Сабақтың түрі. Сабақтың тақырыбы

№ 1 САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

І БЛОК «Мақсаттылық»

Пәні:

Өзін-өзі тану

Мамандығы:
Тобы:
Күні:
Пәні:Өзін-өзі тану: Сабақтың тақырыбы:
Мамандығы:: Табиғатпен табиғи байланысым
Пәні:Өзін-өзі тану: Сабақтың типі:
Мамандығы:: Аралас сабақ
Пәні:Өзін-өзі тану: Сабақтың түрі:
Мамандығы:: Лабораториялық
Пәні:Өзін-өзі тану:

Сабақтың мақсаты:

Мамандығы:: Білімділік:
Тобы:: Табиғатты, қоршаған ортаны бағалау, қорғау, қастерлеуге баулу; Адамның өз әрекеті үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру; Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігін түсінуіне әсер ету.
Пәні:Өзін-өзі тану: Тәрбиелік:
Мамандығы:: Аймақтың экологиялық мәселелерін шешуде өз үлесін қосуға даяр болу сезімін дамыту; Келер ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалуға ұмтылысын дамыту; өз ойын дәйектей алуға, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру;
Пәні:Өзін-өзі тану: Дамытушылық:
Мамандығы:: Оқушылардың жан-жақты рухани, адамгершілік дамуын дамыту, өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болудағы қасиеттерін қалыптастыру; коммуникативті құзіреттілігі мен қайтарымды байланыстарды ұштастыру, өзгені тыңдай білу, сыйлау дағдыларына тәрбиелеу.
Пәні:Өзін-өзі тану: Кәсібилік
Мамандығы:: Кәсіби интегративтік қасиеттерін және іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігіне үйрету; әдістемелік шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту; интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік дағдыларын дамыту.
Пәні:Өзін-өзі тану:

Күтілетін нәтижелер:

Мамандығы:: Базалық:
Тобы::
  • «Табиғат», «қоршаған орта» ұғымдарының анықтамасын, құндылықтарын;
  • Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі туралы түсінікті;
  • Даналық, ұлағатты сөздердің мәнін аша біледі;
  • Күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алуды, азаматтық ұстанымын көрсете алады.
Пәні:Өзін-өзі тану: Кәсіптік:
Мамандығы::
  • Жеке тұлғаның рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету жолдарын біледі;
  • Тәжірибе жинақтау барысында тақырып бойынша өз ойын өмірмен байланыстырып, дәйектей алады;
Пәні:Өзін-өзі тану: Пәнаралық байланыс:
Мамандығы:: Психология, тәрбие жұмысының әдістемесі, экология негіздерімен т. б
Пәні:Өзін-өзі тану: ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Пәні:Өзін-өзі тану: Көрнекі құралдар
Мамандығы:: Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттер, слайдтар, мәтіндер жинағы, әңгімелер, өлеңдер, аудио, видеотаспалар т. б.
Пәні:Өзін-өзі тану: Таратпа материалдар
Мамандығы:: №1-10 таратпа материалдар, №1-15педагогикалық жағдаяттар, тапсырмалар жинағы т. б.
Пәні:Өзін-өзі тану: Оқытудың техникалық құралдары
Мамандығы:: Интерактивті тақта, магниттік тақта, теледидар, т. б.
Пәні:Өзін-өзі тану:

Ақпараттық қор

Негізгі: (әдебиеттер)

Мамандығы::

№4 ОӘК

Әдебиеттер тізімі

  1. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 28. 08. 2006ж;
  2. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу бағдарламасы 1 - 11 сыныптар. 2010 ж;
  3. Өзін-өзі тану. Колледж оқытушыларына арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2010 ж;
  4. Өзін-өзі тану. Колледж студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2010 ж;
  5. «Мен - Адаммын» Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы-2000 ж;
Пәні:Өзін-өзі тану: Қосымша: (әдебиеттер)
Мамандығы::

№4 ОӘК

Әдебиеттер тізімі

  1. Успанова «Өзін-өзі бағалау және «Мен» тұжырымдамасы». «Тұмар» баспасы, 2009 ж;
  2. «Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы» Алматы, 2007 ж;
  3. Ф. Оңғарсынова «Дауа» Өлеңдер Алматы: Атамұра, 2002 ж-288 бет
  4. Мақсымталапқызы Ұ. Экология және ұлт тағдыры «Қазақстан - Zaman» 04. 05. 07ж
  5. Ұ. Асылов. Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы. Алматы: Мектеп, 1987. -383 бет
Пәні:Өзін-өзі тану: Негізгі терминдер мен ұғымдар
Мамандығы:: Проблемалық ситуация (жағдаят), өзін-өзі ұстау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзіндік сана, образ (бейне), креативтілік, міндет, мақсат, имитациялық ойын, жалпылау, дүниетаным, әсемдік, әрекет т. б.
Пәні:Өзін-өзі тану: Сабақтың технологиясы мен әдістері:
Мамандығы:: Дамыта оқыту, өзін-өзі тану технологиясы, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Пәні:Өзін-өзі тану: Оқу - әдістемелік кешен
Мамандығы:: №4 Оқу әдістемелік кешен «Адам өмірінің жарасымы» №16 тақырып

ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»

Сабақтың кезеңдері
Оқыту әдістері
Орындалатын жұмыс мазмұны
Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқыту әдістері: Жылы лебіз айту
Орындалатын жұмыс мазмұны:

- оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- сабақтың тақырыбын хабарлау,

мақсат-міндеттерін қою

Сабақтың кезеңдері: ІІ. Қызығушылықты ояту
Оқыту әдістері:

Шаттық шеңбері

Т. Көпбайдың туған өлке табиғаты мен тынысын мүсіндеген өлең жолдарынан үзінді.

Орындалатын жұмыс мазмұны:

О, Табиғат! Сыйыңды алып үлгердім,

Қадарымша мен де өзіңе тіл бердім.

Мәңгі өлмейтін музыканың тілінде,

Сен сөйледің, сырыңды айттың, түрлендің.

Сыңғырлады қайыңдардың сырғасы,

Тебіренді теңіздердің тұнбасы.

Бала бұлақ күліп ақты еңісте,

Күрсінді тау-ғасырлардың құрдасы.

Секілденіп ойлы жырдың шумағы,

Ормандарым күнге ұмтылып шулады.

Бар табиғат ұлы күйге үн қосып,

Өмір-өзен арнасында тулады.

О, табиғат, сенсің менің жан анам,

Бар тіршілік бір өзіңе қараған.

Өзіңе ұқсап туған едім о баста,

Қалай етсем өзіңе ұқсап қала алам.

Сабақтың кезеңдері: ІІІ. Мағынаны тану
Оқыту әдістері:

Тақырып бойынша ой қорыту

Дәйексөз

Әңгімелесу

Орындалатын жұмыс мазмұны:

Оқытушы «табиғат», «қоршаған орта» ұғымының мәнін ашу мақсатында оқушылардың өз ойы, пікірлерін еркін айтып, талдауына көңіл аударады.

(оқушылар өздерінің осы сабақтан не күтетіндерін жапырақшаларға жазып, тақтадағы үлкен ағаштың түп тамырына жапсырады. )

Оқулықпен жұмыс:

(Оқытушы студенттерге оқу құралында келтірілген «Дүниенің иесі мен жанашыры», «Бақыр басты бала», «Экология және ұлт тағдыры», «Туған жер», «Найзағайлы түн» деген көркем шығарма үзінділерімен танысу арқылы табиғаттың қайталанбас сұлулығын, адамзат тіршілігінің негізі болып табылатын Күн ана, жер ана, ауа мен судың құдіретін сезініп, адамның өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде қабылдайтынымызды, ХХІ ғасырда біздің табиғатқа қарым қатынасымыз қандай, оны қалай қабылдайтынымыз туралы ой, пікірлерін ортаға салу ұсынылады) .

Видеопроектордан «Адам өзінің керемет түстерінде де табиғаттан әсем еш нәрсені көре алмайды» деген ұлағатты сөзі көрсетіледі. Ол сабақтың дәйексөзі ретінде талдаумен жалғастырылады. Берілген дәйексөзді тақырып етіп алынып, өзара пікір алысу ұйымдастырылады.

Сабақтың кезеңдері: ІV. Ой толғаныс кезеңі
Оқыту әдістері:

Шығармашылық әрекет

1-тапсырма

2-тапсырма

Орындалатын жұмыс мазмұны:

«Табиғат поэзиясы»

Оқу құралында берілген мәтіндер мазмұны бойынша әр бөлімге қандай атау берер едіңіздер? (О. Бөкей, В. Ф. Михайлов, Ж. Нәжімеденов т. б. ) Ойланып көріңіздер.

Әрбір студентке синквейн өлең жазу тапсырылады. Өлеңде табиғаттың әсемдігі мен өзіңіздің көңіл күйіңізді білдіріңіздер.

Тапсырманың мақсаты: өлең жолдары арқылы студенттердің көркем, бейнелі ойлау іскерліктерін қалыптастыру,

Оқытушы «Синквейн» жанрына түсінік береді. «Синквейн» деген сөз француз тіліндн «бес жол» дегенді білдіреді. Бұл өлеңді жазудың өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Бірінші жолда бір сөз болады, ол әдетте зат есім немесе есімдік және ол сөз әңгіме болатын объект немесе затты білдіруі тиіс.
  2. Екінші жолда екі сөз болады, олар синквейн үшін алынған затты немесе объектіні сипаттайтын сын есім болады.
  3. Үшінші жолда объектіге немесе затқа тән қимылды, әрекетті білдіретін үш етістік болуы тиіс.
  4. Төртінші жолда синквейндегі объект немесе затқа автордың өзінің қарым қатынасын білдіретін төрт сөз болуы керек.
  5. Ал бесінші жолда сол объектінің мәнін, маңызын сипаттайтын жалғыз ғана сөз болады.

Мысалы: Қайың

Аппақ, нәзік

Билейді, мойнын созып

Тәрізді мұнарланған ақша бұлттар

Арманым

Сабақтың кезеңдері:
Оқыту әдістері: Сергіту жаттығуы
Орындалатын жұмыс мазмұны:

«Шөп сияқты . . . »

Студенттер шеңбер жасап отырады. Студентердің біреуі өз тілегі бойынша шеңберден шығады да, басқалардың даыстары естілмейтіндей жерге барып тұрады. Бұл кезде топ қай студентті жасыратынын келіседі де, алғашқы студент шеңберге қайтадан келіп қосылады.

Шеңбердегі студенттердің міндеті жасырылған студентті кезекпен сипаттап шығуы керек. Ал сипаттама поэтикалық болуы, астарлы мәнді болуы тиіс. Салыстыру үшін, мысалы өздерін қоршаған табиғаттағы нәрселерді, құбылыстарды алуға болады. Сипаттамалар адамның мінез құлқына, сырт келбетіне, киіміне ұқсас болуы керек. «Жасырылған» адамның өзі де өзіне сипаттама береді, бірақ алғашқы студенттке білдірмеуі тиіс. Жұмбақтың шешімі табылған соң, ол шеңберден шығады, ал топ жаңа бір ойыншыны жасырады.

Сабақтың кезеңдері:
Оқыту әдістері: Рефлексия
Орындалатын жұмыс мазмұны:

- оқушылардың пікірі, алған әсерлері туралы ой бөліседі

- оқушылар өздерінің осы сабақтан не күтетіндерін жазған жапырақшаларын алып, тақтадағы үлкен ағаштың бөрікбасына жапсырады

Сабақтың кезеңдері:
Оқыту

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Қай түзу перпендикуляр түзу
Қазақстан тарихы. 9-сынып
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
§1. Еуропа елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz