Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мамандық таңдау мәні

«Опорный орта мектебі»
География пәні мұғалімі
М.Ш.Юханова

Күні: 19.10.2012жыл.
Тақырыбы: «Ақылмен таңдау».
Сыныбы: 8 «А», «Б».
Сабақтың мақсаты:
А) мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.
Ә) өзін – өзі тану аймағын кеңейту.
Б) мамандық әлемінен ақпараттарды алу.
Сабақ түрі: пікірсайыс.
Әдіс – тәсілі: әңгіме.
Көрнекілігі: плакаттар, қосымша материалдар, сызба.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2. Өткен тақырыпты қайталау.
Іскерлік белсенділіктің циклдері. Инфляция.
Сұрақтар:
1. Циклдік жұмыссыздық анықтамасы?
2. Қазақстан экономикасы іскерлік белсенділіктің қай сатысында тұр?
3. Инфляцияның мәні?
4. Инфляция түрлері?
3. Өткен тақырыпты қорытындылау және жаңа тақырыппен байланыстыру.
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Мамандық таңдау мәні.
2. Мектеп және жұмыс.
3. Адам мамандық адам (пікірсайыс)
1. Мамандық таңдау мәні.

Үлкендердің сендерге қоюды ұнататын сұрақтары бар. Мысалы, «Өскенде
кім болғың келеді?» - деп сұрайды. Енді сіздер дүниенің бұрын ойлағаннан
гөрі күрделірек екенін білесіз. Лайықты мамандық таңдау өз қолыңызда.
Түйіннің кілті – тап өзіңіз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – сіздің болашақ
мамандығыңыз жөніндегі мәселелерді қалыптастыруға және ықыласыңыз ауған
қызмет салаларын анықтауға көмектесу. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,
олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан
біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық
таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта біздер осы маңызды
тақырыптарға тоқталамыз.
Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.
Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан
өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдаудан оқушылар
белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау»
еңбегінен де ақыл – кеңестер алуына болады. Автор «Мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын
мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш
сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Жеке өмірге
қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып
табылады.
Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы
келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып
жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдау – моральдық мәселе. Сондықтан
әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі
көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.

Сондай – ақ енді – енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға
қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.

2. Мектеп және жұмыс.
Мамандық таңдауды анықтау тәсілдерінің бірі сіздің мектептегі
үлгеріміңізге негізделген. Өзіңізді қызықтыратын пәндерге ерекше көңіл
бөліңіз. Егер мектепте қандай да бір пән ұнап, оны қиындықсыз меңгерсеңіз,
осы пәнді білуді қажет ететін мамандыққа ой тіреудің мәні бар. Айталық, сіз
математика ерекше мықтысыз. Онда өз уақытыңызды осы пәнді білуді қажет
қылатын мамандықтарды зерделеуге арнаңыз.
3. Адам мамандық адам (пікірсайыс)
1. Менен сұрақ, сенен жауап.
1) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2) Сен ол мамандық туралы не білесің?
3) Мамандық таңдамауының себебі неде?
4) Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5) Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6) Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
7) Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
2. Ең жақсы ойыны.
Ең ақшасы көп (банк қызметкері, экономист)
Ең жасыл (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші)
Ең тәтті (аспаз, кондитер)
Ең күлкілі (клоун, карикатурашы)
Ең жауапты (сот, бухгалтер)
Ең салмақты (мұғалім, заңгер)
Ең қарым – қатынасы күшті (бизнесмен)
3. Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары.
Елбасы жарлығымен 2011 жыл «Қазақстан Тәуелсіздігің 20 жылдығы» деп
жарияланды. Мерей-тойдың ұраны: «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20
жылы». Ол мемлекетіміздің жаңа тарихындағы жарқын оқиға болмақ. Осы
Тәуелдсіздігіміз тұғыры мықты болу үшін сендер өз үлестеріңді
ұосуларың керек, 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға
лайықты мамандық иесі болуларың керек. Тапшы мамандықтар: аниматор,
витражист, декоратор, интерьер дизайнер, клипмейкер, колорист, грим
жасаушы.
4. Жағдаяттық сұрақтар.
1) Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата – анаң
қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2) Ата – анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған
ұнамады. Сен ата – анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
5. Бұл кім?
Мен мамандық атауларын атаймын, сендер оқушылар ішінен сай келетін
оқушыларды табамыз және себебін айтамыз.
5.Қорытындылау.
Әбунасыр әл Фараби «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола
бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып
шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің
мақсатымыз болып табылады» деген. Сіздер мамандықты жүрек қалауы бойынша
таңдауларыңыз керек. Өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына
тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда
ғана бақытты болады. Ал жүрегі қалаған мамандық иелері көп қиындықтарға
кездеседі.
6. Үйге тапсырма: «Менің мамандығым, оның бүгіні мен болашағы» өз ойларын
жазу.
7. Бағалау.

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Сабақ жоспары

Пәні: экономика

Өткізген: М.Юханова

2012 – 2013 оқу жылы
-----------------------
Маман болу үшін

Икем

Қабілет

Мінез

Мамандық таңдау

Қоғам сұранысы

Тұлғаның қабілеті

Адам мамандық адам

Ұқсас жұмыстар
Береке бастауы-тынымсыз еңбек
Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы
Арманның қажеттілігі
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру
Мамандығым - мерейім. 9 сынып
Тәрбие сағат тақырыбы
Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау
Мамандық тандау жолы
Пәндер