Жарысатын топтар

Сабақтың тақырыбы: Мәдениеттің дамуы:
ғылым және өнер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1945-1960 жылдар аралығындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы, ғылым, әдебиет, өнер, қоғамдық ғылымдардың даму ерекшелігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық : Оқушылардың білім, ғылым, өнерге деген белсенділігін арттыру, топпен жұмыс арқылы олардың бойында ізденгіштік шығарма-шылық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Бірлікке, ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу. Ел тарихына, мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Ізденіс- жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Сөздік, портреттер, сұрақтар салынған конверттер, энциклопедия, тест сұрақтары, куб, әдеби кітаптар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау. Топқа ат қою.
Жарыстың жүргізілу жоспары:
- Бәйге;
- «Ғажайып сұрақтар»;
- Шығармашылық ізденіс;
- Зерттеу жұмысы;
- «Жұлдызды сәт»;
Жарысатын топтар:
- Білім, ғылым.
- Мәдениет, өнер.
Топ жетекшілері ортаға шығып куб айналдыру арқылы жарысқа қатысу ретін анықтайды.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Бәйге (12 сұрақ)
- Тың және тыңайған жерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? (1954 ж. көктемі) .
- Қазақстанның қандай облыстарында тың игеру жүргізілді?( Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай)
- 1954 жылы Қазақстанда жыртылғын жер? (6, 5 млн. ) .
- 1954-1955 жылдары қанша астық алу белгіленді ? (1млрд. 100 млн. - 1млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді) .
- Тың игеру жылдары Қазақстанда қанша жер жыртылды? (25 млн. га ) .
- 1954-1962 жж Қазақстанға қанша адам келді? (2 млн. адам. ) .
- 1954-1956 жж. Қазақстан КП ОК І хатшысы кім болды? ( П. К. Пономаренко) .
- КСРО бойынша тың жер игерілген аймақтар? (Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Қазақстан) .
- Тың және тыңайған жерді игеру туралы қаулы қашан қабылданды? ( 1954 ж. тамыз) .
- Тың игеруге 1954-1959 жылдары қанша қаржы жұмсалды? (20 млрд. сом) .
- 1955 ж. жоспарлы 7, 5 млн. га орнына неше га жер жыртылды? (9, 4 млн. га) .
- 1962 ж. қазақтар республика тұрғындарының неше пайызын құрады? (29%)
ІІІ. Оқушылар тың игерудің тиімді -тиімсіз жағын анықтайды.
Әр топқа парақ беріледі.
І топ
Тиімді жағы.
- Ғасырлар бойы бос жатқан жерлерге жан бітірді.
Дәлел: 1954-55 жылдардың ішінде Қазақстанда 17 млн. 967 мың га жаңа жер игерілді. 1953 жылы республиканың бүкіл егістік жер көлемі 9, 7 млн. га болған болса, 1955 жылы ол 20, 6 млн. га-ға жетті. Тың игерудің басында республиканың егістік жер көлемі екі есеге артты.
- Жаңа совхоздар ұйымдастырылды.
Дәлел: 1954-1958 жылдарда Қазақстанда 337 жаңа совхоз ұйымдас-тырылды. Мемлекет 10 млн 814000 сом жұмсады. Мысалы: Москва жұмысшылары күшімен Солт. Қаз. облысында, Ақмола облысында «Бауманский», Қостанай облысында «Красна пресненский» совхоздары құрылды.
- Шетсіз - шексіз далаға техника салу түрлі жабдық толасыз тасқынмен жіберіліп жатты.
Дәлел: 1953 жылы салыстырғанда 1956 жылы тыңға әкелінген тракторлардың саны 213 %, комбайындар232% артты да, 156 мыңға немесе 4 есе трактор, ал комбайындар 4, 3 есеге көбейді.
- Өндірістік қор молайды.
Дәлел: Өндірістік негізгі қор молайды.
Дәлел : Өндірістік негізгі қор 1953 ж. 276 млн. сомнан 1965 ж. 2, 6 млрд. сомға дейін, 10 еседен астам өсті.
- Тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Автомобиль жолдары төселді.
Дәлел: 1954-1955 жж Қазақстан республикасының тың аймағында 853 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
- Электр жүйелері мен байланыс тораптары пайда болып жатты.
Дәлел: 230 елді мекенде радио, 152 елді мекенде электр желілері тартылды.
- Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің жан- жақты дамуына жол ашты.
Дәлел: 1955-1956 жж селолық жерлерде 17 мәдениет үйлері, 450 клуб, 300 кітапхана, 50 оқу орны, 10 стадион мен спорттық алаңдар салынды.
ІІ топ
Тиімсіз жағы:
- Миллиондаған гектар жерді астық дақылдарын себу үшін жырту жайылымдық жердердің және жем- шөп дайындайтын алқаптардың көлемін тарылтты.
Дәлел: 1954 ж. аралығында барлығы 26 мың 484 мың гектар жер жартылды.
- Мал шаруашылығы орны толмас шығынғы ұшырады. Ауыл шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет, сүт өнімдеуінің тапшылығын туғызды.
Дәлел: Бұл мал өндірісінің Республикадағы 63 мың гектар жайылымның 1 3 тозығы жетті.
3 . Топырақтың, жердің құнарлы қабаты желге ұшты. Эканомикалық тепе- теңдік бұзылды.
Дәлел: Тың игеру жылдарында топырақтың сапалы қыртысы 15-20 %-ға дейін бүлініп, құнарсызданды.
4. Қазақ халқының әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне оның мәдени ерекшеліктеріне нұқсан келтірді.
Дәлел: Қазақстанда қазақтың салт- дәстүріне бірте-бірте орыс дәстүрлері ене бастады.
Мысалы: Той дәстүріне «горько», «шыны сындыру» енді . Қазақтардың жерлеу ғұрпына табытқа салу енді, т. б.
5. Қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді.
Дәлел: Республиканың тың аймағындағы 700 қазақ мектебі орыс мектебіне айналды.
Мысалы: Ақмола қаласында қазақ тілінде не бары, бір мекреп сақталып қалса, Көкшетау қаласында барлық мектеп орыс тіліне көшірілді.
6. Қазақ тілінде шығып тұрған мерзімді баспасөз жабылды.
Дәлел: 1960 ж. басында облыстық, аудандық барлық қазақ газеттері жабылды. Іс- қағаздары, байланыс, телеграф қызметтері орыс тілінде жіберілді.
7. Қазақстанның Солтүстігінде тілдік және демографиялық хал- ахуал өзгерді.
Дәлел: 1952 ж. санақ бойынша қазақтар өз елінде 29% құрады.
Бекіту: оқушылардыңжауабын талдау арқылы жасалады.
ІІ Жаңа сабақ.
Жоспары:
- Ғылым дамуы.
- Көркем әдебиет туындылары.
- Қазақ өнерінің дамуы.
- Мұғалім түсіндіруі.
- Топ бойынша жұмыс (Әр топ өз атына байланысты) «Ғажайып алаң» Торкөздердегі сандар өсу ретіне қарай деңгейлі сұрақтарға жауап беру. (12 сұрақ) .
- Қазақ КСР ҒА қашан құрылды? (1946ж. )
- Қазақ КСР ҒА тұңшыш президенті? (Қ. Сәтбаев) .
- «Абай» роман-эпопеясының авторы? (М. Әуезов) .
- 1958 ж Қазақ КСР ҒА -ның қандай институты ашылды? (Философия және құқық) .
- « Біржан-Сара» операсы қашан алғаш рет қойылды? (1946ж. ) .
- «Космополит» айыбы қай сала ғалымдарына тағылды? (Биология, медицина) .
- Соғыстан кейінгі дәуірде жазылған С. Мұқанов шығармасын ата ? (Сырдария) .
- 1950 жылы ҒА неше ғылыми зеттеу институты болды (16 институт) .
- Ғ. Мұстафин жазған романдар? ( «Шығанақ», «Миллионер») .
- М. Әуезов І дәрежелі Мемілекеттік сыйлықты қай жылы алды және қай еңбегі үшін? (1950 ж. «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін) .
- Интернаттар жүйесі қашан, не үшін құрылды? Онда қанша бала тәрбиеленді? (1950ж 40 бала) .
- Е. Бекмаханов кім? «Қандай еңбектерін білесің? Тарихшы, ғалым. 1943 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихы» авторларының бірі, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясы) .
- Шығармашылық ізденіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz