Молдова Республикасының демографиясы және экономикалық құрылымы

Молдова Республикасы.
Халқы. 4, 5 млн адам. Этникалық құрамы: молдавандар (64%), украиндықтар (14%) , орыстар (12%) . Тығыздығы: 131 адам/км 2 . Орташа жылдық өсім: -1адам 1000 тұрғынға. Жұмыссыздық: 8% (еңбекке қабілетті халықтың ширек бөлігі шекарадан ары елдерде жұмыс істейді) .
Жас мөлшері:
0-14 жас - 23%
15-59 жас - 59%
60 және одан жоғары - 14%
Орта жас: 32 жас, орташа жас ұзақтығы : 67 жас.
Сенімдері: православие 98%, иудаизм 1%
Қала халқы: 42%, ірі қалалары: Кишинев, Тирасполь, Бельцы.
Шаруашылығы.
Экономикасы. Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 459 АҚШ доллары:
ЖІӨ құрылымы:
ауыл шаруашылығы - 28%
өндіріс - 23%
қызмет көрсету саласы - 49%
Ауыл шаруашылығы: өсімдік шаруашылығы (жүзім, жеміс-жидектер, көкеністер) , мал шаруашылығы (қой, доңыз) . Өндірісі: тамақ (жеміс- көкөністі консервті, шарап, қант), электроника, жеңіл өнеркәсіп дамыған.
Сыртқы сауда. Экспорт: 0, 6 млрд АҚШ дол(жан басына 131 дол) . Тамақ өнеркәсібі өнімдері, тігін, машиналар (Ресей 43%, Украина 10%, Италия 8%, Германия, Румыния 7% ) .
Импорт. 1 млрд АҚШ дол. (жан басына 217 дол ) . Минеральды шикізат, отын, машиналар мен құрал - жабдықтар, химиялық тауарлар (Украина 18%, Ресей 15%, Румыния 13 %, Германия 10%, Италия 6%) .