүние жарық», «Білім – адам баласының
ортақ қазынасы» деген нақыл сөздер бар. Ал білімділік, даналық, тапқырлық
адам бойына бірден пайда болмайды. Ол үшін оқу керек. Ал оқып білім алу
үшін ең алдымен денсаулық керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға
бағытталған жолдауында «Ел ертеңін ойлау қажет, халықты сауатты да
салауатты өмірге бағыттауымыз керек», - деп тегін айтпаған. Әрбір адам өз
денсаулығына жауапты түрде қарау қажет. Олай болса мына сұраққа жауап
беріңдерші.
- Дені сау, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін
адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (ребус шешу) Шешуі:
Денсаулық
(Тақтаға «Денсаулық» сөзі жазылады, оқушылар өз ойларын сызба түрінде
көрсетеді.)
Мысалы:

Табиғи күш Тазалық

Денсаулық
Дұрыс және сапалы Спортпен шұғылдану
тамақтану
Оқытушы:
- Табиғи күш, олар қандай күштер?
Оқушылар:
- Табиғи күш дегеніміз: күн, таза ауа, су. Олардың денсаулыққа тигізер
пайдасы мол.
Оқытушы: - Денені шынықтырудың маңызы қандай?
Өздеріңіз спорттың қай түрін ұнатып, айналысасыңдар? (Оқушылардың
жауаптары)
- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
(тағамдардың адам денсаулығына пайдасы мен зиянын салыстыру. Сүт пен сыра,
алма мен конфет, т.б.) (Оқушылардың жауаптары)
- Жеке бас тазалығы деген не?
- Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары нелер?
- Тазалықты сүймейтін баланы қалай атайды?
(Оқушылардың жауаптары)
Ойын: «Қайсысы артық?»
Қорытынды:
- Бүгін сабақта қандай тақырыпта әңгімелестік?
- Дені сау, адамгершілігі жоғары азамат болу үшін қандай жақсы әдеттерді
бойымызға қалыптастыру керек?
- Қандай зиянды әдеттен сақ болу керек?
- Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіздер?
Оқытушы: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір»
деген нақыл сөз бар. Сабақтың соңында сіздерге айтарым: Дені сау, білімді,
батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.

№13 бастауыш мектеп

Білім күні
Алғашқы сабақ
Тақырыбы: Саламатты Қазақстан:
«Дені саудың – жаны сау»

Өткізген: 2 «Б» сынып жетекшісі Жидебаева М.

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Асептик және антисептик шаралары
Жобалай оқыту технологиялары
Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысы
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
Сабақтың мақсаты. Сабақ барысы
Алғашқы қоңырау. Ашық сабақ
Алғашқы функция және интеграл - тарауына есептер шығару
Суйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Оқушылардың жол - көлік оқиғасы кезінде өздерін ұстай білу ережелері
Пәндер