Кестені толтыру

сабақ жоспары

Пән аты : Информатика

Сабақтың тақырыбы: MS Excel кестелік процессорында

графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

Сабақтың мақсаты: MS Excel бағдарламасында графиктер мен диаграммаларды тұрғызуды үйрену

Міндеттері:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту;

б) тәрбиелiк: оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрi: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс : Математика

Сабақтың көрнекiлiгi: ДЭЕМ, МS Exсel бағдарламасы, интерактивті тақта, раздаткалық материал, электронды тест, «MS Excel кестелік процессорында графиктер мен диаграммаларды тұрғызу» тақырыбына презентация.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушыларды құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
  1. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау:

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша үй тапсырмасы тексеріледі:

  1. 4 оқушы компьютерден тест тапсырады;
  2. 4оқушы компьютерде есеп шығарады,
  3. 1 оқушы тақтаның алдында карточкамен жұмыс істейді;
  4. 3 оқушы партада карточкамен жұмыс істейді.
  5. Барлық оқушылар 2 вариантқа бөлініп, «Крестики - нолики» ойынын ойнайды;
  6. Қосымша үйге берілген тапсырманы тексеру үшін, оқушылар тақтада жазылып тұрған көптеген функциялардың ішінен 1-ші варианты статистикалық функцияларды, ал 2-ші варианты математикалық функцияларды табу керек. Бұл тапсырма 3 минут уақытқа беріледі. Оқушылар кезек-кезек шығып, өзінің вариантына сәйкес функцияны табады.
  1. Жаңа сабақты түсiндiру:

Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Бұл сабақтың ерекшелігі - өткен сабақтарда меңгерген білімдерімізді қолдана отырып, өз өмірімізге, күнделікті тіршілігімізге қатысы бар дүниелерді қолданайық. Ол үшін осы сабақ барысында өз ойларымызды, пікірлерімізді, өмір сүру дағдыларымызды ешкімнен қысылмай емін-еркін айтып көрейік. Уақыттан қысылмайық, бұл жұмысымыздың, талдауымыздың келесі сабақтарда әлі жалғасы болады. Бір-бірлерімізбен пікір алысып, талдап та отырайық.

Диаграмма - мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді біз бір күнге тамаққа жұмсаған шығынымызды есептейік.

1 мысал

Жанұяның бір күндік шығыны

:
Атауы: Атауы
Мөлшері: Мөлшері
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Бағасы: Бағасы
Суммасы: Суммасы
1 аптада: 1 аптада
1 айда: 1 айда
: 1
Атауы: нан
Мөлшері: 0, 3
Өлшем бірлігі: кг
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:
: 2
Атауы: секер
Мөлшері: 0, 05
Өлшем бірлігі: кг
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:
: 3
Атауы: май
Мөлшері: 0, 03
Өлшем бірлігі: кг
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:
: 4
Атауы: ет
Мөлшері: 0, 2
Өлшем бірлігі: кг
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:
: 5
Атауы: сүт
Мөлшері: 0, 5
Өлшем бірлігі: л
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:
: Барлығы
Атауы:
Мөлшері:
Өлшем бірлігі:
Бағасы:
Суммасы:
1 аптада:
1 айда:

Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік. Сендер маған « Microsoft Exсel көмегімен диаграмманы құру алгоритімі» конспект арқылы көмектесіп отырыңдар.

1) Кестені толтыру

2) Диаграмманы құру үшін ұяшықтар аймағын белгілейміз.

2) Диаграмма шебері батырмасын табу немесе Қою ( Вставка) -> Диаграмма

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:

3) Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид (түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру ( Просмотр результата ) батырмасы басулы күйде қарауға болады.

4) Диаграмма құрудың екінші қадамы - мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.

5) Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.

6) Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі - жеке бетке орналастыру, екіншісі - кесте тұрған бетке қатар орналастыру.

Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

7) Құрған диаграмманы формула ретінде қарауға болады. Егер кестеге өзгертулерді енгізетін болсақ, онда диаграмма өзгереді. Дайын диаграмма таңдауға және өзгертуге болатын бірнеше элементтерден тұрады. Таңдалған элемент маркерлермен белгіленеді.

8) Маркердің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басып, контексті меню арқылы Формат командасын таңдап, диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге болады

2 Мысал:

0, 5 қадаммен [- 3 ; 3] аралығындағы y1= x 2 и y2= x 3 функцияның графигін тұрғызу

Тапсырманы орындау алгоритімі:

1. Кестені толтырамыз:

2. Кестені белгілеп, диаграмманың Точечная типін таңдаймыз

3. Точечная диаграммасының керекті форматын таңдаймыз.

4. Макетте диаграмманың атын көрсету

Раздаткалық материал

ВАРИАНТ 1

0, 3 қадаммен [- 3 ; 3] аралығында y1= x 2 -1, y2= x 2+1, y=К·(y1/ y2) функция графиктерін тұрғызу

ВАРИАНТ 2

Функция y1= 2^x и y2= (1/2) ^х, аралық [- 3 ; 3] , қадам 0, 5.

ВАРИАНТ 3

Функция y1=x^(-1/2) , y2=x^(1/2), аралық [- 0, 5 ; 9], қадам0, 5.

ВАРИАНТ 4

Функция y1=x^(-3), y2=3/x, аралық [- 5 ; -0, 5], қадам 0, 5.

ВАРИАНТ 5

Функция y1=-2/x, y2=2/x, аралық [0, 5 ; 5], қадам 0, 5.

4. Жаңа сабақты пысықтап бекiту, қорытындылау:

1) «Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:

Ойынның сұрақтары:

1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.

2. Аңыз не үшін қажет?

3. Диаграмма осьтері.

4. Тақырып не үшін қолданылады?

5. Диаграмма типтерін атаңдар.

6. Диаграмма элементтері.

(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс. )

2) Activote құрылғыларымен тест өткізу.

5. Оқушылар білімін бағалау:

Оқушылардың жауаптары мен белсенділіктеріне, жұмыс орындау қорытындыларына, тест және карточкалар бойынша бағалау парағына баға қойылады.

6. Үй тапсырмасы MS Excel кестелік процессорында графиктер мен диаграммаларды тұрғызу тақырыбын қайталау.

Үй жұмысын тексеру

  1. Тест

Ұқсас жұмыстар
Бос орын стратегиясы
Сабақтың білім
Баған қосу жолдары
Сабақтың атауы. Сабақтың мақсаты
Салқын судың алған жылу
Батыс Қазақстан. 9 сынып
Миуалы ағаш. мұхаметжан етекбаев
Кесте тапсырмасы
Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген
Функцияның кестемен берілуіне есеп шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz