Химиялық реакциялардың типтері: қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың типтері»

Өткізген: химия пәнінің мұғалімі А. У. Сергазиева

2011 - 2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакциялардың типтері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: Тестілік тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Тесттер, оқушыны бағалау парағы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім түсіндірмесі. Балалар, өздерің қалаған түстеріңді таңдап, сол түс белгіленген партаға отырамыз.

А - сары Б - қызыл

Әр топта бір жетекші, баяндамашы материалға жауап беруші, хронометр міндетін атқарушы оқушы бекітіледі. Топ болып жұмыс жасайтын болғандықтан әр топ мүшесі қатысуы тиіс.

II. Ой қозғау

1. Химиялық реакция дегеніміз не?

2. Химиялық реакцияның белгілері.

3. Химиялық реакциялардың қандай типтері бар?

ІІІ. Білімді қорытындылау және жүйеге түсіру.

Тапсырма 1. Реакция типіне анықтаманың сәйкестігін көрсетіңіздер

Қосылу Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар

(атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы

арқылы жүретін реакция.

Айырылу Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір

күрделі затқа айналуы

Орынбасу Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы.

Алмасу Күрделі заттың құрамындағы бір элемент

атомының орнын басқа жай заттың атомы

басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы

реакция.

Тапсырма 2. Реакцияның белгісін табыңыз

Қосылу реакциясы

1. Бірнеше жай заттар түзіледі.

2. Бір ғана жай зат түзіледі.

3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.

4. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.

Айырылу реакциясы

1. Бір жай және күрделі зат қатысады.

2. Бір ғана жай зат қатыса алады.

3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады.

4. Бірнеше күрделі зат қатыса алады.

Орынбасу реакциясы

1. Екі жай зат түзіледі.

2. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.

3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.

4. Бір жай және бір күрделі зат түзіледі.

Алмасу реакциясы

1 . Бір жай және күрделі зат қатысады.

2. Бір ғана жай зат қатыса алады.

3. Бір ғана күрделі зат қатыса алады.

4. Екі күрделі зат қатыса алады.

Тапсырма 3. Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.

Реакцияның сипаттамасы: Реакцияның сипаттамасы
Айырылу реакциясы: Айырылу реакциясы
Қосылу реакциясы: Қосылу реакциясы
Реакцияның сипаттамасы:

Бір жаңа зат түзіледі

Бір реагент

Бірнеше жаңа зат түзіледі

Бірнеше реагент

Айырылу реакциясы:

1

3

5

7

Қосылу реакциясы:

2

4

6

8

Mr (Н 2 О) =

Тапсырма 4. Реакцияның типін, өнімдердің формуласын анықтап, реакцияны теңестіріңіз:

І. H 3 РO 4 + KOH → K 3 РO 4 + H 2 O

А) орынбасу

Ә) қосылу

Б) алмасу

В) айырылу

ІІ. (CuOH) 2 + CO 2 →CuO + H 2 O + CO 2

А) орынбасу

Ә) қосылу

Б) алмасу

В) айырылу

III. SO 2 + Аl 2 O 3 → Аl 2 (SO 3 ) 3

А) орынбасу

Ә) қосылу

Б) алмасу

В) айырылу

IV. Zn + Pb (NO 3 ) 2 → Zn (NO 3 ) 2 + Pb

А) орынбасу

Ә) қосылу

Б) алмасу

В) айырылу

Тапсырма 5. Типіне сәйкес реакцияны анықтап, реакцияны аяқтаңыз.

Алмасу реакциясы

А) H 2 + O 2

Ә) Na + H 2 O

Б) C + O 2

В) AgNO 3 + HCl

Орынбасу реакциясы:

А) H 2 SO 4 +Zn →

Ә) Fe(OH) 3

Б) Cu(OH) 2

В) MgO + HCL→

Айырылу реакциясы:

А) Na 2 O + H 2 SO 4

Ә) K 2 CO 3 + HCL →

Б) MgCO 3

В) Al + HCl →

Г) MgO + CO 2

Қосылу реакциясы:

А) Fe(OH) 3

Ә) SO 2 + O 2

Б) CuO + HCl →

В) CuO + HNO 3

Тапсырма 6. Мына заттардың алынуларына мысалдар келтіріңдер

А) ZnCl 2 қосылу реакциясы

Ә) ZnCl 2 орынбасу реакциясы

Б) СО 2 айырылу реакциясы

В) ZnCl 2 алмасу реакциясы

Тапсырма 7. Қай реакция типі? Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу
Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу және алмасу (сабақ жоспары)
8-сынып химия пәні сабағының әдістемелік талдауы: Химиялық реакциялардың типтері (интерактивті тақтамен)
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Химиялық реакциялардың типтері (Үсенова Әлия, №3 мектеп-интернаты)
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және термохимиялық теңдеулер
Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу
Химиялық реакциялардың жылу эффекті: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
Физикалық және химиялық құбылыстар: химиялық реакциялардың анықтамасы, белгілері және жүру шарттары
Химиялық реакциялардың жіктелуі: 10-сыныпқа арналған Lesson Study зерттеу сабағы және оқыту-бағалау әдістері
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz