Ән-саз пәнінің сабақ жоспары: Наурыз - жыл басы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің ән - саз пәні мұғалімі

Райымберді Нұрнияз Бектұрғанұлы

Сабақтың тақырыбы : «Наурыз - жыл басы»

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділігі: оқушыларға наурыз туралы түсінік беру, ән үйрету.

2. Тәрбиелігі: оқушыларға рухани - адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылығы: наурыз мейрамына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі : баян, домбыра, үн таспа, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақ

3. Ән үйрену.

4. Музыка тыңдау.

5 . Қорытындылау.

Жаңа сабақ:

Оқушыларға ортақ сұрақ: «Наруыз » сөзін қалай түсінеміз? Оқушылар сұраққа жауап береді.

Наурыз- шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы. Бұл-күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп аттап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 нен 22 сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса, «нұр жауды, туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Бұл күні адамдар бір бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір бірімен кездескенде:

Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!- деп құттықтайды.

( 14 наурыз күннін өзім түсіндіріп өтемін) Аспаптар және ұлттық ойындар туралы айтып өтемін.

Музыка тыңдау: К. Ыбырайұлының «Наурыз» әннін тыңдау.

Маңғыстаулық Көмек Ыбырайұлы балалар ақыны, сазгер, бірнеше ән -күйлердің авторы.

Әрі көптеген балаларға арналған кітаптардың авторы. Атап өтетін болсақ «Апа, туған күніңмен», «Көжек», «Аспаптар сөйлейді», «Ақ кеме» т. б

Ән үйрену: К. Ыбырайұлының «Наурыз» әннін жаттау. Хормен айту.

«Наурыз» авторы: К. Ыбырайұлы.

1. Наурыз келді тағы да құшақтап гүлін.

Құтты болсын мереке, той сәні бүгін.

Құтты болсын жаңа жылым,

Думандасын дала қырым.

Жетсін, жетсін алысқа үнім.

Қ-сы: Уа, халайық, ән салайық, биге басалық.

Нұр жайнасын жанарлар да, қарттар жасарып .

Құтты болсын жаңа жылым, думандасын дала қырым,

Жетсін, жетсін алысқа үнім!

2. Әр ошақта жағалық бақыттың шамын,

Қарсы алалық бдәріміз жақұт түн таңын.

Қыдыр ата әр үйге енсін,

Жаңа өмірге сәби келсін,

Ұлассын той, той бола берсін.

Қ-сы: Уа, халайық, ән салайық, биге басалық.

Нұр жайнасын жанарлар да, қарттар жасарып .

Қыдыр ата әр үйге енсін жаңа өмірге сәби келсін,

Ұлассын той, той бола берсін!

Қорытындылау

Үйге тапсырма: әнді жаттау. Әр топ бүгінгі өткен сабақ бойынша ой толғау жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Наурыз - жыл басы, көктем және ұлттық дәстүрлер
Наурыз - жыл басы: балаларға арналған тәрбиелік-тағылымдық сабақ жоспары
Наурыз - жыл басы: мектеп сабағының сценарийі мен салт-дәстүрлері
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Наурыз - жыл басы өлеңі бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта өткізілетін ертегілік сабақ: Заттың қимылын білдіретін сөздер және қазақша жыл атаулары (Наурыз - жыл басы)
Наурыз - жыл басы: Ақжігіт орта мектебі мектеп алдындағы даярлық тобының ертеңгілігі
Наурыз - жыл басы: №44 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптарына арналған тәрбие сағаты
Үштөбе қаласы №97 балабақшасының 2011 жылғы Жыл басы Наурыз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Қызылорда қаласы №101 орта мектебі 6 «Д» сынып тәрбие сағаты: Жыл басы - Наурыз
Наурыз - жыл басы: Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей 7 А сыныбының мерекелік сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz