Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе

Пән аты: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Пішін және басқару элементтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі : Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру .
Сабaқтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту. «Жуан және жіңішке» сұрақтар
- Бас мәзір дегеніміз не?
- Бас мәзірдің қатарын айт
- Проектілер терезесі дегеніміз не?
- Visual Basic ортасының бөліктерін түсіндір?
- New парағын түсіндір?
- Existing парағын түсіндір?
- Recent парағын түсіндір?
- Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
- Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
- Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
- Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Маңынаны тану.
Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма форма конструкторы терезесінде орналасады. Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жеріне шығатынын көрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады.
Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады.
Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:
- Бас менюден View-Object командасын орындау арқылы;
- Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
- Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы
Visual Basic ортасының Комоненттер панелінде келесі элементтер орналасқан:
- Pointer- панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.
- Label- текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.
- Frame- формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.
- CheckBox- формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.
- ComboBox- формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.
- HscrollBar- формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
- Timer- формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент
- DirListBox- формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.
- Shape- формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент
- Image-формаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.
- OLE- Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент.
- PictureBox-формаға графиктік өріс шығаратын компонент.
- TextBox- формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
- CommandButton- формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент.
- OptionButton- формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент
- ListBox- формаға бірнеше қатарлардан тұратн жазулар тізімін шығаратын компонент
- VscrollBar- формаға тік айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
- DriveListBox- формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент
- FileListBox- формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент
- Line- формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
- Data- формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент.
Бұлардан басқа элементтер панеліне Project-Components командасын орындағанда немесе курсорды компоненттер панеліне апарып оң жақ батырманы басып, контексті мәзірден Components қатарын таңдағанда шығатын үш парақтан тұратын Components терезесінен компонентті белгілеу арқылы қосымша объектілер ендіруге болады.
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады. Проектідегі кез-келген объект белгіленген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеден белгіленген объектінің әртүрлі қасиеттерін таңдап орнатуға болады. Мысалы: объектіге ат беру, түсін өзгерту, шрифтер орнату, экранда көрінбейтін ету т. б.
Егер экранда Қасиеттер терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады:
- Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;
- Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы;
- F4 функциональды клавишын басу арқылы;
Форма және онда орнатылған компоненттер объектілер деп аталады. Олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары болады.
Visual Basic-те пайдаланушының басты міндеті болып объектілерге қасиеттер мен әдістерді дұрыс таңдай білу мен код терезесінде оқиғаларды өңдеу процедураларын жазу болып табылады. Visual Basic объектілерінің өзіне тәнқасиеттерімен қатар көптеген ортақ қасиеттері де болады. Қасиеттер терезесінде олардың ортақ қасиеттерін бірнеше объектілерді бірден белгілеу арқылы орнатуға болады. Төменде келтірілген Form объектісінің кейбір қасиеттері басқа объектілерге де тән.
Name - формаға ат қою, программалық кодта Visual Basic объектіні осы ат арқылы таниды, сондықтан объектіге аттар ағылшынша қойған дұрыс.
Backcolor - форманың фонының түсін орнату түс мәндерін System немесе Palett тізімдерінен таңдауға болады.
Bolderstyle - форма жиегінің стильдерін орнату
Caption - форманың тақырыбын жазу
ControlBox - форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау
Font - шрифт түрлерін орнату
Forecolor-формаға Print әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді.
Height, Top, Left, Width - форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қасиеттер.
Пайдаланушының әрбір орындаған іс-әрекеті белгілі бір оқиғаны шақырады. VB-те әр оқиғаның өз аты болады, мысалы:
Initialize қосымшаны іске қосқанда пайда болады;
Load - қосымша жүктеліп жатқанда пайда болады;
Resize - қосымша жүктеліп болғаннан кейін пайда болады;
Deactivate - форма екпінсіз күйге өткенде пайда болады;
Activate - формаға екпінді күйге өткенде пайда болады;
Unload-форманы жапқанда пайда болады;
Terminate - форма жабылғаннан кейін пайда болады;
Change - текстік алаңға клавиатурадан символ енгізген сайын пайда болады;
Click - объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын шеріп, қайта жібергенде пайда болады;
Dbiclick - объектінің үсітне курсорды апарып тышқан құрылғысының батырмасын екі рет шерткенде ғана пайда болады
gotFocus - объект фокусқа кірген сәтте пайда болады;
LostFocus-объект фокустан шыққан сәтте пайда болады;
Paint - сурет салу
keyPress - объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басқан сәтте пайда болады;
keyUp - объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басып қайта жібергенде пайда болады;
MouseMove - объектінің үстіне курсорды апарғанда пайда болады;
MouseUp - объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез-келген батырмасын шертіп, қайта жіберген пайда болады;
MouseDown- объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез келген батырмасын шерткен сәтте пайда болады.
Ой толғаныс:
«Семантикалық карта»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz