Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Математикадан ауызша жаттығулар

Математикадан ауызша жаттығулар.
Ф.Х. Дюсенова
№2 Ақсу орта мектебінің мұғалімі
Білімді игерудегі мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың машықтануын,
сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
Мұғалім дербес ойлап әрекет жасай алатын жас ұрпқты баулуы тиіс.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамытуды әр түрлі әдіс – тәсілдермен
шешуге болады. Ауызша есептеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – сол тиімді
тәсілдердің бірі.
Математиканы оқытуда есептер оқушылардың математикалық ой – өрісінің
дамуы, оқытудың мақсаты әрі құралы болып табылады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, оларда
есептеуге деген қызығушылық тудырады. Осындай жұмыстар кезінде оқушылардың
есте сақтау қабілеті артады, математикалық тілі жетіледі.
Ауызша жаттығулар арқылы мұғалім шектеулі уақытты тиімді пайдаланып,
сапалы, әрі көлемі жағынан көп жұмыс жасап, оқушылардың жаңа оқу
материалдарын меңгеруге дайындығын және қандай мәселеге көбірек көңіл бөлу
керектігін анықтай алады.
Ауызша жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалану сабақтың
нәтижелігі мен сапасын арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Мұғалім оқушылар қызығып, өз еріктерімен шығаратын ауызша есептерді
таңдау керек. Мұндай есептер оқушының сабақта жоғары белсенді ойлау
әрекетінің сақталуын және өз ісіне ынтасының нығаюын қамтамасыз етеді.
5 – сынып оқушыларына «Процент. Берілген санның процентін табу» тақырыбы
бойынша жүргізілген кейбір ауызша жаттығуларды мысал ретінде ұсынамын.
1. Процентпен өрнекте:
0,84; 1,28; ; 0,063
2. Жай және ондық бөлшектермен өрнекте:
17%, 405%, 74%, 38%, 131%, 2,7%
3. 30 – дың , 700-дің – ін, 60-тың 0,2-ін тап.
4. Төмендегі сандардың жүзден бір бөлігін есептеңдер:
1) 200; 700; 600; 3000; 75000; 50000.
2) 450; 807; 476; 560; 907; 360.
5. Келесі сандардың бір процентін табыңдар:
1) 300; 900; 500; 7000; 37000; 17000.
2) 790; 204; 530; 635; 980; 732.
6. Процентін тап:
1) 40-тың 30%-ін; 300-дің 5%-ін; 20-ның 80%-ін.
2) 200-дің 20%-ін; 90-ның 30%-ін; 20-ның 40%-ін.
3) 600-дің 12%-ін; 800-дің 8%-ін; 400-дің 25%-ін.
7. Санның 50% - і, 25% - і,10%-і оның қандай бөлігін құрайды?
8. Оқушылар мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды. Олардың 80%-і алма
ағашы болса, онда оқушылар қанша түп алма ағашын отырғызады?
9. 1080-тың 30%-ін; 700 –тың 60%-ін есепте.
Сабақтың барысында өткізілетін ауызша жаттығулар оқушыларды бірден
жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы керек. Сабақтың ортасында, балалар
жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, ауызша есептеулер
оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады. Жаңа оқу материалдарын
оқушылардың қаншлықты меңгергенін бақылау және бағалау үшін сабақтың
соңында да ауызша есептерді шығаруға болады.

Ақмола облысы.
Степногорск қаласы.

Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақтар
Логикалық есептер
Есептер шығару
Білімдерін тексеру
Көрсеткіштік функцияның анықтамасы
Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар
Математика пәні мұғалімі
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Физмка математика журналдары
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы. 6-сынып
Пәндер