Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алғыр ұландар

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс жұмыс.

«Тәуелсіз елдің танымы мол ұландары» интеллектуалдық олимпиада

5 - сынып

Математика пәнінің мұғалімі: Нүсіпалиева Р.К.

2011-2012 оқу жылы

Белбасар ауылы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің танымы мол ұландары» интеллектуалдық олимпиада.

Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға
дейінгі білім беруді дамытудың бағдарламасын басшылыққа ала
отырып, оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзіреттілігін
дамыту.
2. Дамытушылық: ҚР Президентінің Жарлығымен 2011 жылдың
тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жариялануына байланысты
оқушылардың тәуелсіздік туралы дүниетанымын, ойлауын, ойды
жүйелеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау қасиетін, өз
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу машығын, өзіне деген
сенімділікті жетілдіру. Биік рухты, отаншыл болуға тәрбиелеу.

Түрі: Интеллектуалдық турнир

Типі: Ойын түрінде

Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер,
суреттер

Барысы:

1-жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Бұл қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі күн бағдарлы жоспарында.
2-жүргізуші: Болашақ білім, ғылым тұтқасында
Мұны әркез, әркім есте ұстасында.
Заманның компьютердей кезеңінде
Математика тағы тұр көш басында.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді көрермендер, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 5 сынып оқушылары арсында өтетін «Тәуелсіз елдің
танымы мол ұландары» атты интеллектуалдық олимпиаданы
бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Ойын 3-негізгі кезеңнен тұрады.
І-тур. «Алғыр ұландар»
ІІ-тур. «Ежелден дана халықпыз»
ІІІ-тур. «Білімді ұрпақ»
IV-тур. «Тәуелсіздік танымы».
1-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.
Әділқазылар алқасының төрағасы _____________________
Мүшелері _________________________________________

_______________________________________________________________________
_______________________________
2-жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік, ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен,-дей отырып, топтардың
таныстыруына кезек берейік.
1-жүргізуші: Бағдарлап, сауалыңды, тұрған алда,
Жауабыңды айтылатын дұрыс таңда.
Ақыл-ойың жеткізер мұратыңа,
Жеңіске жетер жарқын жолдан танба, деп, ойыншыларымызға ақ
жол тілеп, ойнымызды бастайық.
2-жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен.
Ойынымыздың 1-туры «Алғыр ұландар» деп аталады. Ойыншыларға
4 сурет ұсынылады. Бұл бөлімде көрсетілген сөздердің ішінде
біреуі басқа тақырыпқа тиісті болады, сол сөзді алып тастау
керек. Артық сөзді қағазға жазып екі топ бірдей көтереді.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

аонт
жре
азң
ілт

атаелңб
атасан
ут
нгми

тзақаты
рбіклі
оыдқст
ытулқат

отан
жер
заң
тіл

елтаңба
астана
ту
гимн

азаттық
бірлік
достық
татулық

рықпа
ранқы
ұжлызд
аңыақшр

кіерікнд
стбодықан
тықатаз
дықшылұлт

зұдыжл
нкү
ақрны
юо

пырақ
қыран
жұлдыз
шаңырақ

еркіндік
бостандық
азаттық
ұлтшылдық

жұлдыз
күн
қыран
ою

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі туры «Ежелден дана халықпыз» деп
аталады. Оқушылар күн сәулесін ашу арқылы сұраққа жауап
береді. Сұрақтар қазақ халқының даналығымен, салт
дәстүрімен, ертегісімен байланысты болады.

10 ұпайлық сұрақтар

1. Үш пар ат 30 км шапса, әр пар ат неше км шабады (30)
2. Ертегіде кездесетін үш басты айдахардың неше көзі, неше мұрны
болған? (6 көзі 3 мұрыны)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4. (9)

20 ұпайлық сұрақтар

1. Биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан қазақ математигі кім? (Жәутіков)
2. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған
шығыстың ғұламаы кім? (Әл – Фараби)
3. Мақалды жалғастыр «Білекті бірді жығады,...» (білімді мыңды жығады)
4. Мақалды жалғастыр «Бір тал кессең,...» (он тал ек)

30 ұпайлық сұрақтар

1. Әсем «Менің Қазаұстаным» поезына басынан есептегенде 7 вагонға
отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Екеуі
бір вагонға мінген екен. Поезда неше вагон болған? (13)
2. Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай
айда кездеседі? (Барлық)
3. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)
4. Атам, әжем, ағаммен.
Әкем, інім және мен, анам және енесі
Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.
Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің? (11адам)

2-жүргізуші: Ойынымыздың 3-туры «Білімді ұрпақ» деп аталады. Ойыншылар
ребустарды шешеді. Бірінші шешкен топ орнынан тұрып, жауап
беруі тиіс. Бағалануы-10 балл.

1-жүргізуші: Ойынымыздың 4-туры «Тәуелсіздік танымы» деп аталады.
Ойыншылар кубикті лақтырып, түскен жылға байланысты болған
ерекше оқиғаларды айтады.
2-жүргізуші: Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тарасса
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Ендеше, Әділқазылар шешімін, ойынның қорытындысын
тыңдайық.
1-жүргізуші: Алдыңызды жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар.
Күтеді, бізді жарқын күндер әлі.
Осымен, ойынымыз аяқталды. Сау-саламат болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Күз еліне саяхат мерекелік шара
Тіл сөзіне мақал құрастыру
Жеті атаңды ата
Алға, Ұландар
Құрметті көрермендер және ұландар
Өнерлі бала- елдің көркі байқауы
Жас ұланға қабылдау бағдарламасы
Етістік. 3 сынып
Елін сүйген- Елбасы Елбасы туралы
ТУҒАН ТІЛІМ
Пәндер