Кеңес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы : Өмірге әнмен сән берген -Кеңес Дүйсекеев

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды сазгер өмірімен және

шығармашылығымен таныстыру

Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тындай білуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілік : Оқулық, суреттер

Сабақтың барысы :

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж. ) . Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж. ) . 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық - талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т. б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол - “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова, т. б. әншілер орындап жүр.

Жұбайы - Дүйсекеева Баян Кеңесқызы (1947 ж. т. ), республикалық медициналық училищесі педагогы. Ұлы - Дүйсекеев Нұркен Кеңесұлы (1976 ж. т. ) . Немерелері - Дүйсекеев Дәурен Нұркенұлы (2001 ж. т. ), Дүйсекеев Дінмұхамед Нұркенұлы (2008 ж. т. ) .

Бағалау : Оқушыларға тиісті бағасын қою.

Қортындылау:


Ұқсас жұмыстар
Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың өмірі мен ерлігі
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби шығармашылығы
Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы
Әлем әдебиетінің алыбы Мұхтар Әуезов: өмірі мен шығармашылығы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы: сабақ жоспары
3-сынып: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz