4-сыныптан 5-сыныпқа өтуге арналған бейімделу тренингі: сабақ жоспары мен жаттығулар

М. Мәметова атындағы № 27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі

Тақырыбы: «Мен 5 - сыныпқа барамын»

Мектеп -лицей психологі: Жумагалиева Ж. С.

Орал 2012

Сабақтың тақырыбы: « Мен 5- сыныпқа барамын».

Сыныбы: 4а

Мақсаты: Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа

даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін

тануға көмектесу. Оқушылардың ой-пікірлерін, жағдаяттарды талдай отырып, өз ойларын еркін айта білуге жетелеу. Жолдастарын тыңдай отырып, қорытынды ой айта білуге дағдыландыру.

Түрі: тренинг

Әдісі: ойын-жаттығу, жағдаяттардан шығу жолдары.

Көрнекілігі: ақ парақ, маркер, майшам, көңіл-күйлер бейнеленген суреттер.

Өту барысы.

  1. Сәлемдесу.
  2. Шағын пікірталас.
  3. Ситуациялық жағдаяттар.
  4. «Көңіл-күй» ойын-жаттығу.
  5. «Үміт хаты» жаттығуы.

6. «Қош бол, кедергілер» жаттығуы.

7. «Майшам» жаттығуы.

  1. Қорытынды.

1. Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгін біз «Мен 5-сыныпқа барамын» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын атомдар мен молекулалар арқылы топқа бөлу. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек.

Сіздер үш топқа бөліндіңіздер. Енді үш топ өздеріңізге берілген тапсырмаларды орындаймыз.

2. Шағын пікірталас.

1-ші топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.

2-ші топ: Алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?

3-ші топ: 5-сыныптың сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?

Содан кейін топтардан бір кісіден шығып өз ой-пікірлерін айтады.

3. Ситуациялық жағдаяттар. Үш топқа жағдаяттар беріледі.

  1. Таңартең сабаққа мамаң шығарып салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың, мамаңа қалай айтасың.
  2. Есеп шығара алмадың, не істейсің?
  3. Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп жауап бересің?

4. «Көңіл-күй » жаттығуы.

Менің алдымда билеттер жатыр, екі топқа билет беріледі. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы топ тауып айту.

  • Сабақта ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.

- Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

- Ә р түрлі жануарлардың даусынан өлең шығару.

5. «Үміт хаты» жаттығуы.

Мақсаты: Сыныптастары туралы ой-пікірлері, қасиеттерін анықтау.

Оқушыларға аттары жазылған парақтар үлестіріледі, осы оқушының қасиеттері туралы жазу тапсырылады.

  1. «Қош бол кедергілер»жаттығуы.

Мақсаты: оқушыларды 5 сыныпқа бару қорқыныш сезімдерінен арылту.

Сіздер 5- сыныпқа барасыздар, қорқыныштарың болады, сол қорқыныштарыңды ақ параққа түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке саламыз. Сөйтіп, қорқыныштарымыздан арыламыз.

7. «Майшам» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың бір-біріне тілектерін білдіру.

Оқушылар менің қолымдағы майшамға назар аударыңыздар. Қазір ол сендердің қолдарыңнан өтеді, сыныптас достарымызға өз тілектерімізді айтамыз. Мен бастаймын, Бақыт 5 сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқып, үлгілі оқушы болуыңды тілеймін.

8. Қорытынды:

Оқушылар сабағымыз аяқтала келді, барлығыңызда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. 5 - сыныпқа барар қадамдарыңызға сәттілік тілеймін, сабақтарыңды тек жақсы оқып, алдағы кездесетін кедергілерден сүрінбей өтеді деп сіздерге сенімімді білдіремін.

Сау болыңыздар.

  • Сабақта ұялып тұрған бала
  • Екі алып жылап тұрған бала
  • Мұғалімге ренжіп тұрған бала
  • «5» алып қуанып тұрған бала
  • Мақтанып тұрған бала.

- Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

- Ә р түрлі жануарлардың даусынан өлең шығару.

1. Таңартең сабаққа мамаң шығарып салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың, мамаңа қалай айтасың.

2. Есеп шығара алмадыңдар, не істейсіңдер?

3. Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп жауап бересің?

1-ші топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.

2-ші топ: Алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?

3-ші топ: 5-сыныптың сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа бейімделу тренингі: әлеуметтік-психологиялық қолдау, өзін-өзі бағалау және коммуникативтік дағдыларды дамыту
Жаңа мамандарға арналған ұжымға бейімделу және танысу тренингі
5-сынып оқушыларына арналған орта буынға бейімделу тренингінің сабақ жоспары
Бақытты отбасы: ата-аналарға арналған тәрбие тренингі және балабақшаға бейімделу ұсыныстары
Информатика әлеміне саяхат: 5-сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Мен елімнің ертеңімін тренингі: шығармашылық қабілеттер мен психикалық процестерін дамыту
4-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Гимнастиканың негізгі элементтері - жеңіл гимнастикалық құралдар мен жаттығулар
Бірінші сыныпқа бейімделу: ата-аналарға арналған психологиялық ұсынымдар
Психологиялық өзін-өзі реттеу тренингі: мақсаттар, міндеттер және практикалық жаттығулар
4 б сыныбына арналған ашық сабақ жоспары - Дене тәрбиесі: Акробатикалық жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz