Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Графикалық редактордың сурет салу құралдары. Paint графикалық редакторы

Ақтөбе облысы,
Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі

Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және
ашу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға редакторда үзінділермен жұмыс жасай
білуді
меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын

орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін
дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру,
нәтиже
алуға және уақытты үнемдеуге
дағдыландыру, ақпараттық
мәдениеттілікке, компьютерлік
сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ойын элементі бар практикум әдісі
Сабақтың формасы: Жеке -дара және топтық
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, интерактивті
тақта
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. «Үй тапсырмасын тексеру»
айлағы
3. «Жаңа сабақ» айлағы.
4. «Сабақты бекіту» айлағы
5. Демалыс сәті
6. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Қатысымды тексеру.
3. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
2. Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Графикалық редактор дегеніміз не?
4.Пиксель дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. Раіnt графиктік редакторы. Құрал-саймандар тақтасы.
Палитра.
Сурет салу, сақтау және ашу.
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>
Графический редактор Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен
жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып,
терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын
жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен
болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру
жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі
координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕНДЕРІ
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда
мынандай құрал-саймандар бар:
— суреттің ерікті аймағын белгілеу;
1. суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
2. суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
— тұйық контурды құю;
3. суреттен түс таңдау;
— экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
— жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
— ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
— түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
— мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін
атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы
шақырылады);
— түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
4. қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз,
содан
кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын
басып жылжыту арқылы орындалады);
тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін
құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты
жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.
— салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

Палитра.
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа
(түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс
индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы
таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі
түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш
және эллипс тандалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін.
Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту
керек.

Сурет салу тәсілдері.
Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет болса,
сызықтар калыңдьғын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режімді,
мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып,
сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаріп, оның өлшемі және
басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

Меню.
Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға
болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы
терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін
көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін
ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру
режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу
буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы
аймағы) болады.
ІV. Сабақты бекіту.
І. Компьютермен тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі:

В деңгейі:

С деңгейі:

ІІ. Өзіңді тексер:
1. “Paint” сөзі ағылшынның тілінен қалай аударылады?
А) жобалау
В) оқу, кітап
С) сурет, сурет салу
Д) музыка, ән салу
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) кішкене төртбұрыштардан
В) нүктелерден
С) сызықтардан
Д) символдардан
3. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 20
С) 30
Д) қанша керек болса да
4. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) қарапайым және түрлі түсті
В) қарапайым дәне күрделі
С) стандарттық және стандарттық емес
Д) жұмсақ және қатты
5. Paint редакторында неше құрал-саймандар бар?
А) 10
В) 12
С) 15
Д) 16
6. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау – Барлық командалар - Стандарттық – Paint
В) Бастау – Стандарттық – Paint
С) Менің құжаттарым – Менің суреттерім - Paint
Д) Жұмыс үстелі – Қоржын - Paint
7. Терезенің үлкен бөлігі бос кеңістік қалай аталады?
А) сурет салу алаңы
В) палитра
С) терезенің атауы
Д) құрал-саймандар жиыны.
ІІІ. Бекіту сұрақтары.
Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Сурет салу әдістері қалай орындалады?
Түстер палитрасының қызметі қандай?
Меню жолының қызметі қандай?

V. Үйге тапсырма. §14. Сурет салу, сақтау және ашу.

§ 15. Графикалық редактордың сурет салу
құралдары.
VІ. Бағалау.

-----------------------
Тақырып жолы

Меню жолы

Құралдар жиыны

Сурет салу алаңы

Түстер палитрасы ы

Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторында сурет салу. Практикалық сабақ
Редактордың командалары
Paint гарфикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары. 7 сынып
Графикалық редактордың сурет салу құралдары. 5-сынып
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Ашу командасы
Paint сурет салу редакторы
Мәтіндік редакторда
Пәндер