Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қолданылған нақыл сөздер

Шайхина Гүлназира Қажыбайқызы
математика мұғалімі ІІ санасы
КММ «Тайынша қаласы № 2 орта мектебі»
Тайынша қаласы Солтүстік-Қазаөстан облысы

МИФ ойын «Бақытты сәт»
апталық қорытынды ойын сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын
арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер,
әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (мақал-мәтелдер)
5. «Кім жылдам?»
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет
те. (Р.Бэкон)
Кеш барысы.
1-жүр.: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі ойын төрінде
Есеп шешіп жырысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді ойын жасайық
Ғылымдардың ғылымы,
Математика, Информатика, Физика жайында
Сайысты біз бастайқ,
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға квадрат, үшбұрыш топтарын шақырамыз.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
ІІ тур Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
(Әр топ 1 минут ішінде 13сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын
білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
І топқа:
1. Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)
2. Қысымды немен өлшейді? (барометр)
3. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
4. Экранның беті оның тұрағы қашан болса жыпылықтап тұрады.
(курсор)
5. 225 нешенің квадраты (15)
6. Жарты түзу. (сәуле)
7. Дисплейдің басқаша аталуы (монитор)
8. Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп)
9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
10. Ток күшінің немен өлшеді? (Ампер.)
11. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)
12. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
13. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
ІІ топқа:
1. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
2. Терператураны немен өлшейді? (Термометр)
3. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше
стақан бар? (3)
4. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? (тоқ)
5. 35 -тің квадраты (1225)
6. Ең үлкен хорда. (диаметр)
7. Ақпаратты қағазға шығарады, бұл құрылым қалай деп аталады?
(принтер)
8. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
9. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
10. Кернеуі күшінің немен өлшеді? (Вольт.)
11. Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе)
12. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
13. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
ІІІ тур. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
|Алгебра |30 |40 |50 |
|Геометрия |30 |40 |50 |
|Физика |30 |40 |50 |
|Информатика |30 |40 |50 |

Алгебра
«30» Теңдеуді шешіңдер 64 + у = 12 ∙ 8 (32)
«40» Есептеңдер 81∙ (2423 -1879) : 36 (1224)
«50» Ықшамдаңдар(5в-4х)(5в+4х) (25в2-16х2)
Геометрия
«30» Квадратың қабырғасы 15 см-ге тең. Квадраттың периметрді табыңдар. (60
см)
«40» Тік төртбұрыштың ұзындығы 8м, ені одан 2есе кем. Тік төртбұрыштың
ауданын табыңдар. (32м2)
«50» Егер ∠А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
(420; 1380)
Физика
«30» Дененің массасы 127 тонна килограмм арқылы өрнектеңдер. (127 000 кг)
«40» Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай
аралықты өтеді?(4500км)
«50» Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді? (98 Н)
Информатика
«30» 8 гигобайтта қанша мегобайт бар? (8192)
«40» 2910 - екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. (111012)
«50» (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын,
балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған
үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп
алды және қаншаға артық алды?
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық. Қасқыр-100
ІV. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (мақал-мәтелдер)
(әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
V тур. «Кім жылдам?»
Сөздердің әріптерін орындарымен ауыстыру арқылы бүгінгі сабаққа байланысты
сөздерді анықтаңыз.
1. апрцетяи –трапеция
2. терчесвин – винчестер
3. иуфзфидя – диффузия
4. яцооррппи - пропорция
5. иямонотрса - астрономия
6. теринпр - принтер
7. трұбышрөт-төртбұрыш
8. еедңту - теңдеу
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін
рахмет!
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша, Осымен біздің сайыс аяқталды.

1. топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

1. Жеті жұрттың тілін біл,
2. Білекті бірді жығар,
3. Екі жақсы қас болмас,
4. Досыңды үш күн сынама,
5. Бір елі ауызға –
6. Жүз сомың болғанша,
7. Отызтістен шыққан сөз,
8. Білгенің бір тоғыз,
9. Бір кісі қазған құдықтан,

ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
1. Жеті жұрттың тілін біл,
2. Білекті бірді жығар,
3. Екі жақсы қас болмас,
4. Досыңды үш күн сынама,
5. Бір елі ауызға –
6. Жүз сомың болғанша,
7. Отызтістен шыққан сөз,
8. Білгенің бір тоғыз,
9. Бір кісі қазған құдықтан,

Ұқсас жұмыстар
Альфа мен беттаның кезедесуі
Қалған бұрыштарды тап
Саяси мәдениеттің тұрпаттары
Топ сағаты
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Математика және біз сайысы. 5 сынып
Ақсақалдың ақ батасы. Жұп дауыстылар
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері
Төлен Әбдіковтің Қонақтар әңгімесі
Сабақ мақсаттары. Сабақтың тақырыбы
Пәндер