6Б сыныбына арналған ашық сабақ: машина тігістерін жасау

№ 5 орта мектебі

Бекітілді:

24. 10. 12 ж.

(Ашық сабақ)

Машина тігістерін жасау

Сыныбы : 6Б

Өткізген: Арзықұл Жәмила Нұрболатқызы.

Шалқар қаласы

2012 - 2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерін жасау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік) машина тігістерін тіге білуге үйрету. Тәрбиелік) іскерлікке, ұқыптылыққа, еңбекті сүюге баулу. Дамытушылық) алған білімдерін пайдалана білуге ықпал ету, тағамдарын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас ойын сабақ

Көрнекілігі: карточка, схема, дайын бұйым, интерактивті тақта

Технология: СТО

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу

Сабаққа дайындығын тексеру

2. Өткен сабақты қайталау:

Оқушыларды екі топқа бөлу: Шеберлер және өнерлілер деп ат қою.

  1. тапсырма: тест карточкаларымен жұмыс. Екі топқа да сұрақтан карточкалар таратылады, оқушылар осы тест сұрақтарына жауап жазады, дайын топ жауаптарын айтуға болады.
  2. тапсырма: жорға ойынын ойнаймыз, тақтадағы сандарды таңдап артындағы сұрақтарға жауап жазу.
  3. тапсырма: жұмбақ жасыру, екі топ бір біріне жұмбақтар айтып жасыру.

3. Жаңа сабақ

5 - сыныпта қол және машина тігістерін естеріңе түсіріңдер. Кез келген бұйымды дайындағанда, қол тігістері мен машина тігістерінің түрлерін қолданасыңдар. Бөлшектерді қосу қиықтарда өңдеу мен бұйымдарды сәндеу жұмыстары әр түрлі тігістер арқылы жүзеге асады. Тігістің түрін матаға және бұймның пайдалануына байланысты таңдайды. Сәнді тігістерден басқаның барлығын матаның түсіне сәйкес жіппн тігеді. Тігістің ені біркелкі болады. Тігіс кезінде матаны тартуға немесе итеруге, мыжғылауңға болмайды. Тігіс түзу болуы қажет, тігістерді айыра немесе жатқыза үтіктеу қажет.

Машина тігістерінің түрлері

Тігіс түрі
Операция
Қолданылуы
Сызбасы
Шртты белгісі
Тігіс түрі: Қайып тігу
Операция: Қайып тігу
Қолданылуы: Екі бөлшекті бір біріне біріктіру
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Жабық қиықты бастыра тігу
Операция: Басытра тігу
Қолданылуы: Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолмен біріктіру
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Әдіптеу
Операция: Әдіптеп тігу
Қолданылуы: Бөлшектерді біріктіріп соңында қайыру
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Ашық қиықты жөрмеп тігу
Операция: Жөндеу
Қолданылуы: Бөлшектің шетін өңдеу
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Жабық қиықты жөрмеп тігу
Операция: Жөрмеу
Қолданылуы: Бөлшектің шетін өңдеу
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Ашық қиықты жөрмеп тігу
Операция: Жапсыра тігіс
Қолданылуы: Сетінемейтін киімдерде қолданылады
Сызбасы:
Шртты белгісі:
Тігіс түрі: Айырып тігу
Операция: Айырып тігу
Қолданылуы: Үтіктелмейтін бөлшектерді тігу
Сызбасы:
Шртты белгісі:

Машина тігістері

Қайып тігу Әдіптеп тігу Жапсырма тігіс Жөрмеу Жөрмеу

Бастыра тігу Айырып тігу

4. Сарамандық жұмыс

Оқушылар тігіс түрлерін тігіп жаттыгады, екі топтан бір-бір оқушыдан шығып тігістің тігілуін тігіп көрсетеді .

5. Сабақты бекіту

Сұрақтар беру:

1. Тігіс түрлерін ата?

2. Қайып тігу қалай тігіледі?

3. Бастыра тігу қалай тігіледі?

4. Тігілген тігіс қандай болу керек?

5. Жапсырма тігіс қай кезде қолданылады?

6. Айырып тігу қай жерде қолданылады?

6. Қорытындылау:сөзқұрақ құрастыру

Қ Ж А Р Ү К

Т И П М Е Н

У Ы І Ө Й Ш

Осы берілген әріптерден өткен сабағымызға байланысты тігіс аттары мен керекті құрал - жабдықтар аттарын құрастыру керек.

7. Бағалау. Екі топтың жауаптарына қарай бағаланады.

8. Үйге тапсырма: тігістерді тігу, құрал - жабдықтарды әкелу.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып: Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы және машина тігістерін жасау
Машина жасау технологиясының негіздері: сабақ жоспары
6 а сыныбына арналған Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау сабақ жоспары
Дина Нұрпейісованың Әсем қоңыр күйі: домбыра сыныбына арналған ашық сабақ
Машина бөлшектері: ашық сабақ (Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, А-131, Байқоңыр Космос колледжі, 2015)
Фетр матасынан әшекей бұйымдар жасау: 6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар және Қазақстандағы машина жасауды орналастыру факторлары
Музыкадағы динамикалық белгілерді оқыту: домбыра сыныбына арналған ашық сабақ жоспары
6б сыныпқа арналған бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер бойынша сабақ жоспары
PowerPoint бағдарламасымен презентация жасау: 10 «Б» сыныпқа арналған ашық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz