Мектептегі Наурыз мерекесіне арналған концерттік сценарий

Концерт уақытында слайд жүріп жатады

Көңілді күй ырғағымен ортаға жүргізушілертөмендегі өлеңді мәнерлеп шығады

Жүргізуші:

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.

Жүргізуші:

Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,

Наурыз келген, көктем келген екен деп.

Жүргізуші:

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Жүргізуші:

Көргенге қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Жүргізуші: Өзінің ақ бата, игі тілегімен ортаға мектеп басшысы Айгүл Зейноллақызын шақырамыз.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын, ағайын !

Ән «Шақырады көктем»

Салт-дәстүрге байланысты әр сыныптың түсірілген видео-презентациясы

Концертке жиналған қонақтардың (ата-әжелердің) ақ батасы

Ән «Нұрлы көктем»

Жүргізуші:

Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Қошеметтеп ортаға

Наурыз аруыны шақырайық

Әдеби монтаж

Ән «Наурыз тойы»

Би «Қамажай»

Ән «Шашу»

Бейбітшілік биі

Ән «Наурыз-думан»

Көңілді күй ырғағымен дефиле(қазақтың ұлттық киімдері)

Ән «Наурыз»

Жүргізуші: «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, «Қыдыр атадан» бата күтеміз.

Наурыз бата:

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қаңсыған !

Құт-береке кетпесін

Диқан менен малшыдан !

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын!

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Бүлдіршіндер көбейіп,

өркендей берсін жеріміз !

батыр туған ерлермен

көркейе түссін еліміз!

Әумин!

Жүргізуші: Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!

Жүргізуші: Қадірменді халайық,

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен думанымыз аяқталды.

Әр сынып өз мерекелік дастарханға барады.


Ұқсас жұмыстар
Арқалық политехникалық колледжінің Наурыз мерекесіне арналған мерекелік-концерттік бағдарлама: сценарий және тәрбиелік-дамыту мақсаттары
Наурыз мерекесіне арналған колледждік сценарий және тәрбие-танымдық бағдарлама
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты: салт-дәстүрлер, ойындар және сценарий
Наурыз мерекесіне арналған сценарий: дәстүрлер, ұлттық ойындар және мәдени-салтанатты бағдарлама
Ақпараттық технологияларды қолдана өткізілген 8 сыныптың 8 наурыз мерекесіне арналған концерттік өнеге сағаты
Мектептегі Наурыз мерекесі: сценарий, салт-дәстүрлер және тәрбиелік мақсаттар
Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі: мектепішілік 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий және өткізу жоспары
Наурыз мерекесінің концерттік-дәстүрлік сценарийі
Аналар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама және Қыз сыны сайысы
Наурыз мерекесіне арналған информатика пәні сайысының ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz