Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың мемл

Сабақтың тақырыбы: Орыстың Үлкен театры
Мақсаты: Балаларды Үлкен театрмен таныстыру,оның еліміз театр өнеріне
әсері.
а) тәрбиелігі:  оқушыларға жалпы түсінік беру.
б) білімділігі: оқушылардың білімдерін жетілдіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер ,плакаттар

Сабақтың барысы:

Үлкен театр, Ресейдің Үлкен театры — дүние жүзіне танымал алдыңғы қатарлы
опера және балет театры, Ресейдің ұлттық музыкалы театр мәдениетінің ең ірі
ошағы.
Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен,
кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен
байланысты болды.
1953 ж. Үлкен театрдың әншісі Г.Ф. Большаков гастрольдік сапармен Қазақтың
мемл. академ. опера және балет театры сахнасында өнер көрсетті. Сондай-ақ
1958, 1966 ж. қазақ әншілері Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Үлкен театр
труппасының құрамында Пуччинидің “Чио-Чио-Сан”, Чайковскийдің “Евгений
Онегин”, “Иоланта” операларында басты партияларды орындады. Мәскеу қ-нда
Қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-онкүндігін өткізу алдында Үлкен театрдың
дирижері Б.Э. Хайкин, реж. Г.П. Ансимов пен хормейстер А.Б. Хазанов Алматы
қ-на келіп, өз тұсынан өнер шеберлеріне көп көмек берді. Соның нәтижесінде
Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры опералар (мыс., А.Жұбанов
пен Л.Хамиди, “Абай”, М.Төлебаев, “Біржан — Сара”) мен балеттерін (В.В.
Великанов, “Қамбар — Назым”) Үлкен театрдың сахнасында қойып, мәскеулік
көрермендердің зор құрметіне бөленді. 1969 жылдан қазақстандық өнер шебері
Ф.Мансұров Үлкен театрда дирижерлік етті. 1978 ж. Алматы қаласына
гастрольдік сапармен келген Үлкен театрдың шығарм. ұжымы ең таңдаулы
опералары мен балеттерін көрсетсе, ал Қазақтың мемл. академ. опера және
балет театры Мәскеу қаласындағы Үлкен театрдың сахнасынан өз спектакльдерін
(Жұбанов пен Хамиди, “Абай”; Төлебаев, “Біржан — Сара”; Е.Г. Брусиловский,
“Дударай”, Ғ.А. Жұбанова, “Еңлік — Кебек”; А.Серкебаев, “Ақсақ құлан”)
қойды. Үлкен театрдың өнер шеберлері И.К. Архипова, И.С. Козловский, А.П.
Огнивцев, М.М. Плисецкая, Н.Д. Шпиллер, т.б. қазақ әріптестерінің сахналық
өнер шеберлігіне жоғары баға берді. 1924 жылдан Үлкен театрдың екі сахнасы
— негізгі және бөлімшесі бар. Үлкен театрдың ғимараты Мәскеу қ-ндағы аса
сәулетті салынған архит. құрылыстар қатарынан орын алады. Театр үйі 2155
кісілік 5 ярусты көрермендер залынан тұрады. Залдың ұзындығы соңғы қатардың
қабырғасынан оркестрге дейін 25 м, ені 26,3 м, биікт. 21 м болса, сахна
порталы 20,5 17,8 м-ді құрайды, сахнаның алдыңғы жағынан түпкі қабырғасына
дейін 23,5 м-ге жетеді. Үлкен театрда мерекелік салтанатты жиындар, мемл.
және қоғамдық, т.б. мәдениет пен өнер күндеріне арналған әр алуан шаралар
өкізіліп тұрады.

Бағалау:
Қорытындылау:
Үйге тапсырма:

Ұқсас жұмыстар
«білімді оқушы» атты білім бәйгесі
Ортақ ұпайы
Xvіі- xvііі ғасырлардағы қытай
Қасым аманжолов «ақын өлімі туралы аңыз»
Жерінің көбі тау
Елтанбасының авторы
Астана әлемнің жаңа ғажайыбы
Сабақтың типтері
Танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал ететін технологиялар
Қазақтың дастарқаны. Бастауыш пен баяндауыш. (6 орыс сынып)
Пәндер