Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қара жәшік

“Не? Қайда? Қашан?” танымдық ойыны.
8 – 11 кластар аралығында.

Мақсаты: Оқушылардың білімін, зердесін, дүние танымын және ой ұшқырлығын
байқау, сонымен қатар танымдық ойын арқылы әрі қарай дамыту.

Көрнекілігі: дөңгелек үстел, қара жәшік, ойынға қажетті құралдар.

Ойын барысы:

1. Бұл сөзді ағылшын тілінен аударғанда “бейне” дегенді білдіреді.
Көбінесе адамның сыртқы түрінің тартымдылығы ескеріледі. Қазіргі
уақытта “бейне ” жасау жөнінде арнайы мамандар бар. Бұл сөз қалай
аталады және маманды қалай атайды? Жауабы: Имидж, имиджмейкер.
2. Табиғат пен қоғам дамуының заңдары туралы анықталған білім жүйесі
қалай аталады? Жауабы: Ғылым.
3. Бұл түсті қазақ атамыз назды көңіл-күй білдірумен бірге, ақыл-
парасаттың, түпсіз мұңның, сағыныштың белгісі ретінде ұғынған.
Жауабы: Сары.
4. Бұл түс – бақытты жастық шақ пен ерке көктем белгісі. Бұл түс
мейірімділік белгісін, сезім тереңдігін білдіреді.

Жауабы: Жасыл.
5. Англияда 1891 жылы футбол маманы айып алаңында қорғану үшін ереже
бұзған жақтың қақпасына айып добын соғу туралы ұсыныс жасайды. Бұл
ұсынысты тастаған футбол маманының есімімен осы айып добын соғу
аталады. Ол қалай аталады? Жауабы: Пенальти
6. Тримерлі молекуладан құралған элементтің бірі. Оның молекуласындағы
әрбір көміртегі атомы көршілес атомдармен берік жалғасады, сондықтан
ол қатты болады. Ол өте қатты болғандықтан, шыныны кесіп, тасты тесе
алады. Ол қыздырғанда бүлінбейді: суда да, қышқылда да, тіпті
органикалық еріткіштерде – спирт пен бензинде де ерімейді.

Жауабы: Алмаз.
7. Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей, белдеспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей. - деген өлең жолдарының авторы
кім? Жауабы: М. Мақатаев
8. Қарлығаш неге аузын ашып ұшады?
Жауабы: Шыбын-шіркей аулайды.
9. Жер жүзін топан су қаптағанда Мұса пайғамбар өз кемесіне қанша
жануарды салып алған?

Жауабы: Ешқандай, өйткені кемеге жануарларды салып алған Мұса
пайғамбар емес, Нұх пайғамбар.
10. Сізде жаңғыз тал шырпы бар. Сіз қараңғы үйге кірдіңіз. Онда май шам,
керосин шамы және ошақта құрғақ отын қалаулы тұр. Қайсысын бірінші
жағасыз? Жауабы: шырпыны.
11. Кейбір айда 31 күн бар, кейбірінде 30 күн бар, ал қанша айда 28 күн
бар? Жауабы: Барлық айда.
12. Дәурен үйіңнен шығып, есік алдыңдағы шалшық суды аттап өтті де,
мектепке бағыт алды. Жолда бағдаршамға тоқтап, машиналарды өткізіп
жіберді. Сөйтіп аман-есен мектебіне де жетті. Дәуреннің аман-есен
мектепке жетуіне не көмектесті?
Жауабы:Жүйке жүйесі.
13. Ағаштар өседі, көбейеді, өледі. Күн шығады, батады. Аспанды бұлт
торлайды, найзағай ойнайды, жауын-шашын болады, күн күркірейді.
Табиғаттың бұндай өзгерістері қалай аталады. Жауабы: Табиғат
құбылыстары.
14. Қазақтарда адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар көп. Екі
жүзді, опасыз, қаскүнем адамды қалай атайды?
Жауабы:
Сұрқылтай.
Қара жәшік.

1. Бұл заттарды адамдар мамандардың кеңесі арқылы қолданады. Оларды жарық
түспейтін қоңыр салқын жерде, ең жақсысы – арнайы жәшікке салып қою
керек. Олардың ұзақ уақыт тұрып қалғанын және белгісіздерін
пайдалануға тиым салынады. (дәрі-дәрмектер)
2.
Бұлар бала өміріне еніп, оның досына, серігіне айналады. Олар баланы
біліммен байытып, оқиғалармен таныстырады, білуге құмарлығын арттырып,
жалпы айтқанда, маңызды тәрбиешілер болады. Біздің елімізде олардың
төменгі, орта және жоғарғы класс оқушыларына арналған көптеген түрлері
бар. (балаларға арналған журналдар)
3.
Бұл метал өңдеуде қолданылатын құрал – жабдық. Қазақтарда оның өте
ертеден келе жатқан атаулары бар, қазіргі таңда оның орысша атауын
қазақшаға икемдеп алған атын көбірек естиміз. Қазақша атауларында
әженің, жылқының және ауыз ішіндегі 32 маржандай немесе күріштей
сүйектерді қосарлау арқылы бірнеше түрі бар. (кемпірауыз немесе
атауыз)
4.
Бұл затты адамдар күнделікті өмірде қолданып, пайдаланады. Олардың
пайдалану және қолдану аясына қарай неше бір түрлері де болады.
Қазіргі таңда оның сұйық түрлері де қолданыста. Оларды теледидардан
жарнамалап та жатады. Бұл затты ұзақ уақыт пайдаланбай жүру мүмкін
емес. Бұл затты балаларға күнделікті қолдану үшін Ы. Алтынсариннің
және басқа да ақын-жазушылардың осы затты насихаттайтын шығармаларын
оқыған боларсыңдар. (сабын)

Ұқсас жұмыстар
Мақал сөздер
Суреттерді құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу
Сабақтың кезеңі уақыт. Сабақ жоспары
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың ортасы
Ақпараттың өлшем бірлігі
При помощи быков они пахали землю
Іріктеу турының сұрақтары
Орманды өрттен сақта
Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік құрамы және әлем діндері
Қосуды тексеру
Пәндер