Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шақырылған қонақтар
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Отбасы-ұлағат ұясы
Сыныбы: 5 б
Сынып жетекшісі : Зинуллина П.А
2013-2014 оқу жылы
Келісемін :
Тәрбие ісінің орынбасары : Рысқалиева Ф
Тақырыбы: Отбасы- ұлағат ұясы
Мақсаты:
Білімділік: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз
отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас
ұстазы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ата-ананы , үлкенді сыйлау туралы ой-өрісін
дамыту.
Тәрбиелік: оқушылар бойында ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру,
үлкенді құрметтеуге, ойлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сахнаны әртүрлі гүлдер, шарлармен безендіру, «Отбасы-ұлағат ұясы»
сөзін жазу, мультимедиа арқылы слайдтар көрсету: мұғалімдердің отбасы
және «Отбасы күні» презентациясы
Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, кездесу түрінде
Жүру барысы:
Мұғалім:
Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы
өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған
тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта,
бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін
айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да,
жаманға бейім болатыны баршамызға аян.
Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.
Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Ұлы ғалым , философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұдан шығатын
қорытынды: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер
етпек.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және оқушылар !
5 б сынып оқушыларының «Отбасы – ұлағат ұясы» атты ашық тәрбие
сағатына қош келіпсіздер!
Шақырылған қонақтар:
1. Орыс тілі пән мұғалімі – Гумарова Рысқаным Дүйсенғалиқызы
2. Математика пәнінің мұғалімі Абулкаримова Орынай Каримқызы
3. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайырова Гүлжан Өтеуішқызы
4. Шет тілі пән мұғалімі Аташева Гүлжауһар Николайқызы
5. Немере тәрбиелеп отырған Назымбек ата және Айсұлу әжеміз.
- Би «Саржайлау» орындайтын сынып қыздары Аругүл, Дана, Зира
Мұғалім:
1. Тақырыбымыз отбасы туралы болғандықтан сынып оқушыларының отбасы,
туыстық атауларға қатысты мақал-мәтелдерді , ұлағатты сөздерді
білетінін көрейік. (Оқушылар мақал-мәтел, ұлағатты сөздерін
оқиды)
2. Отбасы және туыстық атауларға арналған өлең жолдарын, шумақтарын
тыңдап көрелік. (оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
- «Үнді биі» орындайтын сыныбымыздың қыздары
3. «Менің отбасым » тақырыбында оқушылардың үй тапсырмасы ретінде
жазып келген эсселерін тыңдап көрелік. (оқушылар дайындап алып
келген эсселерін оқиды)
Мұғалім:
Ата-ана алдындағы әдептілік баланың бармақтай кезінен бойына табиғи
дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-ананы сыйлау- елді сыйлау. Ата-әжесін
құрметтеу – өмірді құрметтеумен пара-пар.
Ендігі кезекті бүгінгі шарамыздың қонақтары ұстаздарымызға, яғни
екінші аналарымызға сөз береміз. Бұл қонақтарымыз биылдан бастап
сыныпқа сабақ беріп келеді , олармен және олардың отбасымен
жақынырақ танысу мақсатында сынып оқушыларының қалауы еді. Олай
болса, алдымен қонақтарды өмірбаяндарымен таныстырып өтелік. (слайд
арқылы көрсетіледі)

Оқушылардың қонақтарға деген сұрақтары және жауаптары.
- Ортада сынып ұлдарының КВН тамашаланады.
Ата-аналарға сұрақ :
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс
деп санайсыз?
2. Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не қажет деп
білесіз?
4. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай деп ойлайсыз?
Мұғалім:
«Ана- сая болар бағың болса,
Әке-асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!
Ана- жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана- шуақ шашатын таң екенсің,
Ана – өмір, ана – бақыт, ана- жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
- дей келе әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?
Мұғалім : Сынып оқушыларының қонақтарға деген шағын сыйлықтарын
қабыл алыңыздар.
- «Шығыс биін» қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Отбасы- қоғамның ең кіші бөлщегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген
ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды, ата-ананың берген тәлім – тәрбиесінің орнын еш
нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің
перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың
мәдениеттілігінің , адамшылығының белгісі.
Ата-ананың үміт – арманы - баласы, яғни мына сіздерсіздер !
Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін ақтау ,
отбасындағы сыйластықты жалғастыру мына сіздердің , біздердің
міндеттеріміз деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz